ІV. Объективті зерттеу
Психологиялық түрде дайын, көңіл-күйі жақсы, қорқу, қозу, мазасыздану сезімдері жоқ.
Сыртқы қарау:
А) Жалпы жағдайы орташа, дене температурасы-36,6 С; Конституциясы дұрыс, нормостеник; бастапқы салмақ-68 кг, қазір-69 кг; бойы-168 см. Пульс-85 рет минутына, АД-140/100 мм.рт. ст.; күндік зәр анализінде 0,3 г/л ақуыз анықталды.
Б) Тері жамылғысы бозғылт-қызғылт түсті. Терісі жылы, орташа ылғалды, көзге көрінетін шырыштф қабаттар қалыпты. Аяқтары мен қолдарында ісінулер бар,ауырсынусыз, сүйек жүйесінде өзгеріс жоқ, ауырсынусыз.
Михаэлис ромбысы: формасы дұрыс, симметриялы, ұзындығы-11 см, ені-10,5 см. Тері асты веналары кеңеймеген, варикозды кеңеюлер жоқ.
В) Сүт бездері мен үрпілерінен ешқандай патологиялар анықталмады.
Г) Қан айналым жүйесі: АҚ- 140/00 екі қолында да. Бас ауруына, аяқ, қолдарының ісінуіне шағымданады. Веналар мен артериялардың жағдайлары патологиялық ерекшеліксіз. Жүрек шекаралары нормада. Аускультация кезінде жүрек тондары анық, қосымша шулар естілмейді.
Пульс сәулелік артерияда 85 реттен, екі қолда симметриялы, ритмді.
Тыныс алу жүйесі: Шағымдары жоқ. Мұрын арқылы, еркін тыныс алады, жоғарғы тыныс жүйелерінінен патологиялық бөлінулер бөлінбейді. Кеуде торы нормостеникалық формада, екі жағы симметриялық түрде тыныс алуға қатысады. Тыныс орташа тереңдікте, ритмде, ТАЖ 16 рет минутына. Кеуде торының пальпациясы ауырсынусыз, патологиялық өзгерістер анықталмаған. Шекаралары нормада, аускультативті-тыныс везкулярлы, сырылдар жоқ.
Ас қорыту жүйесі: Шағымдары жоқ. Тәбеті жақсы, стул орташа, қалыптасқан. Тілі ашық қызғылт түсті, орташа ылғалды, емізікшелі қабат ерекшеліксіз. Ауыз аймағында жарықтар мен жаралар жоқ. Ауыз қуысы санацияланған, асқазан мен ішектің көрінетін перистальтикасы жоқ . Веноздық коллатеральдар жоқ. Жүктілікке байланысты перкуссия жүргізілмеді. Аускультация кезінде патология анықталмады, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы көзбен көрінбейді, жүктілікке байланысты пальпация жасалмады.
Несеп шығару жүйесі: жіліншік және қол саусақтарының пастоздығына шағымданады. Зәр шығарудың бұзылыстары жоқ, зәр мөлшері қалыпты. Қарау барысында бел аумағында ісіктер мен қызарулар анықталмады. Бүйрек аумағында және зәр шығару жолында ауырсынулар жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |