«ала» СӨзінің семантикалық ҚҰрылымы изтаева Балкис 5В020500 –


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет6/8
Дата30.04.2018
өлшемі2,48 Mb.
#40338
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ғ. Қабышұлы. «Қазақ әдебиеті» 2003 ж. 30 мамыр

  2. М. Жұмабаев Шығармалары: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 448  б.

  3. Р. Мұқанованың шығармалар жинағы

  4. Г.Утепбергенова – магистр-оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, қ. Алматы «САНА ТАРТЫСЫ МЕН ЕКІГЕ ЖАРЫЛУ» мақаласы

  5. Б.Қ. Майтанов Сөз сыны (ХХ ғасыр әдебиетінің көріністері). – Алматы: Ғылым, 2002. – 344 б.

  6. Т. О. Емесбеков «Көркем мәтін теориясы» Алматы, 2015

  7. http://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/25852/

  8. «Әдебиеттану терминдер сөздігі» Үшінші басылуы Семей-Новосибирск Талғар-Пресс 2006



Ақын Омарғазы Айтанұлының лырикасындағы дәстүр мен жаңашылдық
Тілек Мархабат– 5В011170 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Т.С.Тебегенов

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады. [1]

Дәстүр - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. [1]Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. [2]

Ал әдебиетіміздегі ақындар өлеңіндегі дәстүр олардың туған жеріпе,туған өлкесіне деген сүйспеншілгі, махаббатынан туындаған жырлар мен ақын сезімдері.міне осындай дәстүр. Ақын Омарғазы Айтан ұлының олеңдерінде қалай сабақтасып ,қалай жырланған екенін біз туған жер туралы қалам тербеген ақын-жыраулармен салыстырп көрейік.

қазтуған жыраудың Алаң да алаң, алаң жұрт олеңінде:

Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менім ордам қонған жер,

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер,

Жатып қалып бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер,



Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең,

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы жаптырмас,

Бақасы мен шаяны

Кежідегі адамға

Түн ұйқысын таптырмас,

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың,

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. [5,29-бет]



Ақын Омарғазы Айтан ұлының майлы-жәйір олеңдерінде:

Жамылған жасыл желек жәйір-майлы,

Жазы бар жайма шуақ жанға жайлы.

Баурайы күзде күзеу қыста қыстау,

Жаз жаяу жұпар жоны кең, шұрайлы.
Май аққан күрең селі бет тегісі

Бейне бір ырысты елдің етенісі.

Болғанда майлы ағасы Жәйір іні

Секілді теректі оның тетелесі
Шадырман шаруашы шаршыдағы

Шымырлап шыңырау күй ән шығады

Кезеңде түйе жусап сайда жылқы

Қой қаптап жатыр арғы қарсыдыағы

Таза ауа қоңыр самал беттен сүйіп

Бәйшешек балбырайды басын иіп

Құлпырған жасыл текше торғын беткей

Тұрғандай қасиетін бойға жиып
Тас бастау бал бұлағы бал - шырындай

Таза су табиғаттың ар-сырындай

Арман не ақын болмай малшы болсаң

Осындай жыр тұнығын аршып удай[4 ,1-бет]

Жоғарыдағы екі өлеңді байланыстыра қарасақ ,екеуіндеде мынадай ортақтықтар барын сезінеміз .1,оларың туған жеріне деген сүйіспеншілігі жырланған .2,өз туып өскен мекенінің ерекшелігін жырларына арқау еткен. 3,екі жыр жолындада ақындар әркімнің өз ата қонысы өзі үшін жерұйық екенін жырларымен дәлелдейді.міне бұл ортақтықтар бізге дәстүр жалғастығын көрсетеді.

Абай Кунанбаев - Желсіз түнде жарық ай өлеңінде:


Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?


Таймаңдамай тамылжып,

Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып. [3,79-бет]


Ақын Омарғазы Айтан ұлының Жасыл жайлау,жарық түн өлеңінде:

Әлпеншекте аспандап,

Қос бойжеткен шырқаған .

Ән аспанды астарлап ,

Асты талай қырқадан.
Жайлау түні жәйнаған,

Жастар ылғй жараса .

Асыр салып ойнаған ,

Жәйлау неткен тамаша. [4,2-бет]

Екі өлең жолдарына көңіл аударсақ ортақ ой,қазақ халқының турмыс салты бой көрсетеді .екеуіненде қазаққа тән ерекшеліктер өлең жолдарында жырланады.яғыни жарық айлы кештегі жастар ойыны,әндері ,сезімге толы махаббаты суретеледы.міне бұл ортақтық,сабақтастық ,дәстүрлік қарм-қатынасы.

Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы­ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер.

Енді Ақын Омарғазы Айтан ұлының өлеңдерінде жаңашылдық барма ? бар болса ақын жаңашылдықты өлеңдерінде қалай жырлайды?зертеп көрейік.

Халқымның қолы- қалың қол өлеңінде:

Қайсы өлке, мейлі қайсы жақ,

Құнарлы қоңыр топырағым.

Қай егіс,қай жер қайсы бақ,

Күн сүйіп өскен жапырағын.
Келемін,міне келемін,

Басқан бір жолым-даңгылл жол.

Халқым бір жүрген жер-егін,

Халқымның қолы- қалың қол. [4 ,13-бет]

Өлеңде егін,еңбек туралы жырлап қазақ халқының малшаруашылығынан тыс егіншаруашылғымен айналысқаны .сол арқылы халқымыздыңда егінмен айналысатынын ,еңбегімен қолдарынан мол өнім алатынын жырына тйек етеды .міне осындай олең жолдары басқа ақын-жазушыларда сйрек кездеседі , көп тақырп төрт түлік ,малшаруашылығы жырланады.

Мысалы: Абай Кунанбаев - Жаз, Күз өлеңінде:

Ат, айғырлар, биелер


Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап. [3,63-бет]
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. [3,76-бет]

Сондықтанда егін түралы бұл олең ,халқымыз лрикасына жаңашылдық лебін әкелгендей серпім береді.

Абай Кунанбаев қыс өлеңінде:


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды. [3,78-бет]

Ақын Омарғазы Айтан ұлының қыс өлеңінде:

Қар құлап түседі үрімжі үстіне,

Ақ қанат көбелектей перште ұшырған .

Кітаптар қанша біз оқып бітірер,

Білім тәленкесіндей табйғат ұсынған!?

Қыс,сүйем сені,

Сенің күміс шақтарыңды,

Айаз алақанынан саудырап төгілетін...
Қашан реліс ышпалы қарға көмілмек,

Қыс дәптерінің тағы бір беті ашылып!?

Өлең сызады ақын қар күртігіне,

Шопан тайағымен тек осы үшін асығып .

Қыс демінің майда кірпігі ,

Ақ қойан түгінің мамық ұлпасындай.

Табйғат дастарқанының ақ інжіу маржаны,

Төлге түссе екен мың жыл бір таусылмай! [4 ,1-бет]

Екі өлеңде қыс сүреті болғанмен өзіндік ерекшеліктері мен ұйқастар барлығы бірден байқалады .Абай өз өлеңінде қыс табиғатын сүретеп қыстың ақ қарын,ызғарлы суығын және қыстағы шаруа турмысын жырласа .Омарғазы өз олеңінде қар,айаз дан басқа қыстың ерекшелігін жырына арқау етеді .яғыни кыс демалыс кітап оқыйтын алтын мезгіл ,бізге білім нәрін сіңірершақ екенін жырлап келе көп оқысаң қаламыңнан өлең төгілер ақ інжіу маржандай деп қысты жыр маусымына балайды .міне бұл олең айдынындағы жаңатолқындай біздерге тың серпім беретін жаңашыл идиа.

Қорыта келгенде, ақын шығармашылығы дәстұрлы әдебйетпен үндесіп,олардың ортақ құндылықтарын бірге жырлап ,дәстүрды жалғстырумен қатар өзіндік жаңалықтардыда олең сақанасына жарық көргізгенін сезіне аламыз.бұл ақының дәстұрлі өлең жолы басып өтіп ,қажеті жаңалықтарды қалыптасырғаның айғағы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 1.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

2.Жоғарыға көтеріліңіз↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

3.Абай Құнанбайұлы.шығармаларының екі томдық толық жинағы 1-том— Алматы:Жазушы ,2005 —336 бет.

4. Омарғазы Айтанұлы. Қус жолы жинағы—ҚХР:Ұлттар .1981—294 бет

5.Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық жинағы 1-томАлматы: Жазушы,

1989. - 382 б.




Ұлы прозаик – Тынымбай Нұрмағамбетов

Абдуллаева Тоғжан 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ибраева А.
Қазіргі қазақ прозасындағы ең өнімді жанр – әңгіме десек, қателеспегеніміз. Сөз өнерінің бүгіндегі көзі тірі, айтулы өкілдерінің де жаңаша пайым мен ірі ізденістерін осы жанрдан көруге болады. Қазіргі қазақ прозасы өз дамуында тек әңгіме жанрында ғана емес, өзге жанрларда да зор жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізді. Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда, әсіресе, өз табиғатында тақырып-талғам аясының кеңдігімен ғана емес, әдеби-көркемдік, мазмұн-пішіндік, психологиялық-философиялық, әдіс-тәсілдік жағынан да дараланып, жан-жақты, терең ойлылықты, тынымсыз бейнет пен үнемі ізденісті талап ететін күрделі де қиын проза. Осы бір жанрдың ыстығы мен суығына бірдей көніп, келе жатқан талантты жазушы – Тынымбай Нұрмағамбетов.
Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын көп тиражды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған. Қызылорда облыстық радио комитетінде істеген. «Жазушы» баспасында редактор қызметін атқарған. 1981 жылы М.Горький атындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлық коллегиясында қызмет істеген.
Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты. Содан бері бірталай кітабы жарық көрді. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы конкурстың дипломына ие болды (1981). Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000). «Құрмет» орденінің иегері (2006).
«Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы.
Қазақ әдебиетінің өркендеп, қанат жаюына аса елеулі үлес қосқандардың бірі – жазушы Т.Нұрмағамбетов. Әдебиеттің проза саласында қырық жылға жуық еңбек етіп қана қоймай, үнемі өсу жолында болған талантты жазушының қаламынан елуден астам әңгімелер , он шақты повесть, бір роман дүниеге келді. Бұлардың барлығы да өз өрім-өрнегімен, сыршыл астарымен, әдемі юморымен көңілде қоныс тауып, көкірекке жылы леп себетін өміршең туындылар. Алғашқы әңгімесін мектеп қабырғасында жүріп жазса да, оқушы қауымды елең еткізіп қана қоймай, әріптестері тарапынан да жылы лебізге ие болған жазушының прозалық шығармаларының негізгі арқауын қарапайым адамдардың бейнесі, солардың сезім-сағынышы, ұғым түсінігі, қуаныш-сүйініші, адамшылық келбеті парызы құрады. «Қазақ Чеховы» аталған – Б. Майлин мектебінің баласы деген атқа ие болған Т.Нұрмағамбетов шығармаларының да негізгі тақырыбы – ауыл өмірі. Қарапайым ауыл адамдарының 20-30-жылдардағы психологиясын, сана-сезімін жан-дүниесіндегі түбірлі өзгерістерді арқау еткен. Яғни оның прозасы Б.Майлинмен үндес деуге болады. Әңгіме-повесінде «Шұғаның белгісіндегі» лирикалық психологизм мен тұнық та мөлдір реализм іздері «мен мұндалап» жатады.Алайда, «ауыл өмірін айнытпай берген» туындыларында ауыл өмірін жазған басқа да қазақ жазушыларынан өзіндік қолтаңбасы, астарлы юморымен де дараланып, өзгешеленіп тұрады. Көлемі екі-үш беттен аспайтын шағын әңгімелерінің өзінде-ақ, күнделікті күйбең-тіршіліктің бір қырын аша суреттеп, сол арқылы терең ой айтуға ұмтылды. Т.Нұрмағамбетов шығармаларының ұлттық болмысын сөз еткенде жазушы жалған тақырыптардан өзге кейіпкерлер турасында да ауыз толтырып айтуға болады. Өмірдегі әрбір оқиғаларды жіті бақылап, аңқылдаған ақкөңілді, қырсық-қыңырды, басқа жанға бұрылмайтын өзімшіл, тәкаппарды т.б. бәрін суреттей алды. Әрине, оның шығармаларындағы ортақ тұлға – жақсы адам екендігінде дау жоқ. Жазушы кейіпкердің жан-дүние байлығымен қатар, сезім шынайылығына, көңіл тазалығына, мақсат биіктігіне баса назар аударады.

Өмірден өз бақытын өздері еңбектен іздеген, өз бойындағы қайрат-жігерін мұратына жету жолына бағыштаған әр түрлі кәсіп иелері, қой баққан шопан, қорашы, күзетші, ата-қонысымен біте қайнасып кеткен шал-кемпір, т.б. суреттей келе қаламгер олардың бойындағы осы бір саналы қасиеттерді дәл танып қана қоймай, табиғи, шынайы қалпында терең сезімдер арқылы өрнектеп, тәрбие құралына айналдырды. Осы себептен де, оның кез-келген көркем туындысының ұлттық калориті бай, кез-келген кейіпкері нағыз ұлтжанды болып келеді. Ал, тілдік жағынан тоқталсақ, жазушы тілі – қазақ тілінің байырғы сөлімен қоректенген, сонымен қатар әрбір кейіпкерінің сөйлеу тілінде қатпар-қатпар астар жатыр. Бұның себебі, Т.Нұрмағамбетов шынайы шындықтан шабыт алады деп айтамыз. Уақыт талабына орай, тамыры тереңде жатқан ұлттық әдебиетіміздің көрікті бір бұтағы –проза жанры жаңа сипат, қасиеттерімен танылып, соны көркемдік түр, нақыш, ұлттық тағылым мен рухани ізденістерге бой ұрып келеді. Әдебиет әлеміне аса даярлықпен келген, қазір де аға буын саналып жүрген жазушыларымыздың шығармашылығынан, оның ішінде, басты зерттеу нысанымыз – Т.Нұрмағамбетов прозасынан әлемдік көркем әдебиеттегі түр мен әдістерді ұштастырсақ, оған таңданудың реті жоқ. Өйткені, қолына қалам ұстағалы оқырманға тек жақсы шығарма ұсынуға талаптанған қаламгердің талантты дүниелерді туғызатынына өзек болмаса керек. «Қаламгер дүниетанымы қалыптасқан, орнықты болған сайын, оның өз мақсаты, идеалы үшін күресті табанды, қуатты бола түседі және түрлі идеологиялар ықпалына бұрыла қоймайды» - деп ғалым, әрі әдебиет зерттеушісі З.Бисенғали айтқандай Тынымбай Нұрмұхамбетовтың шығармашылығы кемелді ізденістер мен іргелі өзгерістерге толы болып келеді. Т.Нұрмағамбетов прозасындағы көркемдік-идеялық ізденістері оның шығармаларының тілінен де, баяндау әдісі мен характер, образ жасау жолында пайдаланылған тәсілдерінен де, кейіпкердің психологиялық-әлеуметтік портретін берудегі ерекшелігінен де, қысқасы, бүкіл шығармашылық ойлау жүйесі мен өзіндік стилінен айқын көрінеді.

Әдебиет – айдын шалқар көл десек, сол көлге барып құятын арналы бұлақтардың бірегейі – Тынымбай Нұрмағамбетов прозасы – ішкі иірімдері терең, айтарын ойын лақылдата төге бермей, айшықты жеткізуге, астарлы юмормен беруге тырысатын қыртыс-қатпары мол проза десек бұра тартқандық емес. Көркем шығарма тақылдаған тіл, сүп-сүйкімді ситуация мен дік етіп төбесінен түсетін деталь, т.б. жиынтығы ғана емес, ол, ең алдымен, жазушының белгілі бір өмір шындығына деген творчестволық позициясы, идеялық қатынасы мен көзқарасы. Осы позиция, көзқарас пен қатынас терең бейнеленгеде ғана жазушының рухы, жан-жүрегінің таза тынысы аңғарылмақ.

Көркем шығармадағы сонылық – жазушының өмір тынысын көре-біліп, ұзақ толғаныстан туған ой-сезімдерінің бейнеленуі. Өмір туралы, уақыт туралы өз ойы болмаған автордың шығармасынан тосын сыр, жаңалық күтудің өзі қиын. Бұл тұрғыда, әдебиетке келген талапкердің қабілет-қарымы мол өмірден көрген-түйгені бар, өзіне ақиқаты айқын жайттарды ғана жазуға тырысқан қаламгердің шығармалары адами қасиеттерге қол бұлғап шақырып тұрады. Қарапайымдылық – қарадүрсіндік емес деп білетін автордағы таңбабасты ерекшелік оқырманның өзімен бірге жетелей жөнелетін қызғылықты баяндауы, сезім мен әдемі юморды орынды жерінде қолдана білуі, т.б. Шындығында осылайша өрілген көркемдік шындықты өз басыңнан кешкен, күнде көріп жүрген өміріңізден бөліп-жара алмайсыз, қайта мынау тура сол кісі ғой деп әр оқушы тамсанып, бар болмысымен танып-біледі. Т.Нұрмағамбетов шығармаларында әр алуан лирико-эмоционалды баяндау формалары арқылы идеялық пайым, стильдік өрнектерді табиғи түрде тартыс, характер арналарымен байланыстыра, сабақтастыра отырып, шығарманың өміршеңдігіндегі тіршілік тынысын жан-жақты бағамдайды. Әдеби туындыны өмірге келтіруде жазушының дербес авторлық нысанасы болады да, оқиғаны соған қатысты өрбітіп, негізгі желі соған байланысты таратылады. Ал шығармаға өзек болған шындық көркем логикаға сай бейнеленеді. Онда автордың ұғым-түсінігі, ой-толғанысы анық жасырынған. Өйткені, автордың сезім дүниесінен екшелеп өтіп, талғамының таразысынан тартылып барып, өмір шындығы көркем шындыққа айналады. З.Ахметов бұл турасында: «Бірақ, автордың шығармадағы оқиғаларға көзқарасы, кейіпкерген қатынасы, нені қалай, қай тұрғыдан келіп бағамдайтыны өзінен-өзі айқын көрініп тұрмайды. Ол бүкіл шығарманың мазмұнына терең бойлау арқылы байыппен түсінуді қажет етеді» [dwsd].

Бүгінгі проза хақында жазушының өзі былай деген-ді:

«Бүгінгі проза бүгінгі күнді сөз етуі керек. Біз бұрын Кеңестер Одағы кезінде «мынаны жазуға болмайды» деген сияқты кедергілерге тап болғанымыз бар. Қазір бізге кедергі жоқ. Бірақ бұл не болса соны айту, жазу деген сөз емес. Қай уақытта да ойлы жазу, әдемі жазу жазушының борышы болып қала береді». «Ал соңғы кезде өзіңіз оқып жүрген прозалық шығармалардың қайсысы қазіргі уақыт мазмұнымен үндеседі деп ойлайсыз» - деген сауалға: «Әзірге ауыз тұшырлықтай, нақты бүгінгі күннің проблемасын сөз еткен прозалық шығарманы оқи қойған жоқпын бұл ешкім бүгінгі тақырыпқа жазған жоқ деген сөз емес. Мен бүгінгі күн дегенде тәуелсіздік тудырған проблемаларды айтып отырмын. Жазушының қай тақырыпқа жазу еріктілігі жауапкершілікке қойылатын үлкен талап болып қала беруі мүмкін» [ed] –деп жауап береді.

«Шындық пен ақиқаттың алдында жүрегі дірілдеп, қолы қалтырамайтын жазушының қаламынан ғана көпті өзіне ынтық қылатын шынайы шығармалар туады. Нағыз көркем әдебиет мәймөңкені білмейді. Бүгінгі проза заман шындығын ақиқатқа сай бейнелеуі тиіс» [] – деп жазушы Серік Асылбеков айтпақшы, қаламгердің шығармалары нақ осы күннен, «жаңа қазақтардың» тұрмысынан сыр.

«Автордың не айтқысы келгені ғана емес, қайта әдейілеп болмаса да өмір фактілерін дұрыс суреттеудің нәтижесінде не айта алғандығы біз үшін маңыздырақ. Біздің талантты шығарманы соншалықты қадірлейтін себебіміз – мұндай шығарма болмаса ол өмір жай адамдардың көзіне оншалықты шалына бермейді» - деді Н.А.Добролюбов әдебиет туралы мақаласында.

Осы тұрғыда біздің де барынша ыждаһаттылықпен талдап-таразыларымыз жазушының шығармашылық жолындағы белестерінің белесі – «Айқай» кітабы болмақ.

Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Айқай» повесі сонау грек-түрік соғысы тақырыбына арналған. Жазылмас дертке ұшыраған қарапайым түрік баласының тағдырын арқау ете отырып, жазушы соғыс жеңімпазының қуанышы, жеңілушінің қайғысы ғана емес, сонымен бірге соғыс – зауал деген ой тұжырымдайды. Жазушы бұл повестің алғысөзінде Түркияға барған сапардың әсерінен туғанын жазады: «көне түрік биі... ескі Анкара қорғаны... және фильмдегі алапес дертіне ұшыраған түріктердің тағдыры... уақыт өте келе осы повестің тууына себеп болды». « ...Ол бір замандарда жас түрік жігіттерінің арманы не еді? Ертерек ержетіп, жорықтарға аттану. Жорықтарда да жеңіске жетіп, елдеріне оралу. Сұлу жар сүю, ұл қызды болу. Ұзақ-ұзақ бақытты өмір кешу. Оһо дегеніңіз... Ол замандарда түріктің жас жігіттерінің қандай арманшыл болғанын сіз, сірә, сол жас түріктің өзіндей болып қиял дүниесіне шым батып кете алмаған жағдайда толық мәнін түсіне алар ма екенсіз!?» - деп жазушы шығарманың басталуында өзге ел өмірінен оқырманға дерек беріп қояды. Түрік ұлтының Қазақпен түбі бір болғанымен салт санасы, дәстүр мәдениеті бөлек. Осы орайда өзге ел туралы, оның тарихының бір бөлігі туралы мұндағы қазақтың жазуы әлбетте оңай емес. Ол үшін үлкен ізденістің керегі анық еді. Шағын әңгіме жазу үшін де сол жазбақ елдің өмір сүру қалыбын білмек керек. Ал осы аталмыш повестің өне бойынан Тынымбай жазушының тынбай еңбектенгені көрінеді. Торо тауының баурайында ержеткен Мехметтің бүкіл өмірін повеске арқау ете отырып, грек-түрік соғысын егжей-тегжейлі баяндайды. Дегенмен, соғыстың сырын шертпейді. Мұнда адам жаны бар. «Бір жақсылық істедім деп, өз ішінен рақат тапқан түрік жауынгерінің өмірі қасіретпен аяқталар тұста өз баласының алдындағы кінәсі үшін азап шегіп, әлсіз далада сол бір қорқыныштан ажал құшқан кейпі сорлылықтан гөрі өз қатесін жуып-шайған адамгершілікке толы еді». Түрік пен грек соғысы кезінде Аркисалай шалдың немересін өлтірмей аман алып қалған Мехмедтің тағдыры адам жанының нәзік иірімдерін суреттеген шоқтығы биік туынды. Мағыналы өмір сүруге үндейтін адам жанының шырылы.

Қайсыбір жазушыдан шығармашылық жолы мен көркем дүниелері жайлы сұрай қалсаңыз, кенже баладай тәтті әрі ең бір үміт күтетін шығармаларын атамай қалмайды. Осы тұрғыдан келгенде, Тынымбай Нұрмағамбетовтың жазушылық жолындағы күрделі ізденістері, әрі идеялық болмыспен көмкерілген көркем туындылары жинақталған бұл кітаптың орны ерекше. Өйткені, көтерген тақырыбы мен айтар ойы да күрделеніп, соны ізденістерге бой ұратын жазушының бұл кітабына енген әрбір шығармасының көркемдік-идеялық маңызы терең.

«Айқайды оқып, пай-пай дедік» деп талайды аһ ұрғызған «Айқай» повесінің идеялық мазмұны, сайып келгенде, қайсыбір зорлық-зомбылықтың, қиянат-қасіреттің зауалсыз болмайтыны дегенге келіп тіреледі. Яғни, кез келген жамандықтың бір жақсылығы, болмаса, сұраусыз қалмайды деген ой. Бұл негізгі ой, идея ғана. Ал шығарманың өн бойында осыдан жалғасып шығып жататын ойлар әлденеше. Ал, осы жинаққа енген келесі көлемді шығармасы – «Мешкей» повесі. Повесть жазушының жаңа идеялық-көркемдік ізденісі санауымыздың өзі көркем туындының баяндау мәнеріне қатысты. Автор сатира, юмор, ирония, т.б. барлығын қатыстыра отырып, әңгімелейді. Және, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды осындай түгелдей сатираға құрылған көлемді шығарма болды ма дегенге келсек, күмілжіп қаламыз. Әдемі юмор мен ащы сатираға толып тұратын Бейімбеттің әңгімелеріне таласымыз жоқ. Тынымбай Нұрмағамбетов дүниежүзiлiк мешкейлер жарысына қатысқан Алыпханның түсi арқылы мешкейлiк потретiнiң тағы бiр қырын ашқан. Не нәрсенi де қыл-қыбыр, жүн-жұрқасына да қарамай аузына бұралақтап тыға беретiн адам – қашанда қара күйедей надан, тот басқан топас. Ол – мына заманмен де, уақытпен де байланысын үзген жан. Дүниеде не болып, не қойып жатқанымен жұмы

сы жоқ. Оған тек қазандағы тамақ пiссе, қарнына келiп түссе болғаны. Басқасы, неге әдiрем қалмайды. Сондықтан ондай жан ел туралы айтылып жатқан әңгiмеге енжар, жер туралы айтылып жатқан әңгiмеге керенау. Өйткенi ол ғұмыр бойы, ең болмаса бiр рет елiм деп емiренiп, жерiм деп тебiренбеген ғой. Оның бойында да, ойында да ондай ұғымдар бұрын-соңды болып көрмеуi әбден мүмкiн. Ондай жанға “елiң мен жерiңдi жау шапты” десе, дүние-мүлкiме, жиған-тергенiме жау шапқан екен деп, есiгiнiң алдына алау-далау боп шығатынына күмән келтiруге болмайды.

Тұрмыстық деңгейдегi Алыпхан мешкейдiң де, елдiң игiлiгiне арсыздықпен тұмсығын тығып жiберiп, көмiр мен темiрiн қылғытып жеп, мұна­йын сапырып, көл-суын жапырып iшiп жатқан тойымсыз миллионер, миллиардер мешкейлер де, түптiң түбiнде жарылып өледi! Автордыңмеңзеп, ишаралағаны да осы.

Сондықтан мешкейлiктiң бүкiл болмыс-бiтiмiн, табиғатын, мiнез-құлқын жан-жақты қарастырған, бүгiнгi таңда кемелiне келген, кемерiне толған, айтулы сөз шеберi Тынымбай Нұрмағамбетовтiң бұл кiтабын – құрыштан құйылған тұтас бiр метафора кiтап деуге болады. Көлемi жағынан шап-шағын роман. Бiрақайтары да көп, астары да мол роман.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бір-ақ күнде байып шыға келген. Алыпқанның мешкейлігін арқау ете отырып, бүгінгі күн тақырыбына қалам сілтеген автор қоғам өміріндегі неше түрлі сорақы жайттарды сөз етеді. Айталық, құрбан шаламын деген ниетпен базарға барып, әбден күлкі болып, қой емес, қошқар сатып әкелген Алыпқан одан құтылудың амалын ойлап молдамен сөйлеседі. Басына сәлде салып, құдай жолында қызмет етіп жүрген періште жанның өзі Алыпқан ақша туралы айтқанда, күлімсірей жөнеледі. Ақыры, айт намазынан кейін ғана шалынатын құдай жолына бағышталған мал молданың шешімімен сол күні-ақ сойыла салады.



Келесі бір әңгімесі – «Құпия кездесулер» деп аталады. Бұл шығармадан автордың жаңа ізденістерінің куәсі боламыз. Батыс әдебиетінің тағы бір ерекшелігі әдісіне бой ұрған жазушы әңгімеде еліміз аңсап қол жеткізген, талай құрбандықпен келген Тәуелсіздік жайын қозғайды. Ызғарлы желтоқсанда ұлы мұрат жолында қыршынынан қиылған боздақтардың бірі – Әбдірахманның інісі Бидірахман еді. Араға ұзақ жылдар салып ол Сауал болып өмірге қайта келеді. Түрі жас, ақыл-ой, жан-дүниесі дәл інісінікіндей балаға Әбдірахман алғашқыда тосырқай қараса да, келе-келе үйреніп, оған қамқорлық жасайды. Сауалды автор тегіннен-тегін кедей отбасына теліп отырған жоқ. Соншалықты қымбатқа түскен еркіндік пен тәуелсіздіктің елдгі көрінісі қандай? Міне, авторды толғандыратын, еріксіз жазуға итермелейтін сауал осындай. Қанша өліп тірілгенмен, қазақтың, елдегі жағдайы Бидірахман аңсағандай, сол оқиғаның құрбандарының ойлағанындай емес. Ең алдымен, ана тіліміздің даму деңгейі, басқа діннің ықпалында кетіп жатқан жастар, т.б. Әңгімеде Сауал-бала өмірі өліммен аяқталады. Бұл трагедиялық көрініс адамды күйзелтіп қана қоймайды, сонымен қатар, мың бұралған сұрақтардың шылбырынан жетелейді.Осындай терең ой мен тағылым, өнеге Тынымбайдың әрбір туындысынан табылады. Қаламы шыңдалған жазушының әңгімесі мен повестерінің қай-қайсысын болмасын құлшына оқисың.Ал, жазушының қаламынан шыққанына көп бола қоймаған, қаламгердің бүгінгі күн тынысына арналған әңгімесі – «Ауғандық құстар» деп аталады. Әлеуметтік астары мың қатпар шығарма. Ауғандық құстар келеді де біреудің баласының бетін шұқып, қанатып кетеді. Бір бай қызын ұзатып жатса, үстіне келеді да саңғып кетеді. Сөйтіп бәрін бүлдіреді. Осы оқиғалардың ауқымында жазушы адамдардың психологиясын керемет ашады. Кейіпкердің ойы: Біз осы қалада тұрып жатырмыз да, осы қалада қандай құстар пайда болғанына біз назар аудармаппыз. Қандай құс бар? Қандай құс жоқ? Сөйтсе ауған құстары келіп бәрін қырып, бүлдіріп жатыр. Аспандағы құстар қандай боп кеткен дейміз, ал адамдар қандай боп кеткен? Қарасаңыз өте қызық әңгіме, қызық ситуация. Тіпті балконға тығылып алып, ақша санап отырған кезде ауғандық құс ұшып келіп, 200 еуросын алып қашып кетеді. «Атаңа нәлет, мынау ақшаны да танитын болған ба?» деп, тіпті, шошиды олар. Осындай оқиғаларды ащы сарказммен күлдіре де мысқылдай жазып отырады да, одан әлеуметтік, қоғамдық шындықты ашады.Аталмыш әңгімеде саяси бір шындықтар болуы мүмкін. Публицистика араласып кеткендей әсерде қаласыз. Қызық, кекесін мен мысқылға толы осы «Ауған құстары» деген кітабындағы әңгімелерінен оптимистік сипат көп байқалады. Өзімізге-өзіміз күлеміз, кемшіліктерімізді көреміз. Соны көре, көрсете отырып, оқыған адамды бір жеңілдетіп тастайды. Адамды оптимистік бір бағыттарға қарай жетелейтін сияқты көрінеді. Тынымбайдың «Ауғандық құстар», «Құпия кездесулер» атты екі әңгімесі мүлдем соны, тың дүниелер. Бұлар жазушының дүниетанымдық, азаматтық өресінің күрт кеңейіп, қазіргі қоғамымыздағы һәм адам санасындағы өзгерістерді диалектикалық деңгейден терең байқап, талдап, әңгіме жантының қуаты мен көркемдік мүмкіншіліктерін біздер бұрын аңғармаған жаңа қырынан көрсеткенін дәлелдейді. Мұнда қарабайыр, әбден жауыр болған жалаң реализмнен гөрі фантасмагориялық әуен басым. Бұл шығармашылық тәсіл арқылы (Гоголь, Кафка, Булгаков тәжірибесі) Тынымбай өміріміздегі, қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың философиялық мәнін, себеп-салдарын жан-жақты аша түскендей. Бұл екі әңгіменің идеялық-көркемдік жүгі, шығармашылық астарының жақындығы, жазушылық тәсілінің бірлігі сондай, оларды тіпті қос әңгіме-диптих деп атауға болады. [fge].

Нарықтық қатынас пен оның күнделікті тіршілігіміздегі көрінісі «Шұбырынды елдің шұбырынды әңгімесі» деген туындысына да арқау болған. Сауданы кәсіп деп көрмеген, қора толы қойы бар Тұрап күн шығар-шықпастан базарға қарай шұбыратып ауылдастарын сөгіп, қоғам аунап түскен кездегі қым-қуыт, аласапыранның біздің санамызға сиымсыздау, алабөтен күндер тізбегін туғызған. Буырқанған нарық теңізіне түстік. Алайда, нарық өз дегенін істеп тынады. Жаңа қатынастың сырын ұқпаған ол аз уақытта-ақ бар байлығынан айрылып, кедейшілікке ұрынады. «Аштан өлсем де сауда жасамаспын» деп бөсетін Тұрап енді «басқа түссе баспақшылдық» керімен күріш салынған қабын көтеріп базарға жүгіреді. Бұл да тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз бастан кешірген, ауыл тіршілігінің көркем көрінісі. Әсіресе, қанша ауырсынса да, жарты қап ақталған күрішін базарға қарай арқалай жөнелген Тұрапқа қарап сүйсінесің. Жарты ғасырдан астам кеңестік дәуірде өмір кешкен халқымыздың нарық жағдайындағы күйі осындай. Әдебиет сыншысы Аманкелді Кеңшілікұлы Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Кене» әңгімесін мистикалық шығармаға жатқыза отырып, мұны соңғы жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы санайды. «Бұл мистикалық шығарманы соңғы жылдардағы қазақ прозасының үлкен табысы деп айтсақ та артық емес. «Кене» әңгімесінде жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов реализм мен мистиканы араластырып жіберіп, әлем әдебиетінде өзіндік мектебін қалыптастырған жазушы Франц Кафканың өзімен іштей бәсекеге түсіпті». Көрнекті қаламгер Жүсіпбек Қорғасбек осы жазушының шығармашылығы жайлы пікірінде: «...Ал әлемдік әдебиеттің тұрғысынан қарағанда, назар аударатын екінші жазушы – Тынымбай Нұрмағанбетов. «Кене» деген бір ғана шығармасын алайық. Адамның күнделікті өмірінен тыс паралельді өмірді көрсетуін жаңалық деп бағалауға болады. Ең бастысы, жаңалықтың соңына түсіп кетпеген, шынайы көркемдік қуаты бар дүние. Адамның өмірден өткеннен кейінгі жан- дүниесінің жалған дүниедегі көрінісі. Өзі және өзіне деген айналасының көзқарасы. Өте керемет суреттелген»- деп тұжырымдайды.

Бұл айтылғандардың қай-қайсысы да бүгінгі аға буын өкілі Т.Нұрмағанбетовтың ізденімпаздығынан, дарын қуатынан хабар беретін, талғампаздығына дәлел болатын дәйектер.

Ал «Кене» әңгімесінің өзі әлемдік әдебиетте ерекше аталатын Франц Кафканың «Құбылыс(Превращение), Акутагава Рюноскның «Өрмек»(Паутинка) атты туындыларымен рухтас, үндес, солармен иық теңестіретін шығармалар санатына жатады.

Т.Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесінде мистика мен реализмді қатар өріп, жаңа жол, жаңа өрнек тапқан. Мысалы, Актутагава Рюноскэнің «Өрмек» әңгімесіндегі қандықол қарақшының өлгеннен кейін мекені адам баласына белгісіз о дүниедегі басынан кешкен азабы баяндалса, «Кене » әңгімесінде Жан– Бименнің о дүниедегі жан азабы мен тән азабы осында, жер бетінде өте береді.  Адам ана дүниеге аттанғаннан кейін «Кенеге» айналып кетіп, өзінің өмірден өткендегі қайғылы сәтін қайтадан көріп тұрады. Өлгеннен кейін өзінің қалай құрметтелгенін немесе құрметтелмегенін көріп тұрады. Бұл енді әлемдік әдебиетте бар үлгі. Амангелдінің келтірген бір пайымы мынандай: Әлемдік әдебиеттегі осындай үлгілерді қарап отырсақ, ұқсастығы адамның жәндікке айналып кетуі ғана. Ал енді Тынымбай Нұрмағамбетовтің ерекшелігі жәндікке айналып кеткеннен кейінгі тіршілігін көрсету. Бұл шығармаларының сыр-сипатын осылай ашып-ашып көрсете беруге болады. Соның бірі, ащы сарказм мен халықтық юмор шебер астасқан.  Осы арқылы терең психологизм көрініс табады. Кейіпкерлерін бейімбетше мінездеу, қанын шығара кейіптеу жағынан Тынымбай Нұрмағамбетов кәсіби биік деңгейге көтерілген.

Кеннеттен соққан бір алапат дауыл мұны көтеріп әкетіп, ит сілікпесін шығарып әлдебір уақытта қайтадан жерге лақтырып кетеді. Түскен жеріндегі үй- жай, қора- қопсы, көзіне таныс көрініп, бажайлап қараса бұл жалғыз ағасы Сүйменнің ауласы болып шығады. Қуанып кетіп есікке қарай ұмтылады. Өзіне біртүрлі жүрісі өнбейтіндей көрінеді. Қол созым жерде тұрған есікке бағана шықса да жетіп болмайды. Үйден шыққан ағасы Сүймен енді табалдырыққа іліне берген мұны көріп қалады да: «- Әй, мына кене қайдан жүр? Біреудің құлағына кіріп жүрер. Аулаққа апарып өлтіріп тастаңдар», - дейді. Абырой болғанда бұйрықты орындаушы ұзынтұра қара бала мұны саусағының ұшына қондырып алып қораның сыртына лақтырып жібереді, өлтірмейді. Бұған да шүкіршілік. Енді ойлап қараса жалған тірлікте осы жалғыз ағасы Сүйменмен де араласпаған екен... Тап осы жерде Бимен (Жан -Бимен) Тәңірінің өз жанын кенеге бергенін, өзінің де кенеге айналғанын біледі.

Енді Жан-Бименнің кене тіршілігі басталады. Ағасының қылығынан беті қайтқан Бимен- кене ендігіде адам атаулыдан аулақ, адам болмайтын жер, адам баспаған жол іздейді. Ол үшін қазір дүниедегі ең қорқынышты, ең үрейлі нәрсе- адамның ізі болды. Осылай сенделіп жүріп айдаладағы тақырда жатқан атан түйені көреді. Әлденені күйсеп, ештеңеден қаперсіз, айналасына маңғаздана қарап жатқан түйеге қызыға қарайды. Жақындай келе кене түйені таниды. Бұл бұрынғы бастығы Атанбай екен. Бимен- кененің ойы, өткенді еске алуы арқылы Атанбайдың фәни дүниесіндегі өмірінен хабардар боламыз .Бимен Атанбаймен оқып жүрген кезінен таныс болған. Кейін қызметтерін жаңа бастап жүргенде де араласып-құраласып тұрған. Атанбай атына лайық- маңқиып, маңғаз жаратылған қазақ болған. Бимен қаншама қараулық, жамандық жасағанда ол бұған зәредей де жамандық жасамаған. Адамдық, азаматтық биігінде қалып, Бименнің ұсақтығына мән бермеген. Тіпті Бименнің өзін де елеп- ескермеген. Ақырында сол биіктігі мен алыптығын көре алмаған Бимен Атанбайдың түбіне жетіп, ажалына себепші болады. «Батыр аңғал- ер көдек» деген осы. Өмірде жылпос, жандайшаптардың тасы өрге домалап, адал, әділ тіпті алып жандардың солардың құрған қақпанына түсіп, опық жеп омақаса асып жатқандары жоқ немесе аз деп айта аламыз ба?

Кененің ендігі ойы атан түйенің жүніне жабысып алып елсіз жерге ұзап кету болады. Жүнге жетіп алған соң кенелік инстинкті оянып, енді түйенің жүннен ада аппақ жұқа шабына жабысуды ойлайды. Түйе орнынан тұрып, құладүзге бет алғанда бұл да жұқа шаптың шетіне жетіп үлгереді. Шаптың терісі жұқалау тұсына тұмсығын қадап, қанын сорып рахатқа батады. Тоғы басылып, шөлі қанады. Қоламса исі аңқыған осы мекенде мәңгілік қалуды ойлайды. Бір шәріге тақай бергенде шабы тызылдап ауырған түйе жерге аунап, шаң жұтқан кене өзінен- өзі домалап түсіп қалады.

Адамдардың көзіне түсіп қалудан сақтанып қалың көктің арасына беттеп, енді шетіне жете бергенде алдынан көк-сары қанатты әдемі көбелек ұшып шығады. Алғашында оған аса мән бере қоймаған. Бимен – кене алдын орап ұшып кетпей қойған көбелекті сәлден соң барып таниды. Бұл бұрынғы хатшысы – Бөпетай екен. Қарауында екі үш жыл жұмыс істеген. Ана тіршілікте әсем қылықтарымен мұның есін шығарған Бөпетай –көбелек мұнда да бірде оңға, бірде солға бұрылып, енді бірде жоғары- төмен көлбеп сәнмен ұшады. Өткен шақта сұлу хатшысының жүргені, күлгені, алдына келіп тапсырма алып тұрғаны, мұның бойын баурап, еліктіріп, еліттіргені, әуелде «дегеніңе көнбеймін» деп осы ұшып жүргеніндей олай- бұлай қашқаны, ақырында Бименнің тұзағына түсуіп, балапандай шырылдап- шырқырағаны, бота көздері мөлтілдеп жылағаны...бәрі де Бимен – кененің көз алдынан тізбектеліп өтеді. Сол Бөпетай соңынан Бименнің кесірінен бесінші қабаттан құлап өледі. Қаншама залал, қаншама қиянат... Мұны Кене- Бимен өзі де мойындайды, енді. «О, Бименнің уысында қанша қан, қанша күнә бар. Оның жанын кенеге бергенде құдай көрмей – білмей отыр дейсің бе?...»

Жазушы кейіпкер Бименнің өлмей тұрып қиянат, зәбір көрсеткен адамдарымен бұл жақта бетпе- бет кездестіріп тәубесіне келтіргендей болады. Тек кейіпкері Бимен- кенені ғана емес, оқырманды да.

«Әңгімеден Құдайлық жолдан адасып, сайтани сеніммен өмір сүрген пенде баласының жазушы қиялынан туған о дүниедегі азабын көреміз. Жазушы өз шығармасында өмірде талай қиянат жасаған Бименнің жанын кенеге беру арқылы көзі тірісінде істеген опасыздықтарын қайтадан есіне салу үшін тіршілікте қиянат жасаған адамдарымен жолықтырып, осы көріністерді реалистік өмірмен өте шебер ұштастыра біледі».

Тырбаңдап алға жылжып келе жатқан кене бір кезде өзінің саяжайының үстінен шығады. Қуанып кетіп ендігі жерде осы саяжайдың маңында күн кешуге бел байлайды. Осы қуаныштың жетегімен саяжайына беттеп келе жатқанда үйінің алдына өзінің соңғы үш жыл мінген ақ «Волга» мәшинесінің келіп тоқтағанын көріп кідіреді. Көліктен әуелі өзінің қызы, одан кейін орынбасары Әліп түседі. Әліптің мойнына асылып ары қарай Әліп оны балаша көтеріп алып үйге беттегенін көріп тұрады. Ойша өз қызметінің Әліпке тигенін бағамдайды. Ал қызы ше...Ары қарай бұл жайында ойлағысы да келмейді.

Әңгімеде орынбасары Әліптің бүгінгі күні бұрынғы бастығы марқұм Бименннің «тірлігін» жалғастырып жатқаны көрінеді. Бимен көзі тірісінде күнәдан пәк ару қыз Бөпетайдың тағдырын ойынға айналдырып соңынан оның ажалына себепкер болса, енді өзінің қызы Бименнің орнын басқан Әліптің құшағында ойнайды... «Бұрынғылар «тіршілікте көрген бақытың мен қасіретің бірдей болады. Тәңіріңнің таразысы тең» деп жатушы еді. Шынымен – ақ»-дейді Бимен- кененің өзі де.

Саяжайын паналау туралы жоспары далада қалып кері бұрылған кене ойда- жоқта төбеден құлдилап кп, жер бауырлап ұшқан бүркітті көріп зәресі ұшады. Бұрын – соңды бұл маңайдан бүркіт көрмеген. Биіктеп кетіп қайтадан төмен құйылып тура кененің үстімен ұшып өткенде бұл алып құстың сұстылығынан, от шашқан көздерінен әкесі екенін таниды.

Қалың шөптің арасымен кетіп бара жатып жақын маңнан көкектің үнін естиді. Көкектің үні соншалықты мұңды да қасіретті еді. Тіпті ол кенеге егіліп жылап отырғандай сезіледі. Бұл көкек кененің анасы болып шығады.

Тірісінде адамды бетіне қаратпайтын қатал әрі әділ әкесі бүркіт туған баласының кенеге айналғанын көріп бұдан түңіліп, биікке самғап, көкке сіңіп кетсе, қыбырлаған кененің өз перзенті екенін таныған анасы көкек байғұс егіліп жылап қала береді. «Анасы марқұм өзін- өзі тоқтата алмай ұзақ жылайтын. Мұң-сырын пендеге алдырмайтын әкесі еді ғой, Сабаз... Сол әдетінен тағы да танған жоқ .

Автордың айтар ойы, әңгіменің идеясы шығарманың финалына қарай түйінделе береді. Сандалып келе жатқан кене бір уақытта қарсы алдынан өзіне қарай қаптап келе жатқан кенелерді көреді. Бұлар ой жақтан шыққан үлкен өрттен қашып келе жатыр екен. Кенелердің көптігін көріп бір сәт өзін жұбатқандай болады. «Ол жан-жағындағы бірін-бірі басып кетердей қаптап келе жатқан кенелерге тоқ бейілмен қарады. «Ойбай-ау. Біз әлі де көбейе түсеміз ғой . Әлгі Әліп, Гүлсары, Жантайлар кене болмағанда не болар дейсің. Өзінің әйелі де бар екен ғой. Тіпті жер –дүние кенелерге толып кетпесе деші... Қызы да ойына түскен. Бірақ кене оны бұл топқа қосқан жоқ. Оны тым болмағанда көбелек болып кетсе екен» деп тіледі».

Әңгіме барысында әр нәрсенің қайтарымы бар екендігін, бұл дүниеде болмаса да, о дүниеде ол қайтарымды өтейтініңді және оған тиіс екеніңді жазушы реалистікпен сипаттайды.

Жазушы әңгіме финалында пендәуи дүниеде күнә арқалап, ақырында кенеге айналып жатқандардың көбеюінен өзі де секемденіп, оқырманды да содан сақтандырғандай болады.

Әдебиет атаулыда қарсылық, протестік деген нәрсе оқырманға, халыққа ұнайды. Бұл табиғатта бар нәрсе. Протестік сипат Тынымбай Нұрмағанбетовтің бойында, шығармашылығында басымдау көрінеді. Мысал үшін айтсақ, күнді жек көруге бола ма? Ал енді Тынымбай үшін ол кәдуілгі нәрсе. Нұрмағамбетовтің бір шығармасы «Күнді жек көру» деп аталады. Біреу әбден қарызға батқан, қарызын сұраушылар жан таптырмайды. Қарыз берген адамдардың сұрап келгені ештеңе емес. Олар келеді де дігірлеп-дігірлеп, аяғында мыңқ-мыңқ етіп кетеді. «Мен баяғы мектептегідей сазарып отырып аламын» дейді негізгі кейіпкер. Бірақ олардың әйелдерінің келгені сұмдық екен. Алайда, олардың әйелдерінің келіп таптап-таптап кеткені де ештеңе емес. Олардан кейін өз әйеліңнің таптап, табалағанына ешқандай сұмдық жетпейді. Сөйтеді да бұл адам өлгісі келеді. Балконнан барып секіріп кетейін десе, баласы келіп қалады. Саусақтарының ізі терезеге тарбайып-тарбайып түскен, баласы келіп «папа-папа» деп шыңғырып жылап тұр. Содан кейін өлудің басқадай бір жеңіл жолдарын іздейді. Жандүниесі осылай арпалысқа түсіп жатқан кезде, қайнағасы қайтыс болады да, жолға ақша жоқ болғаннан кейін әйелі мен баласын жібереді де, өзі қалады. Енді қалай қиналмай өлудің амалын іздей бастайды. Біреу консервіленген балықтан уланып өліпті! Мұндай қуанбас, жүгіріп дүкенге барып, жеуге жарамды мерзімі атам заманда өтіп кеткен бір консервісін сатып алды. Соны жесе өлмейді, қайта күшейіп кетеді. Сол аралықта күн бұзылып, табиғатта бір өзгеше құбылыс болады. Әлгі құбылыс болғанда елдің бәрі шошиды. Бұл шынында да ерекше құбылыс болып тұр. Жер-дүние асты-үстіне түсіп өзгермек. Ол дереу қарыз берген адамдардың біреуіне телефон соғады. Телефон соғады да: «Мен сіздің қарызыңызды қайтарайын деп едім», – дейді. Шын мәнінде ақшасы жоқ қой. «Ей, сен қарызды қоя тұршы, мына дүние не болып кетті?» – дейді анау. Бұл ақырзаман болып жатыр екен десе, «е, онда сен менің қарызымды қайтармай-ақ қой» дейді. Сөйтіп екіншісімен, үшіншісімен сөйлеседі. Әртүрлі психологиялық ерекшеліктерді ашады. Сөйткен абыр-сабырдың үстіне әйелі келеді. Аман-есен оқиғаның барлығы бітеді. Қандай реалистік сипаттар десеңізші! Тынымбай ағамыз осындай қызық-қызық ситуацияларды тауып алады. Тынымбай Нұрмағамбетовтың қаламынан туған «Жер иісі» романы 1970-80 жылдардағы Сыр өңіріндегі диханшылық мәселесін көтерген, соның ішінде күріш өсіру мәселесі әңгіме болады. Бұл романда автор жалпы ұрпақ тағдыры мен дән тағдырын байланыстыра отырып, қазіргі замандағы көкейтесті мәселелерді қозғаған. Романның тілі жатық, ұлттық бояуларға қанық. Өмір ақиқаты қаламгердің өзіндік шеберлігімен айтылған.

Тынымбай Нұрмағамбетов прозасы оқырман таңдамайды. Оның жазушылығы көпке ортақ. Бәріне түсінікті тілмен, жалпыға ортақ оймен, қазақтың жаны дейтін құндылықпен оқырмандарын ізгілікке шақырады. Оны пикалық жазушы деп айта алмаймыз. Романистерге тән үлкен жазушылық тынысын да осы уаықытқа дейін көрсеткен емес. Оның жанры: повесть пен әңгіме.

Мен көрсеткен шығармалар тақырып жағынан үндес, қоғамдық мәселені қозғайтын әңгімелер. Барлығы дерлік әлеуметтік мәселелерді көтеріп, қоғамдағы жағымсыз адамдарды сатира, юморлы түрде шебер суреттейді.

Тынымбай Нұрмағамбетовтің таза көркемдік дүниелері он том болады. Ол қазақ жазушыларының ішінде ең өнімді жазғандардың бірі және біздің прозамызды биік белеске көтерген жазушы. Тынымбай Нұрмағамбетов сияқты жазушыларды көтеру арқылы біз әдебиетімізді көтереміз деп есептеуіміз керек.

Заман келбеті мен адамды өз елегінен өткізіп, философиялық толғам жасайтын мұндай шығармаларда негізгі екпін кейіпкердің ішкі халі мен рухани тебіреністеріне түседі де, осы себепті, мұндай сипат иеленген көркем туындыларды талдауда реалистік проза үлгілеріне қалыптасқан әдіс-тәсілдердің барлығын бірдей қажетіне жарата алмайсың. Т.Нұрмағамбетовтің қазақ прозасының философиялық толғанысқа айрықша бет бұруын көрсететін жаңалыққа сүбелі үлесі ретінде қадап айта алатын бұл шығармалар өте терең , жан-жақты талдауды, зерделеуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет