Алаңдарды бульдозермен тегістеу
Топырақты бульзозермен өңдеу процесі негізгі үш операциядан тұрады: толтыру, тасымалдау және топырақты төсеу. Ең үлкен тиімділік топырақты келесі қашықтықтарға ауыстырғанда болады: ДТ-54, ДТ-75 тракторлардағы бульдозерге – 30-50м; ДТ-75 және Т-100 тракторлардағы 50-70м; Т-130 және Т-180 тракторларына 100 м дейін және ДЭТ-250 тракторларда 150 м дейін.
Ауыстыру қашықтығы 40 м дейін көлемі 3 000 м3 жер жұмыстарын орындау үшін ДТ-54, ДТ-75 және Т-100 тракторлардағы бульдозерлерді пайдалануға ұсынылады; көлемі 3000-50000 м3 және ауыстыру қашықтығы Т-70м дейін Т-100, Т-130 және Т-180 тракторлардағы. Жер жұмыс көлемі 50000 м3 жоғары және ауыстыру қашықтығы 100 м дейін және одан да артық – Т-130, Т-180 және ДЭТ-250 тракторлардағы.
Алаңды бульдозерлермен тегістеу көбінесе екі тәсілімен орындалады: ормен және қабатпен.
Ор тәсілімен өңдеу қашықтығы 50 м дейін ауыстырғанда топырақтың жоғалтуын азайту үшін қолданады. Терецдігі 0,4-0,6 м, қатар тілім орларды бір ізбен бірнеше өту арқылы жасайды. Ор енін бульдозер күрегінің еніне тең алады, ал орлар арасында қалдырылған мойындар ені – байланысты топырақтарда – 0,6м. Мойындар әр орды өткеннен кейін өңделеді.
Ауыстыру қашықтығы 50м-ден көп болса әр 25-30 м-ден кейін аралық үйме жасалады, олар сонан соң екі немесе үш парланған бульдозерлермен ауыстырылады.
Топырақты қабат үлгісімен өңдеу қатар тілімдермен жасалады және әр алдыңғы тілім келесімен 0,3-0,5 м асыра жабылып отырады.
Үйген топырақты механикаландырып тығыздау
Топырақты жасанды тығыздау жер ғимараттарының тұрақтылығын көтеру, шөгуін азайту және су өтпеушілігін көбейту үшін жасалады. Ғимараттағы топырақтың қажетті тығыздығы топырақ қаңқасының орта тығыздығы арқылы немесе тығыздық коэффициентімен көрсетіледі, қайсысының шамасы ғимарат атқаратын міндетіне және төселіп жатқан топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.
Топырақты ең үлкен тығыздау нәтижесіне жететін және оны тығыздау үшін ең аз еңбек шығатын үйлесімді дымқылдыққа тығыздау керек.
Топырақтардың негізгі дәрежелері үшін үйлесімді дымқылдық және шекті тығыздықтың ұйғарымды мағыналарын көрсетілген
Кесте-1
Топырақ
|
Шайқалу шегі
|
үйлесімді дымқылдық, %
|
ең үлкен тығыздық, т/м3
|
Құмдық
|
8-12
|
1,75-1,25
|
Құмайт
|
9-14
|
1,65-1,85
|
Тозаңды
|
14-23
|
1,60-1,82
|
Сазды
|
12-18
|
1,65-1,85
|
Ауыр
|
15-22
|
1,60-1,85
|
Тозаңды
|
17-23
|
1,58-1,78
|
Балшықты
|
18-25
|
1,55-1,75
|
Үйлесімді дымқылдықтың шамасынан ауып кетуге рұқсат етіледі: байланысты топырақтар үшін 10, байланысты емес үшін 20%.
Үйіндінің және алаңдардың топырағын топтан тегістеу ұсынылады, өйткені осы тәсілмен қай топырақ болса да тығыздауға болады. Топтап тығыздауды пневматикалық немесе жұдырықша тығыздағыш машиналармен жасайды.
Топырақты тығыздағанда келесі жағдайларды сақтау керек:
Топырақ тығыздаушы машиналар өнімділігі жер қазушы және көлік құралдары өнімділігіне сәйкес келу керек;
Салынатын қабат қалыңдығы топырақ тығыздаушы машиналарының технологиялық сипаттамасында көрсетілген шамалардан аспау керек;
Тығыздаушы машинаның әр келесі жүрісі тығыздауды қалдырып кетпеу үшін алдыңғы жүрісті 0,1-0,2 м асыра басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |