Аквариум-тірі табиғаттың бір бөлігі Орындаған: Жубаниязова. С


Аквримумда ұсталатын балықтарды көбейту



бет3/3
Дата11.05.2023
өлшемі1,74 Mb.
#176444
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Аквариум-тірі табиғаттың бір бөлігі
Әділ

Аквримумда ұсталатын балықтарды көбейту

  • Балықтарды көбейту үшін,олардың әрбір түріне қажетті жағдай туғызу керек.Балықтардың кейбір түрі оп-оңай көбейеді,екінші бір түрін көбейту үшін жаңадан балық ұстай бастаған адамға көп қиыншылықтар кездеседі.Кейбір балықтар уылдырық шашпай-ақ жылдар бойы тіршілік етеді.

Балықтарды көбейту үшін оған берілетін жемнің де маңызы зор.Әдетте балықтарды күніне бір рет қоректендірген жеткілікті болса,уылдырық шашатын кезде екі рет тірі жем беріледі.

  • Балықтарды көбейту үшін оған берілетін жемнің де маңызы зор.Әдетте балықтарды күніне бір рет қоректендірген жеткілікті болса,уылдырық шашатын кезде екі рет тірі жем беріледі.

Балықтардың қысқаша сипаттамасы

  • Балықтарды қолда асырағысы келген адам аквариумына қанша,қандай балық түрін ұстауға болатыны туралы толық хабардар болуы керек.
  • Сыйымдылығы 20-30 литрлік аквариумда ұзындығы 5-6 см жететін балықтарды ұстауға болады.Әрбір балыққа 4-5 литр су керек.
  • Осыған орай әр балықтың талабын ескеріп,оның санын да өсіруге болады.Бірақ кішкене аквариумда үлкен балықтарды ұстауға болмайды.Мысалы,екі үлкен балық жіберсек,оның тыныс алуына ондағы су жеткілікті болса да,олардың қозғалуына орын өте тарлық етеді. Балық жүрген судың температурасы жоғарылаған сайын,олардың оттегіне мұқтаждығы арта түседі.Сондықтан өте жылы суды сүйетін балықтардың әрқайсысы салқын су керек ететін балықтарға қарағанда,суы мол үлкен ыдысты ұнатады.
  • Гуппилер Венесуэлде,Солтүстік Бразилияда,Гвианда сондай-ақ Барбадос және Тринидад аралдарын мекендейді.Аквариум ұстаушыларға өте көп тараған,кішкене,әдемі балық.
  • Ұрғашысына қарағанда еркегі кішілеу келеді.Еркегінің дене тұрқы 4 см дейін,ұрғашысыныкі 6 см.Еркегінің әсіресе құйрық қанаты әр түрлі түсті:қара,қызыл.сары және күміс,алтын түсті,жолақты,дақты-саналуан.
  • Гуппилер шабақтарын тірі табады.Оларды 18-26 градус жылылықта көбейтуге болады.
  • Інжу түсті гурами Таиландта,Малай жарты аралында,Суматрада күннің көзі жақсы жылытқан су қоймаларында мекендейді.
  • Лабиринтті балықтардың ішіндегі ең әдемісі інжу түсті гурами.Үстінде інжу сеуіп тастағандай жарқырауық дақтар бар.
  • Інжу түсті гурами балығы ұсталған аквариум суының деңгейі биік болмауы керек.

  • Цихлидтартардың көпшілігңнің денесі өте ірі.Екі бүйірі қысыңқы,арқа қанаты жалғыз,түсі анық болады.Ірілігі әртүрлі.Бір түріне шағын аквариум,ал көпшілік түріне үлкен аквариум керек.Көпшілігі судың түбіне жақын жүріп тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет