Асқазандағы ішкен-жегені, құсқаны және қаны аспирация болу қаупін азайту мақсатында әйелді сол жағына жатқызу.
Тырыспа кейін қажет болған жағдайда сорғышпен ауыз қуысын және көмейін тазалау.
Ұстамадан кейін бірден магнезиальдық терапия: -бастапқы мөлшер – 10-15 мин арасында 5г магний сульфатының құрғақ заты (20 мл 25% ерітінді) т/і баяу енгізу;
-Қолдаушы доза 320 мл физ.ерітінді - 80 мл 25% магний сульфаты ертіндісін т\і енгізу 11 тамшы / мин - 1 г құрғақ зат / сағ, 22 тамшы / мин - 2 г құрғақ зат / сағ. Магний сульфатын ішке үздіксіз енгізу ұзақтығы 12-24 сағат (сағатына 1-2 г)