Акустикалық каротаж



Дата16.04.2024
өлшемі14,02 Kb.
#200897
Байланысты:
Акустикалық каротаж


Акустикалық каротаж - тау жынысытар арқылы өтетін ультрадыбысты және дыбысты диапазондағы серпінді толқын сипаттарын зертгеуге негізделген каротаж түрі. Серпінді толқындарды туындату және тіркеу шаралары акустикалық каротаж зондылары көмегімен жүзеге асырылады. Үш элементті акустикалық каротаж зонды бір дыбыс тудырушыдан, екі қабылдағыштан, немесе керісінше, екі дыбыс тудырушыдан және бір кабылдағыштан тұрады.
Дыбыс тудырушы зондтан туындаған серпінді толқындар тау жынысытардан өткеннен кейін қабылдағыш зондтар көмегімен тіркеліп отырады. Қума серпінді толқынның алғашқы және ең басты легінің жылдамдығын өлшеу үшін сол толқынның бірінші және екінші қабылдағыштарға келіп жету уақыты (t1 және t2) тіркеледі. Осы нәтижелерді пайдалана отырып, уақыт аралығы () және аралық жылдамдық () анықталады, мұндағы l— екі қабылдағыштың ара қашықтығы.
Акустикалық каротаждың бұл түрі «жылдамдықты саралаудың акустикалық каротажы» деп аталады, оның , мұнда: kn — тау жынысытың кеуектілігі, Dtk және tc тау жынысы қаңқасына және тау жынысытағы кеуектерді тоғытқан сұйыққа тиесілі аралық уақыт көрсеткіштері.
«Толастауды саралаудың акустикалық каротажы» деп аталатын акустикалық каротаждың екінші түрі тербелістер амплитудасын (А1 және А2) тіркейді, сөйтіп тау жынысытың зонд элементтері аралығына сәйкес келетін өңіріне тиесілі энергияның тұтылу коэффицентін (толастау параметрін) анықтайды: .
Акустикалық каротаж әдісі тау жынысы қабаттары қимасындағы жарықшақты-ұралы белдемдерді даралауға және қойнауқаттың сұйықтармен немесе газдармен қанығу сипатын анықтауға қолданылады. Бүгінгі қолданылып жүрген апаратуралар 6 түрлі параметрлерді тіркеуге қабілетті, олар — t1, t2, Dt, A1, A2, a.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет