VIІІ. Босану актісі ағымының күнделігі
І босану кезеңі
Сағат 19: 00 де толғағы басталды. Толғағы 19:00-23:00 арасында 10 минутта 2 рет әлсіз( 20-25 секунд), 23:00-ден бастап 10 минутта 3 рет орташа (30-35 секунд) толғақ болды. Жатыр мойнының ашылуы 21:00-де 2 см, ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі 5/5. Келесі қынаптық тексеру 03:00-де жатыр мойнының ашылуы 6 см, ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі 5/4. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 130/90 мм.с.б. Пульс минутына 85 рет. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 170 рет. 03:00-де қағанақ суы кетті. Бірінші кезеңнің ұзақтығы 10 сағат.
ІІ босану кезеңі
ІІ кезең.Жатыр мойны толық ашылған. Күшену айқын. 05:00- де ұрық басының кіші жамбас қуысына түсуі 5/0. 05:00-де күшену болды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 130/90 мм.с.б. Пульс минутына 85 рет. 05:10-да қайта күшену болды.05:15-те мерзімінде босану болды. Тірі ер жынысты нәресте басымен келіп туылды. Толық жетілген, жағдайы жақсы, бойы-56 см, салмағы-3200 гр, иық көлемі- 32 см, басының көлемі-34 см. Айқайы қатты. Бұлшық ет тонусы жақсы сақталған, кіндік шеңбері қасаға мен семсер тәрізді өсіндінің аралығында орналасқан. Туылысымен анасының кеудесіне жатқызылды. Апгар шкаласы бойынша 9/10 балл. Алғашқы туалеті- меконий қалыпты мөлшерде. 2 кезеңнің ұзақтығы 25 минут.
ІІІ босану кезеңі
ІІІ кезең.Бұлшықетке туыла салысымен окситоцин енгізілді. 10 минуттан кейін активті түрде жатырға контрдавление жасалды. Кіндік бауға тракция жасап тарта отырып, жатырды кері итеріп, бала жолдасы 2 тракциядан туылды. Бала жолдасы бөліктері түгел және қағанақ қабы бүтін. Бала жолдасының массасы-500 гр, кіндіктің ұзындығы-50 см. Босану жолдары стерильді салфеткамен сүртілді. Жалпы қан шығыны 250 мл. Босанғаннан кейін қан жоғалту болған жоқ. Үшінші кезеңнің ұзақтығы-10 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |