Қалай ойлайсыз, неге қазіргі таңда педагогика негіздерінен білім кез келген адамға қажет?


Педагогика қай ғылым салаларымен тығыз байланысты? Осы байланыстарды сипаттаңыз



бет3/4
Дата14.04.2022
өлшемі23,41 Kb.
#139234
1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырма №1

Педагогика қай ғылым салаларымен тығыз байланысты? Осы байланыстарды сипаттаңыз.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар: әдіснамалық және пәндік.
Әдіснамалық байланыс
- басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды, жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан);
- басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану (мысалы, әлеуметтанудан).
Пәндік байланыс
- басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы, психологиядан, медицинадан, физиологиядан және т.б.);
- кешенді зерттеулерге қатысу.
Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы кіргендіктен, бұл ғылым адамды зерттеу нысаны ретінде қарастыратын барлық ғылымдармен байланыс жасайды. Бұл байланыстардың ішінде философия және психологиямен байланыстары ерекше. Педагогиканың философиямен байланысы ерекше, себебі философия педагогиканың әдіснамалық негізін құрайды, яғни кӛптеген педагогикалық құбылыстарды түсіндіруге кӛмектеседі, педагогикалық ізденістер бағыттарын анықтайды. Философия ғылыми таным қағидалары мен әдістерін, әдістемесі мен технологиясын жасай отырып, педагогикалық зерттеулер мен педагогикалық ізденістерді жүргізудің, педагогикалық тәжірибені талдаудың және педагогикалық тұжырымдамаларды жасаудың теориялық негізі болып табылады. Педагогикалық фактілер мен құбылыстар философиялық негіздемесіз ғылыми мәртебеге ие бола алмайды. Екінші жағынан педагогика философиялық идеяларды «сынақтан ӛткізу алаңы» болып табылады. Педагогика адамның дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен құралдарын жасайды.
Педагогиканың психологиямен де байланысы тығыз және ӛте маңызды екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні психика мен тұлғаның психологиялық құрылымы (оның маңызды құрамдас бӛліктері сана, іс-әрекет) болғандықтан, психология оқыту мен тәрбиенің жүйелері негізделетін оқушының дамуы мен таным үрдістері туралы қажетті мәліметтерді береді. Психология адамның даму заңдылықтарын ашып, оның деңгейін диагностикалайтын болса, ары қарай педагогика оны оқыту мен тәрбие барысында дамыту мен қалыптастыру жолдары мен мазмұнын қарастырады. Педагогика мен психологияның маңызды байланыстарына тӛмендегілерді жатқызуға болады:
1. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жас ерекшелік сипаттамалары.
2. Психикалық үрдістер туралы түсініктер.
3. Тұлғаның жеке ерекшеліктерін сипаттау, ең бірінші – дербестік, белсенділік, мотивациясын.
4. Педагогика мазмұн түрінде қабылдайтын сипатында білім беру мақсаттарын ұсыну.
педагогика басқа ғылымдармен қалай байланыса алса (мәселен, педагогикалық психология, педагогикалық этика және т.б.), дәл солай дифференциациялана алады – яғни оның құрамынан белгілі бір дәрежеде дербес ғылыми салалары бөлінеді. Барлық педагогикалық ғылым салалары жинақталғанда педагогикалық ғылым жүйесін құрайды, оларды біріктіруші, жүйе құрушы компонент педагогиканың зерттеу пәні – тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет