Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында Темірші селолық округінің әкімі Қ. Мұхтардың атқарылған жұмыстар мен алда тұрғанміндеттер туралы есебі


Қоянды селолық округінің әкімі Е.Карипбаевтың атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі



бет2/7
Дата02.07.2018
өлшемі467 Kb.
#45790
1   2   3   4   5   6   7

Қоянды селолық округінің әкімі Е.Карипбаевтың атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

2013 жылы ауыл әкімі аппаратының атқарған істеріне тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, тұрғын халықтың әл – ауқатын жақсарту, шама – шарқына қарай жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңадан шаруа қожалықтарын ашу мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Әкім аппараты әр сала бойынша жыл басында жоспарланған жұмыс тізбесіне сәйкес жұмыстар атқарады.

Ағымдағы жылғы ауыл әкімінің аппаратының бюджетіне қаралған қаржы тиісті бағыттарда пайдалануы қамтамасыз етіліп, толық игерілді. Қоянды селолық округі бойынша құрылыс қалдықтарын тазарту жұмыстарына 385 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды МТС «Жайма» ЖШС атқарды директоры Алдабергенов Батырбек. Жекелеме тұрғындардың көмегімен барлығы 500 тонна күл-қоқыс шығарылып, бұл жұмыстар маусым, шілде айларында атқарылды.

Ауылдағы су жүйесіне 215 мың теңге бөлінген. Оның 60 мың теңгесі суды залалсыздандыруға (дезинфекция) қалғаны әртүрлі ремонт жұмыстарына жұмсалды.

Округ бойынша халықтың әлсіз бөлігі әлеуметтік салаға көмек көрсету соңғы жылдары жүйелі жолға қойылып, қоғамның тек қана зәру мүшелеріне көмек көрсету қалыптасқан.

- Атаулы әлеуметтік көмек алғандар 4 отбасы 18 жан 765588 теңге

- Балалар жәрдемақысын алушылар 7 отбасынан 20 бала 415440 теңге

- Жұмыссыздар есебінен ақылы қоғамдық жұмысқа 6 адам тартылып, 335 мың теңге қаражат төленді.

Білім беру саласы №35 орта мектептте 77 оқушы білім алуда. Мектепте 27 мұғалім қызмет атқарады, оның ішінде жоғары санаттысы – 3, бірінші санатты – 3,екінші санатты – 8, санатсыз – 12 мұғалім және тәрбиешілер қызмет атқарады. Мектепте барлық оқу пәндері бойынша арнайы білімі бар мамандармен қамтамасыз етілген. Биылғы жаңа оқу жылында дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша мектебіміз бір жас маманмен толықты. Ағымдағы жылы орта мектепті 6 оқушы аяқтап ҰБТ – дан 71 балл жинады, бұл төмен көрсеткіш. Барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта мектеп басшысы жіберілген кемшіліктерден нәтиже шығаруы керек. Бір қуантарлық жағдай жыл сайын мектеп оқушылары республикалық, облыстық, аудандық түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен оралып жүр.

Оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Бизнестің қоғамға бет бұрыс айғағы ретінде ауылымыздың азаматтары «Ер – Тарғын», «Маурат» шаруа қожалықтарының басшылары Е.Нугриденов пен М.Абдрахмановтар аз қамтылған отбасы балаларына киім - кешек, оқуға қажетті жабдықтармен көмектесіп, халықтың алғысына бөленді.

Орта мектепте 25 балаға арналған ақылы «шағын орталық» жұмысын бастады. Орталық заманауи талапқа сай жабдықталып 3 мезгіл тамақ пен қамтамасыз етілген. Аудандық жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы 11 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Мәдениетті дамыту саласында Қоянды «Мәдени – сауық орталығы» халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс – жоспар бойынша өз деңгейінде өтіп тұрады. 2013 жылы айтулы мерекелік күндерге концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып өткізіліді. Ауыл өнерпаздары ауданда кесте бойынша өткізілген «Ауыл кеші көңілді», Егіндібұлақ селосында өткізілген мерекелік «Отбасы күні» шарасына Жұмаділовтер отбасы қатысып мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауылда Қоянды орталық кітапханасы тұрақты жұмыс жасайды. Қоянды ауылының типтік мәдениет үйінде орналасқан, кітапханада барлық кітап қоры – 12000 дана, оқырман 200 адам. 2013 жылы жаңадан алынған кітаптар саны 350 дана. Жаңадан жарық көрген кітаптар, мерзімді басылымдар оқырмандар қолына мезгілінде жеткізіліп отыруы кітапхананың негізгі міндеті.

Ауыл халқының денсаулығы Елбасы тапсырмаларына сәйкес үнемі біздің бақылауымызда. Қоянды елді мекеніндегі медпункт қызметкерлері арқылы жоспарлы медициналық алдын алу шаралары ойдағыдай жүзеге асырылуда, әсіресе ана мен бала өмірін сақтау, қатерлі ісік,туберкулезбен есепте тұрған науқас тіркелген жоқ.

Халықтың денсаулығына бақылауды күшейтіп, медициналық көмекпен толық қамту бағытында 2013 жылдың шілде айында «Саламатты Қазақстан бағдарламасы аясында ауылымызға заманауи облыстық медициналық орталығынан жабдықталған диагностикалық кешені келіп жетті. Облыстық медицина орталығының дәргерлерінің бригадасы жылжымалы кешенде қажетті медициналық тексеріс жұмыстарын жүргізіп, ауыл халқының денсаулығының жақсаруына көп үлестерін қосты.

2013 жылы округ бойынша 7 нәресте дүниеге келіп, Үкімет тарапынан балалардың аналары тегін дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Осы сала бойынша 1 фельдшер, 1 медбике округ халқына уақытпен санаспай қалтқысыз еңбек көрсетіп, ел көңілінен шығып жүр. Жыл сайын округ тұрғындары жоспарлы профилакториялық тексерістен өткізіліп, аурудың алдын алу жұмыстары жоғары жолға қойылған.

Денсаулық мәселесі – ол таза суға байланысты екенін бәріміз жақсы білеміз. Осы бағытта 2007 жылдан бері «Таза су» бағдарламасы арқылы тартылған 12 су құбыры қалқысыз жұмыс істеп тұр.

Өздеріңізге белгілі ауыл халқының негізгі күн – көріс көзі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы. Бұл бағытта округ бойынша 17 шаруа қожалығы жұмыс жасауда.

Жалпы 2013 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтар мен жеке меншік мал басының былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны байқалуда.

Бүгінгі таңда мал шарушылығында неғұрлым жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін, біздің басты міндетіміздің бірі қолда бар мал тұқымын асылдандыру болып табылады. Бұл бағытта «Жәрменке», «Ер – Тарғын», «Қоянды», «Ерлік», «Атантай» шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқалар әкеліп асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен бірге «Жайма» шаруа қожалығы 2014 жылға 1500 басқа асыл тұқымды Ангус репродуктор шаруа қожалығын ашу инвест жобасы дайындалу үстінде. Бұл біздің аудан көлеміндегі үлкен жоба, басты жаңалық.

Қолда бар малдарға вет пункт мамандары аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары заң талаптарына сай жоспарлы түрде жүргізілуде. Елімізде ветеринария саласына ерекше мән беріліп, үлкен көңіл бөлініп отыр. Осы бағытты дамыту мақсатында вет пункт мамандары талапқа сай жабдықталған НИВА автокөлігімен, компютерлермен, қажетті құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Эпизотияға қарсы іс – шаралар, сібір жарасына, үй құстары жоғары зардапты құс тұмауына, ірі қара мен ұсақ малдар аусыл ауруына, қарасан, жылқы маңқасына қарсы тегіс егілді. Округ бойынша эпизотиялық ахуал тұрақты.

Егін шаруашылығы саласында округ бойынша 4 шаруа қожалығы айналысуда. Барлығы 2795 га жерге дәнді дақыл себілді. Оның ішінде 1570 га арпа, 400 га сұлы, 745 га бидай. Бүгінгі күнге барлығы - 2300 га егістік алқап орылды, оның ішінде бидай - 330 га, арпа – 1570 га, сұлы – 400 га. Жалпы 11 – 12 цн.орташа түсіммен 2555 тн дайындалды. Егін ору науқаны жалғасуда. Мал азығын дайындау межеге сәйкес орындалды. (меже - 2340 тн, орынд. - 2710 тн 115,8 %)

Ауылымызда шағын және орта бизнес саласында біршама жұмыстар атқарылды. Бұл салаға жағдай туғызып, қолдау көрсетуде көрсеткішіміз жаман емес.

Мысалы, 2012 жылы ауылда шағын бизнес субьектілері 25 болса, ол 2013 жылы 26 болып 1 субьектіге көбейген. Барлық кәсіпкерлік субьектілерінің 18 шаруа қожалықтары, 5 кәсіпкер саудамен айналысатын, 1 асхана, 1 мал сою алаңы, 1 монша. Барлығында 134 адам жұмыс жасайды. Осы орайда «Жәрмеңке» шаруа қожалығының басшысы Омаров Айтмухамед Қалтайұлы өз қаражатына ауыл халқының игілігіне мешіт салып берді. Бұл ауыл халқының көптен күткен армандарының бірі. Алдағы уақытта аталған азамат ауылға «Тойхана» және балалар алаңын салуды жоспарлап отыр. Сол сияқты «Жайма» шаруа қожалығының басшысы Б.Алдабергенов жылма – жыл 1 тоннасы 5500 теңгеден ауыл халқына көмір жеткізіп береді. Осындай игі бастама ауылымыздың басқа шаруа қожалықтары, ауылдан шыққан қалталы азаматтардың тарапынан да қолдау тапса нұр үстіне нұр болар еді.

Ауылымыз электр жарығын үздіксіз пайдаланып отыр. Электр қуаты тікелей байланыс жүйесінің жұмысына да ықпалы бар. Күнделікті қажеттілікке айналған байланыс жүйесіне тоқталсақ, бүгінгі күні Қоянды ауылында 86, Атантай елді мекенінде 7 телефон нүктесі жұыс істеп тұр.

Аудан орталығымен байланыстыратын 23 шақырымдық тас жол есептік кездесу сайын айтылатын мәселе болатын. Ендігі уақытта бұл мәселе аудан әкімінің тікелей араласуымен шешімін тапты, облыстық маңызы бар «Қарағанды - Аякөз – Қоянды – Егіндібұлақ - Бүркітті» бағыты бойынша автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары 2014 жылғы жоспарға енгізіліп отыр.

Әлеуметтік – саяси ахуалды дұрыс қалыптастыруда ақпараттық баспа сөз құралдарының да атқарар ролі ерекше екені белгілі. Пошта байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындардың зейнетақылары, жәрдемақылары, еңбекақылары таратылып, әр- түрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғары деңгейде жүргізілуде.

2013 жылы жоспарлы 380 дана баспасөз құралдары орнына 420 данаға жазылып, меже 110,5 % орындалды. Мерзімдік баспалар аптасына үш рет жеткізіліп, халыққа дер кезінде таратылуда.

Қоғамдағы тұрақтылық өз кезегінде діни тұрақтылыққа байланысты. Діни қарым – қатынас мәселелерін бір сәтте назардан тыс қалдырмай үнемі бақылауда ұстауымыз қажет. Бұл жерде ауылымыздың ұйтқысы болып отырған ардагерлерімізді айтып өткен жөн. Жалпы ауыл тұрғындары, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен бірлесіп жоспарлы мәнді мағыналы түрде жұмыс жасауда.

Қорытындылай келе шешімін таппай жүрген проблемалық мәселелерге тоқтала кетейін. Атап айтқанда:

1.Келесі жылы мәдениет үйінің төбесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

2.Балалар мен жасөспірімдерге салауатты өмір саясатын қолдау мақсатында шағын жасанды спорт алаңын салуға қаражат қарастырылса.

Міне, ауылымыздың бүгінгі күнге тіршілігі осындай. Алда әлі қызу жұмыстар тұр, ол бізге үлкен мүмкіндіктер жүктейді.




Қаршығалы селолық округі әкімі А.Шәкенұлының атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қаршығалы селолық округ әкімі аппаратына 2013 жылы бюджеттен 13344,0 млн теңге қаражат қаралған. Селолық округ әкімі аппаратына 2013 жылдың тоғыз айында жеке тұлғалардан 20 арыз-шағымдар түсіп, 17 жергілікті деңгейде шешіліп, қалған 3 жоғары тұрған мекемелер арқылы қанағаттандырылып, өтініш иелеріне жауаптары заң талаптарына сәйкес уақытында берілді. 2013 жылдың 9 айында ауыл тұрғындарының қатысуымен әр – түрлі тақырыптарда 8 рет кездесулер өткізіліп, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылды, әліде осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда Көктас елді-мекенінде тұрғындардың сұрауы бойынша балалар алаңы, Новая көшесіне жарықтар орнатылды. Жалпы тұрғындардың ұсыныстары,өтініштері ауыл әкімінің үнемі назарында. Соның айғағы, алдыңғы кездесулердегі 1 ұсыныс: Жаңа-жол ауылындағы ауыз су мәселесі шешімін таппай тұр.

Округ елді-мекендеріндегі электр желілері, тоқ тарату қондырғылары, көше жарықтарының шамдары бірқалыпты жұмыс жасап тұр, көшеде бірді-екілі жанып кеткен шамдар ретіне қарай жыл аяғына дейін айырбасталады.Жергілікті мемлекеттік мекемелердегі жылу қазандықтары,жылу жүйелері жөндеуден өткен, керекті отынмен қамтамасыз етілген. Қысқа дайын. Телефон байланыс жүйесі кейінгі жылдары талшықты байланыс жүйесі қолданысқа енгелі халықтың бүгінгі күнгі талап-тілегіне сай жоғары деңгейде жұмыс көрсетеді десек артық айтқандық емес.

Көктас елді-мекені ішкі тас жолдарының тозығы жетіп тұр, дәл жақын арада жөнделеді деп айту қиын, қаражатты көп қажет етеді. Аудандағы елді-мекендерді көктемгі, күзгі тазарту көркейту және көгалдандыру санитарлық жұмыстарды жүргізу туралы Қарқаралы аудан әкімінің өкімін орындау мақсатында «Таза бейсенбі» күндері ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, аулымыздың тазалығы адам денсаулығына қандай пайдасы болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, осындай ортақ іске бір кісідей ат салысып, ауылдың келешегі үшін жұмыс жасау туралы мәміле болған, өкінішке орай, айтылған іске көпшілік тұрғындар үлкен жауапкершілік пен ат салысса, кейбір адамдар біле-тұра өз ауласынан шыққан күл-қоқысты кез-келген жерге төгіп, ойлаған жерін ластап, тастап кете беру фактілері жетіп артылады. Бұл тұрғыда учаскелік инспектор, полиция майоры А.У.Такиров 11 тұрғынға ескертіп, айыппұлдар салғаны туралы айғақтары бар. Тазалық мәселесі ескерту, айыппұл мен шешілмейді,өйткені бұндай жағдай жылда Елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 35 түп ағаш отырғызылды. Үшінші жыл аулымызда «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылуда. Су құбыры толығымен тақау күндері қолданысқа беріледі, таза су ішетін күн алыс емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ел экономикасындағы кәсіпкерліктің ролін ерекше атап өткен. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуда өзіндік орны бар екені белгілі. Округ бойынша аудандық салық басқармасында 2012 жылдың аяғында 50 кәсіпкер тіркелсе, 2013 жылдың 9 айында оның саны 54-ге жетті. Яғни 4 кәсіпкерге артты. Аталған кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні 156 адам жұмыс жасап,еңбек етуде. Бұл округтегі экономикалық белсенді халықтың 13 % пайызын құрайды. «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау», «Салықтық қызмет көрсету стандарттары» туралы ауданда семинарлар өткізіліп, мағлұматтар беріліп тұрады. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыты бойынша 1 адам 3000,0 теңге көлемінде несие алып, бизнес – жоспарларына сәйкес жұмысын жалғастыруда. Селолық округ әкімі аппараты мен 3 жеке кәсіпкерлер арасында бағаның орынсыз өсуіне жол бермеу мақсатында меморандумдар жасалды. Меморандум мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қажетті мөлшерде әкеліп, халыққа қолжетімді бағамен ұсыну. Соның айғағы 2013 жылдың 6 айында бағасы арзандатылған 6 тонна әлеуметтік ұн халыққа таратылып берілді. Жыл басынан Астана, Қарағанды, Қарқаралы қалаларына тұрғындардың ауылшарушылығы тауарларын сату жәрмеңкелері ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының 8 бас ірі қара , 2 бас жылқы,10 бас қой малдары, 150 кг құрт-майы, сүт, ірімшіктері,150 литр қымызы өткізілді. Бұл жұмыстар әліде жалғасын табады деген үміттеміз.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Округтегі барлық меншік түрлері бойынша 2013 жылдың 01 қазанына қалған мүйізді ірі қара малы 2450 бас,аналығы 1380 бас, қой-ешкі 3512 бас,аналығы 2041 бас, жылқы 940 бас, аналығы 415 бас , құс тауық 1200 бас.

Өткен 2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда өсу динамикасы байқалады. Атап айтқанда мүйізді ірі қара өсім 1.11 пайыз 2215 бас (235) бас, аналығы өсім 1,14 пайыз 1205 (175) бас, қой-ешкі өсім 1,17 пайыз 2993 бас (519) бас, аналығы өсім 1,08 пайыз 1897 бас (144) бас, құс кему 40 пайыз 1960 бас (760) 2013 жылғы 9 айда өндірілген ауылшаруашылығы өнімдері бойынша ет 260 тн, сүт 960 тн, жүн 5 тн. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2013 жылға эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқару үшін бөлінген қаражат толығымен игерілді. Барлық мал-түліктері сібір жарасына, үй құстары жоғары зардапты құс тұмауына, ірі қара, ұсақ малдар бурцулез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, аллергиялық тексерістен өткізіліп, бруцеллез ауруы анықталған малдар уақытында жойылып, актілері жасалған. Егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары 2013 жылы жалпы көлемі 2850 га жерге бидай, 500 га жерге арпа, ауыл тұрғындары өз аулаларына тағамдық өнімдерден жалпы көлемі 15 га жерге картоп егіп, тиісінше шаруа қожалықтары бидайдан 3420 тн, арпадан 500 тн, ауыл тұрғындары картоптан 423 тн өнім алып, көлемі 2012 жылдың 9 айымен салыстырсақ едәуір өсу динамикасы байқалады.Бидай 2173 тн, 1.58 пайызға арпа 300 тн, 1,66 пайызға картоп 225 тн, 1,88 пайызға артқан. 3 шаруа қожалығы 500 га сепкен арпаға субсидиясын алды. Үкімет тарапынан аталған бағыттарға жұмыс жасауға ниет білдірген «Жандос», «Көктас» шаруа қожалықтары көпжылдық шөптің тұқымын әкеліп, 150 га жерге себуге, жем-шөп қорының әлеуетін арттыруға бет бұрып отырғанын айтып кеткен жөн. «Жандос» шаруа қожалығы Ауыл шаруашылығын қолдау қоры көмегімен лизинг арқылы МТЗ-82 тракторын алудың жолын қарастыруда. Округ бойынша шаруа қожалықтары көмегімен 2013 жылдың 9 айында 3620 тн мал азығы дайындалып, 2012 жылғы дайындалған 3050 тн 1,18 пайызға артып отыр.

Округ бойынша «Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасы Бырыңғай Ұлттық Жүйесін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.Осы бағытта жасалған жоспар бойынша 2013 жылдың 9 айында анамен бала өлімі тіркелген жоқ, психикалық, наркологиялық қатерлі ісік, сарып, қант диабеті ауруларының деңгейі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмендесе, қан айналымы жүйелері ауруының деңгейі өсіп келеді. Туберкулезбен ауыратын 3 адам анықталып, дер кезінде шаралар көргендіктің арқасында қазіргі уақытта Қарағанды қаласында тубдиспансериясында емделіп, дәрігерлердің бақылауында. Аталған ауру түрлері скриннингтік зерттеулердің жаппай жүргізілуінен анықталып отыр. 2013 жылдың 9 айында округ бойынша 33 нәресте дүниеге келді, 2012 жылғы осы уақыпен салыстырғанда 1 балаға артты.

Бүгінгі күні № 4 мектебінде-268 оқушы білім алады.Мектепте шағын орталықта -3 топ, 2- мектеп алды даярлық тобы, 16 сынып комплектісі бар. Мектепте жаңа үлгідегі мультимедиялық , лингофон,физика,биология, екі иетерактивті тақта, компьютер кабинеттері жұмыс істеп тұр. Мектепте барлық пәндер бойынша мұғалімдер жеткілікті, маман қажеттілігі жоқ. Мектепте оқу жылында 2 рет «Ресурс орталығында» магниттік мектептер жиналып оқушыларға сессия өткізіліп тұрады. Мектептің 2013 жылғы көрсеткіштері жаман емес. Орта мектепті бітірген 14 оқушы бітірді.ҰБТ-дан орташа 64,5 % балл жинап. Жоғары оқу орнына грантпен оқуға түскен оқушы саны-2. Бір айта кетер жағдай мектеп 1982 жылы салынып пайдалануға берілген, содан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінгі күні заман талабына сай күрделі жөндеуді қажет етеді..

Жаңа жол елді мекеніндегі № 11 негізгі мектеп 2012 жылы жөндеу жұмыстары жасалып, жұмыс жасауда. Бұл ұжымда мұғалімдермен қамтамасыз етілген, балалардың білім алуына жағдай жасалған. Бұл жерде келешекте жұмыс жасаудың қиындығы, бала санының аздығы.

Мәдениетті дамыту саласында Көктас «Мәдени – сауық орталығы» халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс-жоспар бойынша өз деңгейінде өтіп тұрады. 2013 жылдың 9 айында атаулы мерекелік күндерге концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өткізіледі. Мәдени шаралар өткізуге музыкалық аппаратуралар бар, бірақ тозығы жеткен, ішкі жиһаздарыда ескірген. Округтегі Көктас, Жаңа жол елді мекендерінде екі кітапхана жұмыс жасайды. Жаңа-жол елді мекеніндегі кітапхана ғимараты ескірген, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Келешек ұрпаққа тәрбие беруді дұрыс қалыптастыруда спорттың алатын орны ерекше. Бұқаралық спорт - бұл жас жеткіншектер мен үлкендердің бос уақытын дұрыс пайдаланып өткізу.

Әлеуметтік – саяси ахуалды дұрыс қалыптастыруда ақпараттық – баспасөз құралдарының да атқарар ролі ерекше екені белгілі. Пошта байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындардың зейнетақылары, жәрдемақылары, еңбекақылары таратылып, әртүрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғарғы деңгейде жүргізілуде.

Халықтың қауіпсіздігі мен мал – мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуде учаскелік инспекторлар біршама жұмыстар атқарды.. Жас өспірімдер мен оқушылар арасында «Қылмыс және тәртіп» тақырыптарында, тентектерді ақсақалдар кеңесіндее талқыға салу сияқты тәрбиелік маңызы бар отырыстар өткізіліп тұрады.

Қоғамдағы тұрақтылық өз кезегінде діни тұрақтылыққада байланысты. Діни қарым – қатынас мәселелерін бір сәтте назардан тыс қалдырмай үнемі бақылауда ұстауымыз қажет. Елдің ұйытқысындай болып отырған ардагерлеріміздің, ардагерлер Кеңестерінің де ұрпақ тәрбиесіндегі, ел бірлігініңде ақыл кеңестері бізге ауадай қажет. Біз ауылымыздың ақсақалдары мен аналарымызбен ардагерлерімізбен мақтанып, қай кезде де болмасын құрметтеп жүреміз. Ауылымыздағы қоғамдық ұйымдар «Нұр Отан» ХДП, Ардагерлер ұйымы, әйелдер кеңестері ауыл әкімшілігімен бірлесіп жоспарлы мәнді мағыналы түрде жұмыс жасауда.

Алдымызда әлі атқарылатын істеріміз көп.

1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Көктас елді-мекені ішіндегі 6 км тас жолдарға қаражат қарастырылып,жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Көктас елді-мекеніндегі селолық округ әкімі аппаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе.



Балқантау селолық округінің әкімі Р.Смағұловтың атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес үстіміздегі жылдың 1 қазаннан бастап бұл Жарлық қолданысқа енгізілуіне байланысты барлық деңгейдегі әкімдер халыққа есеп беру кездесулерін қолға алып бастап, іс жүзіне асыруда.

Халықпен кездесу барысында өткен кездесудегі атқарған жұмыстары және алдағы кезеңде халықтың әл ауқатын жақсарту мен экономиканы дамыту бағытында белгіленген іс-шараларды назарға ұсыну қалыптасқан дәстүрге айналды. Балқантау селолық округі әкімшілігінің 2013 жылы жалпы атқарылатын жұмыстар Ел басының Қазақстан халқына 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына, осыдан туындайтын облыс әкімінің, аудан әкімінің биылғы жылғы есеп беру кезеңінде қойылған мәселелер және проблемаларға сәйкес жүргізілуде.

Селолық округі әкімдігінің алдында тұрған мәселелер ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, экономикалық жағдайларын жақсартуға бағытталған. Биылғы жылы аудандық бюджеттен селолық округі әкімдігіне барлығы 11 млн 301 мың теңге қарастырылған болса, оның ішінде 9 млн. 706 мың теңге тікелей әкімдік аппаратын ұстауға, 1 мил. 380 мың теңге басқадай бағдарламаларды іске асыруға қарастырылса оның ішінде көшелерді жыл басында қардан тазалауға, Қарабұлақ селосындағы су жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға, көшелерді сәулеттендіруге және көшелерді жарықтандыруға, ал 855 мың теңге село көшелеріндегі жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге қарастырылған. Бұл қаражаттың барлығы жыл аяғына дейін толық игеріледі деген сенім бар.

Округ әкімдігінің басты міндеті бюджет қаржысын игеру мақсатында тиісті ұйымдастыру және басшылық жасауда қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі уақытта жоғарыда атап көрсетілген бюджеттің қаржылары бағытталған салалар бойынша толық игерілді. Биылғы жылы Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолын Қарабұлақ селосымен жалғайтын 9 шақырым жолды жөндеуден өткізуге 25 миллион теңге қарастырылған. Осы жылдың қазан айында жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, бұған бөлінген қаржы игерілді. Балқантау селолық округінде 1110 адам тұрады. Еңбекке жарамды тұрғындардың арасында 452 адамның тұрақты жұмысы бар. Биылғы жылы 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 2013 жылы 5 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар қатары азайып келеді. 15 отбасы балаларға жәрдем ақы алды. Халықты жұмыспен қамтуда округтегі шаруа қожалықтарының алар орны ерекше. Ауылда жұмыс істейтіндердің негізгі бөлігі округтегі 23 шаруа қожалықтарының құрамында.

Селолық округі бойынша мал басының өсіміне қол жеткізуде. Жалпы халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы төмендеген жоқ. Бүгінгі күні селолық округі бойынша ірі қараның басы 2843 басқа, қой ешкі 23110 басқа, жылқы 1060 басқа жетіп мал өсімі байқалды. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары жылдың әр мезгілінде, «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне ұйымшылдықпен қатысып, өз өнімдерін қала жұртшылығына саудалайды. Негізінен өнімдерін делдалдар арқылы өткізіп, өздеріне керекті жағдайларын жасайды.

Селолық округі бойынша 23 шаруа қожалығы есепте тұр, оның ішінде 9 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады. Биылғы жылы 4800 га алқапқа дәнді дақылдар себілді, оның ішінде 4300 га бидай, 500 га арпа қазіргі уақытта егін ору науқаны қызу жүруде. Әр гектардан орта есеппен 8 центнерден егін алынуда. Бұл науқандық жұмыс қазан айының 15 –не дейін толық аяқталады. Селолық округі бойынша мал азығының жоспары 8250 тонна болса тамыз айында 120% орындалды.

2013 жылы селолық округі бойынша сырттан инвестиция тарту, мал азығын дайындау, мал өнімдерінің сапасын және көлемін арттыру жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап көрсеткенде: «Балқантау» шаруа қожалығы еркек тоқтыны және кәрі қойларды бордақылау алаңын іске қосу жұмыстары аяқталу үстінде. Сонымен бірге ірі қара малдарын асылдандыру бағытында «Балқантау», «Қызылкөл», «Алға», «Делана», «Азамат», «Талды» шаруа қожалықтары аталық ірі қара сатып алса. Ал «Азамат», «Балқантау» шаруа қожалықтары қой малдарын асылдандыру мақсатында аталық қой малдарын алып жоспарлы жұмыстарын жүргізу үстінде.

Биылғы жылы 9 ай ішінде тұрғындардан 6 өтініш түсіп, оның барлығы да өз шешімін тауып орындалды. Жыл басында аудан әкімінің халықпен кездесуінде Айнабұлақ елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде мәселе қойылған болатын. Жалпы бұл мәселе аудан әкімдігінің шағын ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасында қаралған, қаржы мәселесі шешілсе 2014 жылы бұл ауылда ауыз су мәселесі шешілетін болады.

Ауылдағы халыққа қызмет көрсететін медицина жұмыстары қадағаланып, тиісті нұсқаулар беріліп отырады. Ауылда 1 орта, 1 негізгі мектеп, 2 ФАП, 2 кітапхана, 1 клуб үйі, 1 спорт ғимараты тұрақты жұмыс жасайды. Бұл мекемелердің ғимараттарына биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары толық жүргізіліп, жылу жүйелері іске қосылуына әзір. Қазір аталған мекемелерде мәселелер шешіліп, қалыпты жұмыс атқаруға толық мүмкіндіктері бар. Пошта бөлімінің жұмысы дұрыс жолға қойылған, баспасөзге жазылуда ауыл тұрғындары белсенділік көрсетуде. Ауылда санды АТС орнатылып, бүгінгі күнге 168 телефон нүктесі жұмыс жасауда, оның ішінде Айнабұлақ бөлімшесінде 27 телефон нүктесі бар.

Селолық округі бойынша мал дәрігерлік алдын алу шаралары уақытында жүргізілуі қадағалануда, бар мал басынан қан алынып тексерілді, оның ішінде бруцеллез және туберкулез ауыруына, жыл ішінде 36 бас ірі қара бруцеллез ауыруына анықталып тегіс жойылды. Ірі қара мен қой малдарын тегіс сырғалау, паспорт беру жұмыстары аяқталу үстінде.

Ауыл әкімдігінің негізгі міндеттерінің бірі қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Жыл бойында 6 рет жоспарлы түрде халықтың жиыны өткен, соның біреуіне учаскелік инспектордың есебі тыңдалы, орны алған кемшіліктер, оны болдырмау жолдары талқыланып тиісті шешім қабылданған.

Айтылып өткендегі атқарылған жұмыстар мен қатар орын алған кемшіліктер баршылық. Оның ішінде қызмет көрсететін мекемелер: байланыс торабы, почта бөліміне сиректе боласа наразылықтар туып тұрады.

Кітапхана, клуб жұмыстарында жаңалықты насихаттау, бүгінгі күн талабына сай жұмыс істеу жетіспей жатады. Халыққа әр түрлі жиындарда айтылғаны мен жылқы малын бағымын ұйымдастыру, мал ұрлығын болдырмауды бірден бір жолы екенін түсіндіру жұмысы жеткіліксіз.

Селолық округінің әкімшілігінің барлық жұмысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атауымен жарық көрген жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға халықты жұмылдыру болып табылады.

Жыл аяғына дейін атқаралатын жұмыстарға тоқталсам :

- Жеке меншіктің мал тұқымын асылдандыру жұмысымен

шұғылдануына ықпал жасау /қолдан ұрықтандыру пункттерін

ашылуына жұмыс жасау/.

- Шаруа қожалықтарының несие алуына жұмыс жасау арқылы асыл тұқымды мал сатып алып өсіру.

- Жеке кәсіпкерлермен айналысуға ниет білдіргендерге ықпал жасау.

Атқарылар жұмыстардың ауқымы көп, бірлесе отырып атқарсақ орындалатынына сенім мол. Негізгі бағыт халықтың әл – ауқатын төмендетпеуіне жұмыс жасау.

Угар селолық округінің әкімі С.М.Омарбековтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Биылғы жылы Угар селолық округі әкімшілік аппаратына 18 млн. 728 мың теңге қаражат бөлінді. Оның 10 млн 612 мың теңгесі жергілікті бюджеттен болса, республикалық трансферттен 6 млн 202 мың бөлініп, бұның 5 млн теңгесі «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 319 мың теңге қаралған. Мемлекеттік органдардың кұрделі шығыстары бағдарламасы бойынша 280 мың теңге, «әкім аппаратына берілген 2 бірлік маманға жалақы төлеуге 603 мың теңге және елді мекенді абаттандыру бағдарламалары бойынша 1 млн 4 мың теңге, көше жарығының электр қуатына 170 мың теңге, елді мекенде автомобиль жолдарын қамтамасыз ету 330 мың теңге, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға 215 мың теңге, мемлекеттік органдардың күрделі шығыстарына 195 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге осы бөлінген қаражаттың 15 млн 486 мың 281 теңгесі игеріліп отыр. Қалған 3 млн 241 мың теңге әкім аппаратын ұстауға (жалақы, телефон байланыс, электр қуатына, жанар-жағар майға, және жолды қардан тазалау жұмыстарына 80 мың теңге) бойынша игеріледі.

Округтік ауыл әкімшілігінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуде биылғы жылы тұрғындарға 300 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта «Электронды үкімет» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызметтер онлайн режимінде электронды түрде көрсетілетін болады. Бұл дегеніміз тұрғындардың сапалы және уақытында тиісті құжаттарын алуға көп жеңілдік береді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірден-бір шарасы болып табылады.

Кейінгі жылдары ауылды абаттандыру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуде. Жоғарыда айтылғандай биылғы жылы республикалық бюджеттен көше жарықтандыру жұмыстарына 5 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды баға ұсыну тәсілімен Қарағандылық жеке кәсіпкер Сағатов Абай Қанатұлы 5 млн. теңгеге жеңіп алды. Сметалық құжатқа сәйкес 30 баған орнатты. Қосымша екі көше шамын орнатты. Инновациялық жоба ретінде көше жарығын күн сәулесімен қуаттандыратын шамдар орнатылды. Көше жарығын орнатуда ауылдың 2 азаматы келісім шарт арқылы жұмысқа алынды. Сондай-ақ аббаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 100 мың тенге бөлінді. Оның 50 мың теңгесі көктем және күз айларында былтыр орнатылған бетон шарбақтарды бояу жұмыстарына бөлінсе, билборд және банер сияқты безендіру жұмыстарына 50 мың теңге бөлініп отыр және де жергілікті бюджеттен ауыл ішін қардан тазартуға 160 мың теңге бөлінді. Аталған жұмыстарды «Тазалық» ЖШС-мен келісім шартқа отырдық.

Биылғы жылы табиғаттың тосын күші салдарынан ауылға дала суы кіріп кеткен болатын, осыған орай ауданнан көмек сұраған болатынбыз, соған байланысты ауданнан, облыстан арнай техникалар мен мекеме басшылары және мамандары жағдайымызды білуге, көмек көрсетуге келген. Осы есептік баяндамамда ақпараттық құралды пайдалана отырып, Матақ ауылының жұртшылығына сол кездердегі қиыншылықтарға қарамай төзімділікпен сабырлық танытып, түсінікпен қарағандықтары үшін ауыл әкімі ретінде шексіз алғысымды білдіріп, рахмет айтамын. Жалғыз бұл мысал емес, жалпы Матақ ауылы жол аузында орналасқандықтан қыс айларында жол бойында жолаушылар әртүрлі себептермен жолда қалып көмек сұрап жатады. Сол кезде ауыл тұрғындары күндемей, түн демей бірі автокөліктің сайманымен, жанар-жағар маймен танымайтын бөтен кісі екендігіне қарамай үйлеріне түнетіп, қол үшін беріп, көмектесіп жатады. Осыған орай көктемгі су тасқыны болғанда ауыл ішіндегі мектепке барар жолдағы өткел бұзылған болатын. Соның орынына жергілікті бюджеттен 904 мыңға «Өнім» ЖШС тендерді жеңіп алып, жаңадан 18 метрлік қысқа мерзімде сапалы өткел салып берді. Сонымен қатар аудан әкімшілігінің төтенше жағдайлар бөлімі арқылы осы қазан айының ішінде ауылдың жанынан бірнеше жерден жасанды су бөгеттері мен арналар жасауды жоспарлап отыр.

Төтенше жағдайға байланысты тағы бір жағымды жаналық ол ауылдың жанынан «Медицина және апаттық аймақ» орталығы жедел жәрдем медициналық бекет құрлысын бастады. Осы бекетті салуға ауылдан үш-төрт азаматы жұмысқа тартылды. Бекет құрылысы қараша айында толықтай бітіп, іске қосылмақ.

Ауыл ішіндегі санитарлық тазалық жұмыстарына тоқталсақ, ауылдан 2 камаз автокөлігі тіркемесімен, 4 трактор күрегімен қыстан шыққан мал көңінен, күл-қоқыстан тазарту жұмыстарына ауыл тұрғындарының келісім бағасы бойынша жұмыс жасады.

Биылғы жылы 1,5 мың тоннаға дейін күл қоқысты шығардық, жыл аяғында тағы 500 тоннаға жуық күл-қоқыстан тазартуды жоспарлап отырмыз. Орындалу мерзімі көктем және күз айлары. Сонымен қатар жеке меншік үйлердің сыртқы келбеті мен шарбақтарын түзету, ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен құрылыс қалдықтарынан тазарту жұмыстарына 319 мың теңгеге бөлінді. Оны баға ұсыну тәсілімен Қарағандылық «Каплан-Н» ЖШС жеңіп алды. Серіктестік басшысы А.Ю.Каплаухов.

Мал бағыны мен мал ұрлығына келетін болсақ биылғы жылы Матақ ауылында 2 мал ұрлығы тіркелді осы мал ұрлығын алдын алу үшін мал бағынын бірлесе отырып, ұйымдастырайық ағайын. Осы мал бағыны жөнінде жыл басынан бастап бірнеше рет өздеріңізбен кездесу жиындарын өткізген болатынбыз өкінішке орай осы мал бағыны осы күнге дейін дұрыс шешім таппай келеді. Осыған орай мал ұрлығын алдын алуда бірден бір жолы малды сырғалап, таңбалау жұмыстарын жүргізу бұл шаралар жүргізу кезінде сіздерден сұрайтыным ветеринар мамандарына шараларын өткізуде түсіністікпен қарап ықпал жасауларыңыз сұралады.

Мәдениет саласына келетін болсақ ауыл клубы көп жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпегені өздеріңізге мәлім. Сол себепті былтырғы жылы республикалық бюджеттен 5 млн теңге ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Оған клубтың шатыры, есік-терезелері мен жылу жүйесі сияқты жұмыстары толығымен ауыстырылып жүргізілді. Биылда былтырғы жылы аяқталмай қалған клубтың жұмыстарына республикалық бюджеттен толық күрделі жөндеуден өткізу үшін 9 млн теңге бөлінді. Оны Қарағандылық кәсіпкер «Мұрат-Сервис» ЖШС жеңіп алып, бүгінгі күнде жөндеу жұмыстарын ойдағыдай жүргізуде. Жөндеу жұмыстарын толығымен қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Осы жөндеу жұмыстарын «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы ауылдан 4 адам жұмыспен қамту мекемесі арқылы алынды.

Білім саласы бойынша айтар болсақ Матақ ауылында ауданда теңдесі жоқ жаңа мектебіміз бар. Екі интерактивті тақта, кең жолақты интернет жүйесі жұмыс жасайды, компьютермен қамтылған. Жылда «Дипломмен ауылға» атты бағдарламамен әр пәндер бойынша жас мамандар келуде. Жастарды ауылға тұрақтандыру мақсатында, жоғары үстемесімен үкіметтен төменгі пайызбен жеңілдетілген несие алыпта жатыр. Ауылға келген бір –екі жас маман өз алдына отау құрып жатқаны да бар. Бірақ осыған қарамастан мектептің білім денгейі кейінгі екі жыл бойы төменгі нәтиже көрсетіп келуде. Мектеп ұжымында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, тәжірибелі ұстаздар да бар. Жоғарыда айтып кеткендей Матақ ауылының мектебі аудандағы көпшілік мектептермен салыстырғанда мүмкіншілігі жоғары. Ендігі айтарым мектеп ұстаздары келешекте баланы оқыту тәсілдерін жаңарту, ширату керек деп санаймын. Биылғы оқу жылына 70 оқушы қалды, оның 5 оқушысы 11 сыныпта. Ендігі бар үмітіміз осы 5 оқушы алдағы ҰБТ-ден сүрінбей өтсе деп тілейміз.

Медицина саласы бойынша, ауылда бір фельдшерлік пункт бар. Онда бір фельдшер маман жұмыс істейді. ФП –ке де біраз жылдан бері күрделі жөндеуден өткен жоқ. Жөндеу жұмыстарына біраз қаражат қажет етеді. Өз тарапымыздан қолдан келетін көмектерді беріп тұрамыз.

Ауыл шаруашылық саласында инвесторлық жобаға сәйкес ірі қара малын асылдандыру мақсатында ауыл тұрғыны «Ақмола» шаруа қожалығының басшысы Жунусов Саят Ақмола облысының «Новобратское и К» ЖШС 15-18 айлық 53 бас қазақи «Ақ бас» малдарын сатып алу үшін 28 миллион 500 мың теңгеге екі жақты келісім-шартқа отырды. Сонымен қоса Қостанай облысының «Крымское» асыл тұқымды заводынан лизинг арқылы 150 бас «Ақ бас» сиыр тұқымын алу үшін «Казагрофинанс» АҚ келісім жұмыстарын жүргізіп отыр. Осы жұмыстарды жүргізіу үшін Матақ ауылына қарасты «Ақбұлақ» мекенінен 843 га. егістік жер, 4800 га. жайлымдық және 2200 га. шабындық жер сұрап отыр. Бүгінгі күнде осы жерлерді заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Дала жұмыстарына келетін болсақ биылғы жылға дала жұмыстарына көп жылдық шөптің тұқымына «Рымхан» ш/қ 150 га. және «Жасұлан» ш/қ 200 га. тапсырыс берді. Сонымен қатар «Жұлдыз» ш/қ 100 га. көп жылдық шөпке және 50 га. арпа тұқымына тапсырыс берді. Барлығы 10 тонна жанар-жағар майға тапсырыс беріп отыр. Бүгінгі күнде тұқымның келуін күтіп отыр.

Әлеуметтік салаға келсек Матақ ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Рахметов Төлеу биылғы жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге алып, Қарқаралы тас жолының 139 шақырымдағы автокөлік аялдамасының маңынан көпшілік тамақтанатын және автокөлік жөндеу жөндеу орынын ашуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз қосымша 4-5 адамға жұмыс орыны ашылмақ. Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Осыған орай «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы жылқы малын ірілендіру, асылдандыру мақсатында Матақ ауылының тұрғыны Қ.Божанов 3 млн теңге алған болатын. Бұлда ауылдағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір көрінісі.

Проблемалық сұрақтар.

1. Ел басы жолдауында атап өткендей салауатты өмір саясатын қолдау мақсатында шағын жасанды футбол, балалар алаңдарын салуға қаражат бөлінсе.

2. Бүгінгі күнге дейін Матақ ауылының тұрғындары ащы ауыз су ішіп отыр, колонкадан сапалы әрі тұшшы суды пайдалану үшін арнайы фильтр қондырғысын алуға қаражат қарастырылса.

3. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілсе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет