Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында Темірші селолық округінің әкімі Қ. Мұхтардың атқарылған жұмыстар мен алда тұрғанміндеттер туралы есебі


Нұркен Әбдіров селолық округі әкімі А.Нөгербековтің атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі



бет4/7
Дата02.07.2018
өлшемі467 Kb.
#45790
1   2   3   4   5   6   7

Нұркен Әбдіров селолық округі әкімі А.Нөгербековтің атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Үстіміздегі 2013 жыл бүкіл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында біршама жетістіктермен табысты болды.

Ауыл әкімшілігі жылда, өткен жылғы атқарған жұмыстарды саралап, алдағы мерзімде атқарылатын жұмыстарды белгілеп отырады.

Биылғы жылы өздеріңізге мәлім ауылда үлкен қомақты жұмыстар атқарылуда.

1967 жылы салынған мәдениет үйіне Үкіметтің өңірлерді дамыту бағдарламасы және аудандық мәдениет бөлімі тарапынан қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Бұл жұмысты Қарағанды қаласының «Сахат құрылыс» ЖШС атқарды. Мәдениет үйінің толық шатыры,есік,терезелері, ішкі бөлмелері, жылу жүйесі жаңартылды.

Сонымен бірге облыстық денсаулық бағдарламасының үнемделген қаржы есебінен ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты Қарағанды қаласының «Автобан» ЖШС жүргізілуде. ЖШС басшысы Саджанов Жанат мырза көмек жасап бұл жұмыстарды жобадан тыс артығымен орындап жатыр.

Өздеріңізге мәлім бастапқыда «Таза су» кейін «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауылда таза су құбырын тарту жұмыстары биылғы жылы іске қосылу қажет. Бұл жұмыстарды үшінші жыл Саран қаласының «Энергия» ЖШС атқаруда. Бүгінгі күні ауыл орталығында 262 нысанға оның ішінде 254 әр үйге жеке су құбыры тартылды. Бүгінгі күні су соратын станцияда жұмыстар аяқталды, су қабылдайтын мұнараны және көшелерде тегістеу, түзету жұмыстары жүріп жатыр. Таяу арада ауылдың бір басынан бастап су беріледі, мердігер тарапынан суды жеткізу жұмыстары жүреді.

Орта мектепте бүгінгі күні 206 оқушыға 41 мұғалім дәріс беруде. Өздеріңізге белгілі биылғы оқу жылында оқушылар саны өткен жылға қарағанда 50 оқушыға азайды. Жаңа оқу жылына бірінші сыныпқа 17 бала келді. Келешекте оқушылар саны азаятын қауіп бар.

Пошта, байланыс торабы жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы жаңа сандық жүйелі СДМА-450 телефон жүйесі қосылды. Бұған бүгінгі күні 253 телефон нүктесі қосылды. Ауыл шеңберінен тыс Ежебай, Милыбұлақ елді мекендері және қыстақтарында телефон нүктелері қосылды.

Бүгінгі күні округ бойынша үш елді мекенде 1352 адам турады.

Оның ішінде экономикалық белсенді тұлағалар санатына 716 адам жатады.

Жылда көктем айы басталғанда көктемгі санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстарды жекелеген шаруа қожалықтары, жеке тұрғындар және аудандық «Тазалық » мекемесі жұмыс жасап 1400 тн көлемінде күл қоқыс шығарылды.

Тазалық айы жарияланып аптаның бейсенбі, сенбі күндері сенбілік өткізіліп отырды.

Мекемелер маңайы, орталық және сыртқы жол бойы тазаланып отырылды.

Аудандық «Тазалық» КМК көмегімен Ақшоқы елді мекенінің жолы және ауылдың кіре беріс 2 км бойына ұсақ тас жайылып тегістелді және автокөпірге жөндеу жасалды. Әкімшілік тарапынан үлкен автокөпірге және жаяу жүргіншілер көпіріне жөндеу жұмыстары жасаланып боялды.

Алайда ауыл орталығында және Ақшоқы ауылында кейбір үйлер маңын күл-қоқыс басқан. Келешекте бұл үй иелерімен тазалық жөнінде жұмыс жасауымыз қажет.

Көктемегі мезгілді әкімшілік ғимараты және мәдениет үйі маңайында 80 түп ағаш отырғызылды. Жаз мезгілінде суару ұйымдастырылды.

Ауылдың кіре берісіне жаңадан ауыл паспорты қойылды, жаңадан 3 билборд ілінді.

Ауыл орталығында мешіт жұмыс жасап тұр, өздеріңізге мәлім ауыл азаматтары көмегімен біршама жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқы мерзімге отыннан көмектесу ойымызда.

Округ бойынша егін шаруашылығымен ешкім шұғылданбайды. ШҚ және халық шаруашылығы бойынша 5240 тн көлемінде мал азығы шөп дайындалды. Қыс мерзіміне бүгінгі күні арзандатылған мал жемі кебекке сұраныс берілді, оны ұйымдастырып жеткізу қажет.

Мал бағыны ұйымдастырылғанымен толық қамтылмай отыр.Әсіресе ауыл орталығы Жаңа ауыл жағында мал бағыны дұрыс жолға қойылмай тұр. Ауыл маңайын кейде жылқы басып кетедіү Бұл ешқандай сын көтермейді.

Округ бойынша мал дәрігерлік жұмыстар биылғы жылы толық орындалды. Ветеринарлық пункт толық мал дәрігерлермен қамтылған биылғы жылы жаңа автокөлік берілді. Малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы мал өлекселерін жерлеу орнына тиісті құжаттары дайындалып ауданға берілген, бүгінгі күні шешімі шықпай отыр.

Биылғы жылыту маусымына тиісті 4 мекеменің екеуі толық көмір отынымен қамтамасыз етілді. Тая арада мектепке және әкімшілік ғимаратына көмір жеткізіледі.

Селолық округ бойынша 19 шаруа қожалығы бар, оның 15 жұмыс жасап тұр, Биылғы жылы «Нур»ШҚ « Сыбаға» бағдарламасы бойынша 52 бас ірі малын сатып әкелді. «Сарыжайлау» ШҚ лизингке жаңа МТЗ-82 тракторын алды. «Жаңа олке» ШҚ келешекте мал азығын дайындау мақсатында көп жылдық. Шөп тұқымын алды.

Шағын бизнес саласында биылғы жылы жаңадан 4 кәсіпкер тіркелді. 1 дүкен, 1 монша,1 шағын токарлық цех ашылды. Бүгінгі күні ауылда 5 дүкен, 1 наубайхана, шаштараз жұмыс жасайды. 1 кәсіпкер кірпіш құйып сұраныстарды орындауда.

Халықтың қажетін өтеуде ауыл орталығынан Қарағанды қаласына тұрақты шағын автобус қатынауда.

Биылғы жылы қоғамдық жұмысқа 6 адам тартылды,сонымен қатар ауылдағы күрделі жөндеу жұмыстарына, су құбырын тартуға, археологиялық жұмыстарға жаз айларында 30 адам тартылды.

Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан зейнеткерлерге санаторийларға сұраныстары бойынша жолдама беріледі.

Денсаулық саласы бойынша 1 ОДА және ФАП жұмыс жасайды. Бүгінгі күні амбулаторияға маман жетіспейді, бір акушер, бір лаборант мамандары қажет.

Орта мектеп бойынша биылғы 2013 оқу жылында 18 оқушы аяқтады, оның ішінде 6 оқушы ҰБТ тапсырып орташа 72 балл жинады,екі оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.

Мектеп жанынан шағын балалар орталығы жұмыс жасап тұр. Қажетті тәрбиеші-қызметкерлермен және жабдықтармен қамтылған. Бүгінгі күні осы шағын орталықта 55 бүлдіршін күтілуде.

Ауылда жалпы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Учаскелік полиция инспекторы және көмекшісі жұмыс жасайды. Алайда келешекте осы екі сақшымыздың біреуі ауыл орталығында тұрақты тұрғаны дұрыс болар еді.

Ауылдағы қоғамдық ұйымдар: Ардагерлер кеңесі, әйелдер кеңесімен үнемі тығыз байланыста жұмыс жүргізіледі.

Мерекелік күндер үнемі аталып өтіледі. Бұл қоғамдық шараларға ауылымыздағы шаруа қожалықтары, жекелеген кәсіпкерлер, ауыл азаматтары қолғабыс жасауда.Бұл демеушілерімізге үнемі атын атап ризашылығымзды білдіреміз.

Жаңа дәстүрге айналған жерлесіміз Н.Әбдіровты еске алу жөнінде спорт турнирі өтеді. Ауыл жастары спортқа құштарылығы жоғары, әр түрлі жарыстарға қатысады. Өздеріңізге мәлім Жастар арасында өткен Азия чемпионатында ауылдасымыз Мейрем Еламан күміс жүлдегер атанды.

Селолық округ әкімдігі келешек жұмыс жоспарларын үнемі халықпен пікірлесіп отырады. Алдағы мерзімде төмендегі мәселелер шешілсе:

1.Нұркен – Қарқаралы автожолын жөндеу.

2.Ауыл орталығынан шағын спорт алаңын салу;

3.Шаруа қожалықтар жұмыстарын өркендету;

4.Ауыл көшелеріне күн энергиясы арқылы жарық беру.

Бақты селолық округінің әкімі Б.Жабдиковтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Бүгінде тәуелсіздік жылдары өткен жолымызға көз жүгірте отырып, елеулі табыстарға қол жеткізіп, еліміздің биіктерге қол созғанына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен жасалған реформалар және былтырғы жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауы бүкіл қазақстандықтардың, соның ішінде біздің облыс, аудан, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға серпін беріп, болашаққа деген бағыт- бағдарымызды айқындады.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында округ әкімі аппараты 2013-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасап, аудан әкімдігінің басшылық қолдауымен жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыруда.

Жыл басында өткен кездесудегі айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы дерлік оң шешімін тапты. Ауыл тұғындары тарапынан орталық клуб ғимаратының жөндеу жұмыстарын аяқтау және елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарын атқару сұралған болатын. Клуб үйінің жөндеу жұмыстарын атқару үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес 1 млн. 200 мың тенге қаражат бөлінді. Осы қаражатты игеру мақсатында тендер жарияланып, Қарағанды қаласынан «Иншат» ЖШС-гі жеңімпаз атанып, жөндеу жұмыстарын тамыз-қыркүйек айларында атқарып бітірді. Клуб ғимараты бүгінгі күн талабына сай келбетке ие болды, енді оған музыкалық аспаптар мен көрермен залына орындықтар алу міндеті тұр.

Селолық округтің елді мекендерін жарықтандыру жұмыстарыда жоспарға сәйкес атқарылуда. Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 5 млн. тенге қаражат қарастырылып, орталықтаға Мезгілбайұлы және Тәуелсіздік көшелеріне шілді-тамыз айларында күн сәулесінен жарық беретін 24 баған орнатылды. Осы жұмыстарды Қарағанды қаласынан «Инновация Тех» ЖШС-гі атқаруда және бұл мекеме кестеге сай қыркүйек айында тағы 10 баған орнатады.

Әкім аппаратының басты міндеттерінің бірі салық түрлерін жинауды ұйымдастыру және жаңа кәсіпкерлерді тіркеп, жұмыс орындарын ашу болып табылады. Бұл орайда жер және мүлік салығы жоспары толық орындалды және жаңадан 3 шаруа қожалығы («Ерлан», «Ешкіөлмес», «Қайрат» ШҚ-тары) тіркеліп, онда 7 жұмыс орны ашылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен қамту мекемесіне 2 ауыл тұрғыны өтініш берген болатын, одан 1 адам несие алып, қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында ірі қара малдарын сатып алды, ал біреуінің құжаттары дайындалу үстінде.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Мүлкібай» ШҚ-ғы «Қарқаралы» несие серіктестігінен 1,0 млн. тенге несие алып, асыл тұқымды жылқы сатып әкеліп, бағып-күтуде. «Мейір» және «Би-аға» ШҚ-тары асыл тұқымды ірі қара малдары үшін жылма-жыл мемлекеттен субсидия алуда.

Ауыл шаруашылығының басты бір саласы болып мал шаруашылығы саналады. Округ бойынша ауыл шаруашылығын дамыту саласында 37 шаруа қожалығы еңбек етуде. Жалпы округ бойынша халықтың қосалқы шаруашылығында мал басын өсіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуде.

Осы жылдың 1-шілдесіне округ бойынша ауыл тұрғындарының меншігінде 2754 бас ірі қара, 10361 бас қой-ешкі, 734 бас жылқы,2079 құс тіркелген. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара бойынша 102% ,қой-ешкі 103% , жылқы 105% орындалып, ауыл тұрғындарының мал басының өскендігі байқалып отыр. Шаруа қожалықтарында да мал басының өсімі байқалады. Әсіресе, жылқы саны 2 есеге таяу артқан. Асыл тұқымды жылқының басын көбейту оң жолға қойылған. «Би-аға» ШҚ-ғы биылғы жылы асыл тұқымды 50 бас ірі қара сатып алуды жоспарлап отыр.

Селолық округте «Би-аға» ШҚ-ғы егін шаруашылығымен айналысады. Аталған ШҚ-ғы 200га жерге бидай және 100га жерге арпа септі, арпа өсіруге мемлекет тарапынан субсидия алды.

Мал азығының мол қорын жасау мақсатында «Мейір» және «Би-аға» ШҚ-тары житняк тұқымын сатып алды, осы күзде себуді жоспарлап отыр.

Селолық округ бойынша барлығы 6610 тн. Мал азығы дайындалып, жоспар 119% орындалды.

Астана қаласында және облыс орталығында қатарынан бірнеше жыл қазан, қараша айларында «Ауыл-береке» жәрмеңкесі өткізілуде. Жылдан жылға жәмеңкеге қатысушы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының қатары көбейіп келеді.

Елді мекендерде шағын кәсіпкерлік саласында халыққа 7 дүкен, 1 кафе, 1 асхана, 1 наубайхана, 1 монша қызмет атқаруда. Биылғы жылы тағы да бір наубайхана ашу жоспарланды.

Бақты елді мекенінде байланыс жүйесіне тіркелген 175 абонент тұрақты жұмыс жасап тұр. Абыз елді мекенінде 3 телефон нүктесіне қосымша тағы 1 телефон қосылды. Абыз елді мекені тұрғындары шағын АТС /30-40 номерлік/ немесе «Билайн» ұялы телефон жүйесіне қосуды сұрайды. Осы мәселе әлі шешімін таба алмай келеді.

Селолық округтің елді мекендеріндегі тұрғындарды ауыз сумен тұрақты, жүйелі түрде қамтамасыз етілуде. Биылғы жылы «Абыз» елді мекенінің су құбыры жүйесі толық бітіп, пайдалануға берілді. Бағдарламаға сәйкес су құбыры барлығы 55 үйге тартылды және қосымша көшелерге 13 колонка орнатылды. Осы жүйенің қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету жеке кәсіпкер Сепин Ермекке жүктелді.

Бақты ауылының су құбыры жүйесіне жаңадан насос орнатылып, электр желісіне толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ орталығын жәнет Абыз елді мекенін абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау бағатында біршама жұмыстар атқарылды. «Қазақмыс» корпарациясының «Дорстрой-ХХІ век» мекемесінің көмегімен орталық мекеннің көшелеріне 1,5 км жолға балласт төгіліп, тегістелді. Ауылға кіре беріс жолдың және Абызға баратын грейдердің су шайып кеткен жерлеріне топырақ төгіліп, реттелді. Бақты ауылынан ЖК «Мусаханов»-тың техникаларының көмегімен 2200 тн, ал Абыз елді мекенінен рудник техникасының көмегімен 300 тн қоқыс шығарылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсету саласында 1 ОДА, ал Абыз және Шолаққайың ауылдарында медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.

Амбулатория қысқа дайын, көмірмен қамтамасыз етілген.

Білім беру саласында 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс атқаруда. Мектептер компьютерлермен қамтасыз етілген, «Қазақтелеком» арқылы интернет жүйесіне қосылған. 2013 жылы орта мектепті 12 бала бітіріп, оның 2-і жоғарғы оқу орындарының грантына ие болды.

Ауыл халқына Қарқаралы қаласынан арзандатылған 6 тн ұн жеткізіліп таратылып берілді. Жыл басынан тұрақты жұмысы болмай жүрген 6 аул тұрғыны қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып, олар қар тазалау, көшелерді абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.

Азаматтардан түскен өтініштер уақытында қаралады, тиісті жауаптары беріледі. Өткен тоқсанда ауыл тұрғындарынан 5 өтініш түсті, барлығы дерлік қанағаттандырылды.

Селолық округ әкімі аппаратымен бірге ауылда қоғамдық ұйымдар, яғни ардагерлер кеңесі, алқа билер, әйелдер кеңе сі, жұмыс жасайды. Осы қоғамдық ұйымдар округ әкімдігіне оң қолғабысын тигізіп келеді.

Жоғарыда айтылған ұйымдардың тарапынан атқарылып жатқан істер нәтижесінде ауылдағы моральдық психологиялық ахуал бірқалыпты жағдайда.




Қырғыз селолық округінің әкімі О.Қыстаубаевтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қырғыз селолық округі Қарқаралы ауданының ең ірі елді мекендерінің бірі. Халықтың көп шоғырланған аумағы. Округ құрамында 5 елді мекен, 10 қыстақ бар. Бүгінгі күнге 2000 - нан астам адам тұрып жатыр. Ауыл халқының 53% экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады. Сонымен бірге 1 орта , 1 негізгі, 1 бастауыш мектептерінде 380 астам оқушы оқиды. Округте 1 клуб, 2 кітапхана , 1 ОДА, 4 медпункт , АТС, пошта бөлімшелері , 18 дүкен, 1 наубайхана, дәріхана, тойхана қызмет көрсетуде.

Округіміздің негізгі бағыты болып егін және мал өсіру шаруашылығы. Округ тұрғындары бойынша ірі қара мал басының азайып кету тенденциясы бар. Бұл жерде ауыл маңындағы жайылымдардың деградацияға ұшырып, тозығы жету салдарынан. Мал бойдақтарын ауыл ішінен шығарып, жайлауға шығару қажет.

«Арқа», «Берік» «Аслан» шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысып мол астық өндіруде.2013 жылы егін шаруашылығымен айналысатын 4 шаруа қожалығы 13 911 га жерге егін сеуіп, оның ішінде 12361 бидай, 1 550 арпа өнімін жинау үстінде.

Мал шаруашылығын дамытудағы басты бағыт – ол мал басын асылдандыру. Бұл бағытта мал асылдандырумен шұғылданып отырған «Берік» ,«Асылан», «Рашида», «Бірлік» шаруа қожалықтарын атап өтуге болады. Ендігі жерде назар аударатын мәселе халықтың жеке меншік малын асылдандыру. Келесі жылы шаруа қожалықтары басшыларымен келісіп, асыл тұқымды бұқаларды халықтың табынына қосу.

Халықтың әлеуметтік жағдайы әрқашан басты назарда. Округ аумағында 2 жанұя 5 адам атаулы әлеуметтік жәрдемақы және 18 жанұя балалар жәрдемақысын алады. Биылғы жылы 3 жанұя материалдық көмек алып отыр. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Медицина саласындағы басты бағыт – халықтың денсаулығы. Амбулатория ұжымы басқа ғиамаратқа көшірілді. Қарағанды қаласынан «Саламатты Қазақстан» атты диагностикалық емдеу автопоезы қызмет көрсетуде. Тоғыз ай ішінде 22 бала туды. Осыған байланысты халықтың демографиялық өсу байқалуда.

Әр есепті кездесуде біраз тілек- өтініштері түседі. Оның бірі Бүркітті ауылындағы спорт кешені. Биылғы жылы маусым айында ауылға облыс әкімі Б. Әбдішев ауылға ат басын бұрып, сол спорт кешенінің жағдайымен танысып өтті. Осы мәселе бойынша қажетті мекемелерге тапсырма берген еді. Бұл мәселелерде оң өзгерістер байқалуда.

Ендігі мәселе мәдени саласында шешілмей жатқан мәселелер бар. Оның бірі Борлыбұлақ ауылындағы клуб ғимараты. Әр түрлі мәселелерді алдыға қойып, аудандық мәдениет бөлімі осы мәселені шешуде кейінге қалдырып отыр.Бұл мәселенің шешуі мәдениет бөліміне балансқа беру және қажетті күрделі жөндеу жүргізу.

Екінші мәселе Бүркітті ауылының клуб үйінің материалдық техникалық жағдайын және көрермен залының еденін ретке келтіру.

Биылғы жылы «Аймақтарды дамыту» республикалық бағдарламасы бойынша 1 млн 467 мың теңге қаражат бөлінген еді. Бұл қаражат ауыл ішіндегі асфальт жолдарын ағымдағы жөндеуге жұмсалды. Сонымен қатар ауылдың кіреберіс жолы да ағымдағы жөндеуден өтті.

Тағы бір мәселе тозығы жеткен электр желілерін айырбастау. Бұл мәселеде аудандық бағдарламаға кіріп отыр. Келесі жылдары өз шешімін табады деп сенеміз.

Ауылда «Нұр – Отан» ХДП бастауыш ұйымы, ардагерлер кеңесі бар. Осы қоғамдық ұйымдардың белседілігін арттыру қажет.

Округтегі Бүркітті, Борлыбұлақ елді мекендерінде орналасқан, №20 орта мектеп, №42 негізгі мектептерінде 310 оқушы оқиды, оларға 47 мұғалім сабақ береді. Осы 2 мектепте де жеке кәсіпкер иелігіндегі асханалар жұмыс жасайды.. Кент бөлімшесіндегі бастауыш метепте 16 оқушы, 2 мұғалім білім береді . №20 орта мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Бала саны 35. Мектепте кейінгі үлгідегі мультимедия кабинеті, интеративтік тақта басқа да пән кабинеттері жұмыс жасап тұр. Барлық мектептер тиісті отынмен қамтамасыз етілген, балаларға жоғарғы деңгейде білім беруге жағдай жасалған.

Жұмысымызда кемшіліктер жоқ деп айта алмаймыз. Келешекте солардан қорытынды шығарып, өзіміздің қолымыздан келетін жұмыстарды 2013 жылы тиянақты атқаруға, органдармен бірлесіп жоспарланған бағдарламаларды орындауға міндеттіміз.

Күнделікте өмірде кездесетін шаруалар мен ауылдың проблемалық мәселелерін ауыл тұрғындарымен ақылдаса отырып шешуге тырысамыз, келешекте де солай жұмыс жасала береді.



Мартбек Мамыраев селолық округінің әкімі Қ.Жантуриннің атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Мартбек Мамыраев ауылдық округ әкімі аппаратына 2013 жылы бюджеттен 18914,0 млн теңге қаражат қаралған. Ауылдық округ әкімі аппаратына 2013 жылдың тоғыз айында жеке тұлғалардан 2 арыз-шағымдар түсіп, 1 жергілікті деңгейде шешіліп, қалған 1 жоғары тұрған мекемелер арқылы қанағаттандырылып, өтініш иелеріне жауаптары заң талаптарына сәйкес уақытында берілді. 2013 жылдың 9 айында ауыл тұрғындарының қатысуымен әр – түрлі тақырыптарда 8 рет кездесулер өткізіліп, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылды, әліде осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Атап айтқанда Акжол елді-мекенінде тұрғындардың сұрауы бойынша, Н.Кабдыкаримова, М.Мамыраев, Р.Койшыбаева, Ғ.Омаров көшелеріне жарықтар орнатылды.

Округ әкімінің аппараты 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі іс-жоспар бағытында жұмыс жасауда.

Аппараттағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының талаптарын бұзу фактілері болған жоқ.

Округ елді-мекендеріндегі электр желілері, тоқ тарату қондырғылары, көше жарықтарының шамдары бірқалыпты жұмыс жасап тұр. Телефон байланыс жүйесі кейінгі жылдары талшықты байланыс жүйесі қолданысқа енгелі халықтың бүгінгі күнгі талап-тілегіне сай жоғары деңгейде жұмыс көрсетеді десек артық айтқандық емес.

Ақжол елді-мекені ішкі жолдарының тозығы жетіп тұр, «Өнірлік даму» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен 855 мың теңге, бөлініп ауылдың ішікі екі жолы жөндеуден өтті. Аудандағы елді-мекендерді көктемгі, күзгі тазарту көркейту және көгалдандыру санитарлық жұмыстарды жүргізу туралы аудан әкімінің өкіміне сәйкес «Таза бейсенбі» күндері ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесулер өткізіліп, аулымыздың тазалығы адам денсаулығына қандай пайдасы болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, осындай ортақ іске бір кісідей ат салысып, ауылдың келешегі үшін жұмыс жасау туралы мәміле болған, өкінішке орай, айтылған іске көпшілік тұрғындар үлкен жауапкершілік пен ат салысса, кейбір адамдар біле-тұра өз ауласынан шыққан күл-қоқысты кез-келген жерге төгіп, ойлаған жерін ластап, тастап кете беру фактілері жетіп артылады. Бұл тұрғыда учаскелік инспектор, полиция капитаны С.С.Райымбеков 11 тұрғынға ескертіп, айыппұлдар салғаны туралы айғақтары бар. Тазалық мәселесі ескерту, айыппұл мен шешілмейді, өйткені бұндай жағдай жылда қайталанады. Бұл шаруаны халық болып, бәріміз бірігіп, шешудің қам-қарекетін жасауымыз қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ел экономикасындағы кәсіпкерліктің ролін ерекше атап өткен. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуда өзіндік орны бар екені белгілі. Округ бойынша аудандық салық басқармасында 2012 жылдың аяғында 50 кәсіпкер тіркелсе, 2013 жылдың 9 айында оның саны 54-ге жетті. Яғни 4 кәсіпкерге артты. Аталған кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні 56 адам жұмыс жасап, еңбек етуде. Бұл округтегі экономикалық белсенді халықтың 13 % пайызын құрайды.

2013 жылдың 6 айында бағасы арзандатылған 6 тонна әлеуметтік ұн халыққа таратылып берілді. Жыл басынан Астана, Қарағанды, Қарқаралы қалаларына тұрғындардың ауылшарушылығы тауарларын сату жәрмеңкелері ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының 3 бас ірі қара, 2 бас жылқы, 10 бас қой малдары, 150 кг құрт-майы, сүт, ірімшіктері,150 литр қымызы өткізілді. Бұл жұмыстар әліде жалғасын табады деген үміттеміз.

Округтегі барлық меншік түрлері бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне қалған мүйізді ірі қара малы 2604 бас, қой-ешкі 11156 бас, жылқы 1268 бас, құс тауық 1200 бас.

Өткен 2012 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда өсу динамикасы байқалады. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2013 жылға эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқару үшін бөлінген қаражат толығымен игерілді. Барлық мал-түліктері сібір жарасына, үй құстары жоғары зардапты құс тұмауына, ірі қара, ұсақ малдар бурцулез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, аллергиялық тексерістен өткізіліп, бруцеллез ауруы анықталған малдар уақытында жойылып, актілері жасалған. 2013 жылғы мал-түліктерінен туған төлдер, қой-ешкі малдары бірдейлендіріліп, компьютерлік дерек қорға енгізілді. Келешекте жеке меншіктің ірі қара малдарына асыл тұқымды аталық малын қосудың жолын қарастырудамыз. Округтегі «Жалықбас», «Ерлан», «Свиридов», «Кемел», «Куан» т.б шаруа қожалықтары 3 жыл болды асыл тұқымды аталық ірі қара малдарын алып, малдарын асылдандыру бағытында жемісті жұмыс жасауда, соның арқасында Үкімет тарапынан берілетін субсидияға қол жеткізіп отыр. Егін шаруашылығы бойынша шаруа қожалықтары 2013 жылы жалпы көлемі 6096 га жерге бидай, 950 га жерге арпа себіп, кәзіргі таңда күзгі жинау науқаны болып жатыр. Келешекте шаруа қожалығы басшылары өндіріске озық технологияны енгізу – алынатын өнім көлемін арттыруға, оның сапасын жақсартуға, нарықтағы сұранысқа ие жобалармен жұмыс жасауға, сонымен қатар шаруа қожалығы басшылары бос жатқан егістік жерлерді игеретін уақыттың жеткендігін түсінулері қажет. Үкімет тарапынан аталған бағыттарға жұмыс жасауға ниет білдірген «Ержанат», «Жалықбас», «Ерлан» шаруа қожалықтары көпжылдық шөптің тұқымын әкеліп, 350 га жерге себуге, жем-шөп қорының әлеуетін арттыруға бет бұрып отырғанын айтып кеткен жөн. «Жалықбас», «Ерлан», «Айбол» шаруа қожалығы лизинг арқылы 2-МТЗ-82 тракторын, 2-Вектор комбайн алды. Округ бойынша шаруа қожалықтары және жеке меншік трактор иелері көмегімен 2013 жылдың 9 айында 6900 тн мал азығы дайындалып, 2012 жылғы дайындалған 3050 тн 1,18 пайызға артып отыр.

Округ бойынша «Саламатты Қазақстан – 2015» мемлекеттік бағдарламасы Бырыңғай Ұлттық Жүйесін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.Осы бағытта жасалған жоспар бойынша 2013 жылдың 9 айында анамен бала өлімі тіркелген жоқ.

Бүгінгі күні № 12 мектебінде-139 оқушы білім алады. Мектепте шағын орталықта -3 топ, 1- мектеп алды даярлық тобы, 16 сынып комплектісі бар. Мектепте жаңа үлгідегі мультимедиялық , лингофон,физика,биология, бір иетерактивті тақта, компьютер кабинеттері жұмыс істеп тұр. Мектепте барлық пәндер бойынша мұғалімдер жеткілікті, маман қажеттілігі жоқ. Мектепте оқу жылында 2 рет «Ресурс орталығында» магниттік мектептер жиналып оқушыларға сессия өткізіліп тұрады. Мектептің 2013 жылғы көрсеткіштері жаман емес. Орта мектепті бітірген 6 оқушы бітірді.ҰБТ-дан орташа 91,8 % балл жинап. Жоғары оқу орнына грантпен оқуға түскен оқушы саны-2.

Жаңанегіз елді мекеніндегі № 42 бастауыш мектеп, оқушы саны 9 оқушы. Бұл ұжымда мұғалімдермен қамтамасыз етілген, балалардың білім алуына жағдай жасалған. Бұл жерде келешекте жұмыс жасаудың қиындығы, бала санының аздығы.

Мәдениетті дамыту саласында Акжол «Мәдени – сауық орталығы» халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мәдени шаралар іс-жоспар бойынша өз деңгейінде өтіп тұрады. 2013 жылдың 9 айында атаулы мерекелік күндерге концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өткізіледі. Мәдени шаралар өткізуге музыкалық аппаратуралар бар, бірақ тозығы жеткен, ішкі жиһаздарыда ескірген. Округтегі бойынша Акжол елді-мекенінде бір кітапхана жұмыс жасайды. Ақжол ауылының кітапханасы 2009 жылы модельді кітапхана мәртебесіне ие болды. Қазіргі таңда оқырмандар саны 570, кітап қоры 19 051, оның ішінде 9 688 қазақ тілінде.

Әлеуметтік – саяси ахуалды дұрыс қалыптастыруда ақпараттық – баспасөз құралдарының да атқарар ролі ерекше екені белгілі. Пошта байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындардың зейнетақылары, жәрдемақылары, еңбекақылары таратылып, әртүрлі төлемдер қабылданып, қызмет көрсету жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Бұл салада 1 жұмыскер жұмыс жасауда. Мерзімдік баспалар аптасына үш рет жеткізіліп, халыққа дер кезінде таратылуда. Пошта бөлімшесінің негізгі жұмысы газет-журналдарға жазылған оқырмандарға мезгілінде баспасөз материалдарын, келген хат, телеграммаларды тарату, сонымен қоса, еңбек ақы, зейнетақы, балалардың жәрдем ақы төлемдерімен есептесу сонымен қоса свет, телефон т.б. төлемдерді қабылдау болып табылады. Бұл жұмыстар атқарылуда және осы қызмет түрлерін тиянақты атқарылуына жағдай толығымен жасалған.

Халықтың қауіпсіздігі мен мал – мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуде учаскелік инспекторлар біршама жұмыстар атқарды.. Жас өспірімдер мен оқушылар арасында «Қылмыс және тәртіп» тақырыптарында, тентектерді ақсақалдар кеңесіндее талқыға салу сияқты тәрбиелік маңызы бар отырыстар өткізіліп тұрады. Әртүрлі құқық бұзуға жол берген азаматтар мен азаматшаларға 42 әкімшілік хаттамалар толтырылып, Заң талаптарына сәйкес айыппұлдар салынған. Қоғамдағы тұрақтылық өз кезегінде діни тұрақтылыққада байланысты. Діни қарым – қатынас мәселелерін бір сәтте назардан тыс қалдырмай үнемі бақылауда ұстауымыз қажет. Елдің ұйытқысындай болып отырған ардагерлеріміздің, ардагерлер Кеңестерінің де ұрпақ тәрбиесіндегі, ел бірлігініңде ақыл кеңестері бізге ауадай қажет. Біз ауылымыздың ақсақалдары мен аналарымызбен ардагерлерімізбен мақтанып, қай кезде де болмасын құрметтеп жүреміз. Ауылымыздағы қоғамдық ұйымдар «Нұр Отан» ХДП, Ардагерлер ұйымы, әйелдер кеңестері ауыл әкімшілігімен бірлесіп жоспарлы мәнді мағыналы түрде жұмыс жасауда.

1. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Акжол ауылының ішінде жастар үшін спорт алаңы жасалса.

2. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Акжол әкім аппаратының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

Бұл тұрғыда бірді- екілі мәселелер бар, олар келешекте жан-жақты келісіп шешілуі тиіс.

1. Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге қосымша қаражат қаралса.

2. Ақжол ауылында қалған 4 көшені және Жананегіздін 1 көшесін жарықтандыруға қаражат бөлінсе.

3. Жананегіз ауылына қосымша 1 су колонкасын орнатуға көмек болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет