Ал стилистиканың негізгі мәселелерінің қатарына бұған



Дата07.02.2022
өлшемі27,95 Kb.
#88014
Байланысты:
семинар 16 сұрақ


  1. Стилистика – тіл ғылымдарының барлық саласын біріктіре отырып, соның нəтижесінде бөлініп шықты, сондықтан күрделі ғылыми сала болып табылады. Стилистикалық ұғымдар мен категориялар тек таным арқылы жүзеге асады, таным кешенді ғылыми зерттеу нəтижесінде ғана мəн- мағына анықталады. Қазіргі стилистика пəнің оқып үйрену зерттеудің ерекше аспектісін талап етеді, сондықтан прагматикалық аспектіде қарастыру оның негізгі мəселелерін шешіп береді.

Стилистика өзінің зерттеу объектісінің көп қырлы аспектісіне байланысты прагматика, коммуникативтік лингвистика, сөйлеу қызметінің теориясы, психолингвистика, мəтін лингвистикасы, лингвистикалық поэтика, логика, мəтін интерпретациясы, когнитивтік лингвистика т.б. байланыстыра зерттеу мəселесі көтеріледі. Орыс тіл бөлімі өкілдері стилистиканы көптеген ғылымдармен байланыстыра зерттеуге ерекше мəн берген. И. Р . Гальперин лингвистиканың құрылымдық негізінің "шайқалуына" стилистиканың əсер еткендігін айтады: " Именно стилистика начало не расшатывать основы структурной лингвистики, заставляяисследователей включать в сферу своих наблюдений живые формы языка, неукладывающиеся в строгие рамки формализованных процедур. Начался пересмотр канонов лингвистического анализа".

  1. Ал стилистиканың негізгі мәселелерінің қатарына бұған

дейін зерттеушілер мыналарды көрсетіп келді: стиль, функцио-
налды стильдерді анықтау, олардың мәнін, жүйелік сипатын
ашу; қарым-қатынастың әртүрлі саласында тілдің қолдану заң-
дылықтарын анықтау; функционалды стильдерді топтастыру;
стилистикадағы тілдік және тілден тыс факторлардың арақа-
тынасын айқындау; стильдегі объективтілік пен субъективтілік
мәселесі; функционалды стильдер мен сөз түрлерінің ара қа-
тынасы; стильдердің өзара әсері мен тұтастығы мәселесі; линг-
вистикалық стилистика мен әдебиеттік стилистиканың ара қа-
тынасы; көркем әдебиет тілінің функционалды стильдерге
қарым-қатынасы; стилистикалық норманы және оның тарихи-
лығын анықтау; стилистикадағы диахрония мен синхрония
мәселесі т.б.



  1. Қазіргі таңда стилистика ғылымының қоғамдық-әлеуметтік, функционалдық-коммуникативтік қызметі күшейіп, негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, қолданыс аясы кеңейе түсуде. Бұл, әсіресе, лингвостилистиканың ғылыми жаңаруының үрдісін айғақтайтынын, дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйенетіндігін аңғартады. Стилистика мәселелерін зерттеушілер тіл білімінің бұл саласына қатысты бірқатар соны теориялық ізденістерге барып, жаңаша тұрғыдан зерттеулер жүргізуде.

Соңғы жылдары ғалымдар тілдік бірліктердің қызметін сөйлеу
актісімен, прагматикамен байланыстыра қарастыруды басшы-
лыққа алып отыр. Адамзат баласының дүниетанымының қалып-
тасуы тілдік бірліктер қолданысындағы стилистикалық күрделі
категорияларды терең меңгеруіне де тікелей қатысты. Тілдік бірліктерді қарым-қатынас аясына қарай қолданыстық тұрғыдан меңгеру стиль ұғымын қалыптастырады. Стиль табиғатын жан-жақты тану қолданыстағы тілдік бірліктердің мағыналық-стилистикалық өрісін анықтаумен тығыз байланысты. Белгілі бір қарым-қатынас аясындағы тіл бірліктерінің стильдік қызметін айқындау стилистика ғылымының өзекті де өміршең міндет-
терінің біріне айналды. Қазақ тіл білімінде стилистикалық бағыттағы ізденістер
біршама жетістіктерге жеткенімен, оны оқыту, меңгеру жүйе-
сінде жаңаша сипаттағы оқулық пен оқу құралдарын дайындау ісі жолға қойылып отыр. Бұл тұрғыдан студенттерге теориялық жүйелі білім беруде үш рет басылып шыққан алғашқы оқулықтан (М.Балақаев, т.б. авторлар) бастап, бүгінгі таңда жалғасын тауып, бірді-екілі стилистикалық оқу құралдары жарық көрді, көпшілік қауымның рухани игілігіне айналды.

4.
5. Стилистиканың дәстүрлі салалары: а) функционалды стилистика ә) тіл құрал-


дары (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы Б) көркем әдебиет стилистикасы в) Практикалық стилистика

6. Стилистиканың қазіргі даму бағыттары. Осыған орай қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі айқындалып, ғалымдар тарапынан ғылыми тұрғыдан негізделіп, жүйелі зерттеле бастады. Олардың қатарына ортостилистика, мәтін стилистикасы, прагмастилистика, экспрессивтік стилистика, диахрондық (тарихи) стилистика және синхрондық стилистика, салыстырмалы-салғастырмалы стилистика, жалпы стилистика, дара стилистика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы жатқызылады


7. Стилистиканың мән-мазмұны мен тілдің коммуникатив-


тік-прагматикалық аспектісі тұрғысынан қазіргі жаңашыл бағы-
тымен айрықша орын алатын прагмастилистика ғылымы да
зерттеуге алына бастады. Прагмастилистика стилистиканың
жаңа бағыты ретінде дискурс пен мәтіннің тілдік ауызша және
жазбаша қатысым барысындағы стилистикалық сипаты мен маз-
мұнын зерттеуді өз нысанына алады.

8. Ғылыми еңбектерде дис-


курс сөздің ауызша формасы болса, мәтін шығарманың жазбаша
түрдегі сипаты деп көрсетіледі және екеуі де прагматикалық
стилистиканың зерттеу нысанын құрайды делінеді. Дискурс пен
мәтін қатысымдық, тілдік бірлік ретінде танымдық, коннота-
тивтік, эмоционалды-экспрессивті мазмұнның көрсеткіші болып
табылады, сондықтан мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұ-
нын тану стилистика мен прагматикалық мақсатты бірлікте ала
отырып зерттегенде ғана мүмкін болады.

9. Стилистика ғылымының мазмұнын құрайтын, өзіндік


ерекшілігін айқындайтын басты ұғымдары мен категориялары
болады. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стильдік белгі,
стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стиль жүйелілігі, стилистикалық мағына, стилистикалық коннотация,
стилистикалық норма, стилистикалық қате, стиль құраушы
факторлар (лингвистикалық және экстралингвистикалық) т.б

10. Стиль – стилистиканың негізгі категориясы. Стиль –


латынша stylos – жазу құралы. Ертеде Римде, Грекияда стиль
осы жазу құралының атауы ретінде танылған. Одан бергіде
Еуропа елдерінде шешендік өнер ұғымының синонимі ретінде
жұмсалған. Бүгінгі таңда стилистика ғылымының теориялық әрі прак-
тикалық маңыздылығы артып, функционалды стильдерінің қо-
ғамдық қызметінің сан салалы екендігі белгілі, сондықтан тілдің
стильдік табиғатын жан-жақты тану, тереңнен зерттеу міндеті
қойылып отыр. Ғалым М.Серғалиев стильдің төмендегідей ерек-
шеліктерін көрсетіп, былайша тұжырымдайды:
1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін бар-
шаға түсінікті сөздер мен конструкциялар;
2) Стиль – тарихи категория;
3) Стиль – қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады;
4) Тілдік кұралдардың қалай болса солай тіркескен тобы
емес, шартты тұйықталған тобы.

11. стиль тілдің қандай мақсатта, кімге арналып жұмса-


латындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның қызметтік
сипатын ескерудің мәні зор. Ол қызметтің түрлерін зерттеу-
шілер былайша көрсетеді: А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша,
1) қарым-қатынас жасау қызметі (коммуникативтік), 2) ойлау
құралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік тарихи
тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттық мәдени
саладағы қызметі, 5) таным құралы қызметі деп бөледі;
В.А.Аврорин тіл: 1) қатынас құралы (коммуникативтік), 2) ойды
білдіру (экспрессивтік), 3) ойды қалыптастыру (конструктивтік),
4) тәжірибе мен білім жинау (аккумулятивтік) қызметтерін
атқарады деп есептейді. Ал В.В.Виноградов тілдің қызмет ету
сипатын қарым-қатынас қызметі, хабарлау қызметі, әсер ету
қызметі деп үшке бөледі

12. Функционалды стиль ұғымы – қазіргі стилистикадағы


негізгі категория. Функционалды стильдер тілдің қолданысы-
мен, қызмет ету ерекшеліктерімен тікелей байланысты, яғни
шынайы қарым-қатынаста, сөйлеу актісінде, мәтінде көрінеді. Қазақ тіл білімінде функционалды стиль терминінің мән-
маңызын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін талдап-таразылауда
көрнекті ғалымдар М.Балақаев, М.Томанов, Б.Манасбаев,
С.Исаев, Р.Сыздық, М.Серғалиевтардың ой-пікірлерінің маңыз-
дылығы зор. Академик Р.Сыздық «функционалды стиль» терми-
ніне қазақша атау ұсынып, өзіндік пайымдауларын тілдік дерек-
тер негізінде орынды дәлелдейді, яғни «мақсаттық» не «қыз-
меттік стиль» деп атағанды жөн көреді. Ғалым қалың оқыр-
манға түсінікті, жатық болуын көздеп, ана тіліміздің ішкі мүм-
кіншіліктерін пайдаланып жасалынған балама атаулардың ғы-
лым саласы үшін аса қажеттілігін баса айтады.

13. Функционалды стильдерді қалыптасты-


руда маңызды рөл атқаратын, оның табиғатын тереңірек тануға
мүмкіндік беретін – тілден тыс, яғни экстралингвистикалық факторлар екені даусыз. Бұл факторларға орыс тілі стилистикасын
зерттеушілер мыналарды жатқызады:
- қолданыс тілінің мазмұны (тақырыбы);
- қолданыс тілінің мақсаты;
- қарым-қатынас жағдайы (қолданыс аясы);
- сөйлеушінің не жазушының сипаты;
- қолданыс тілінің жүйелері, т.б
14. Тілдік норманы міндетті түрде қолдану бар да, ыңғайына
қарай қолдану бар. Айталық, орыс тілі мамандарының
(Б.Н.Головин т.б.) тануынша, грамматикалық, орфоэпиялық, ор-
фографиялық, пунктуациялық нормаларды қатаң, міндетті түрде
сақтау керек, ал стилистикаға келгенде ыңғайына қарай босаң
нормаларға да иек артуға болады дейді. Тілдің функционалды
стильдерге қарай ажыратылатын нормалары стилистикалық
нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары, олар
әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функцио-
налды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы
бар. Атап айтқанда, ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер,
диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барға-
сын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың қолда-
нылуы мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп
есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құрал-
дары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми
стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: сти-
листикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай келуі қажет. Мәселен, өткен шақ есімшенің
жұрнағы -тын (-тін) және тұғын болып екі вариантта кездеседі.
Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни функционалды стильдер-
дің барлығында қолданылады, ал -тұғын нұсқасы, негізінен,
көркем әдебиет, оның ішінде поэзия үшін норма. Тағы да бір
мысал, ресми хабарларда, құжаттарда президент деген сөз ел-
басы деген суреттеме сыңарымен ауыстырылмайды. Соңғы
нұсқа көтеріңкі (пафостық) тонмен жазылған газет-журналдар
тілінде, көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда қолданыла
береді.

15. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның,


сөйлеу мәдениетінің төмендігінен болады. Тілдік талғам – тілді
үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық
қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында –
тілдегі сауаттылықтың төмендігі мен стильдік дағдының қа-
лыптаспауында. Сол себептен де стилистикалық қатенің бол-
мауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық
сапаларының қатарына жатады.
Тіл ғылымында стилистикалық сауаттылықтың сатылары
мен соған байланысты болатын стилистикалық қатенің түрлері
шартты түрде былайша топтастырылады:
1) қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын, стилистикалық ре-
сурстарын толық меңгермеудің салдарынан болатын стилисти-
калық қателер;
2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын
стилистикалық қателер;
3) функционалды стиль нормаларының сақталмауынан не
жете меңгермеуден болатын стилистикалық қателер.
Мәселен, функционалды стиль нормаларынан ауытқыған
жайттар, яғни әр стильдің өзіндік белгісін, стильдік бояуын жете
танымаудан кететін қателер: ...синтаксистік қайталамалар да –
мәтіннің көркемдік жүгін «бір кісідей» көтеретін тәсіл; рито-
рикалық сұрақтардың да шығарманың «құлақ күйін келтіріп»
тұратыны белгілі, оны еркіне жіберіп қарап отыруға бол-
майды; Немесе тіл заңдылығы бойынша арнаулы, арнайы бір-
ліктерінің сөз қолданыста өзіндік айырмашылық, өзгешеліктері
бар екендігі белгілі. Арнайы сөзі негізінен, сөйлем құрамында
баяндауыш қызметіндегі етістік сөздермен ғана тіркеседі, ал
арнаулы сөзі зат есімдермен қатынасқа түсіп, тіркеске енеді:
арнайы жабдықталды; арнаулы жабдықтармен қамтамасыз
етілді. Мысалы: Қарағандыдан арнайы ұшақпен Ислам-Абадқажеткізілуі тиіс жүк тиісті орнына тапсыру жұмыстарын
Сыртқы істер министрлігі үйлестіреді, дұрысы: Қарағандыдан
арнаулы ұшақпен Ислам-Абадқа жеткізілуі тиіс жүкті тиісті
орнына тапсыру жұмыстарын Сыртқы істер министрлігі
үйлестіреді.
Қазақ тілінің заңдылығы бойынша тұйық етістік тұлғалы
сөзге жатыс септігі жалғанғанда, қимыл, іс-әрекеттің созың-
қылығын, жалғасып жатқандығын білдіреді: өркендеуде, жина-
луда, тәжірибе жүргізілуде, ақпараттар таратуда, зерттелу-
де, жариялануда, т.б. және ол жалғау болымды етістікке ғана
қосылады, ал оның болымсыз етістікке жалғануы – тіл заң-
дылығына қайшы, себебі мұндайда істің әрі қозғалуы немесе
жылжуы, созылуы байқалмайды. Публицистикалық стильдің
теледидар тілінде бұл құбылыс жиі ұшырасады: ...бұл іс процесі
толық ашылмауда; ұйым мекемелерінде тиісті шаралар қол-
данылмауда; әлі жанармай тиісті орынға жеткізілмеуде;
қосалқы бөлшектер табылмауда, т.т.;
Журналистерге мақала жазуда оның қандай да бір ақпа-
ратты алу не беру еркіндігін шектеу кездеседі десе де,
қазақстандық журналистердің айтуынша, Қырғызстан мен
Қазақстанда либералды журналистика дамуда, дұрысы: Жур-
налистерге мақала жазуда оның қандай бір ақпаратты алу не
беру еркіндігін шектеу кездеседі дегенмен, қазақстандық жур-
налистердің айтуынша, Қырғызстан мен Қазақстанда либе-
ралды журналистика дамып келеді. Келтірілген деректерден
көбінесе тіл заңдылығын теориялық тұрғыдан терең меңгермеу
салдарынан кеткен стилистикалық қателер екендігі байқалады.
Сондықтан да қарым-қатынастың қандай аясында болмасын, тіл
бірліктерін жұмсауда лингвостилистикалық сауаттылықтың
болуы шарт, тілдік заңдылықтардың, норма табиғатының ерек-
шеліктері бұзылмауы қажет. Демек, стилистика ғылымының да
өзіндік табиғатын айқындайтын, өзіне тән ерекшеліктерін та-
нытатын ұғымдары мен категориялары орнығып қалыптасқан.

16. Стильдік бояу түрлері: кітаби, бейтарап, эмоционалды-экспрес-


сивті

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет