Қалай ойлайсыз, неге қазіргі таңда педагогика негіздерінен білім кез келген адамға қажет?


Жоғары мектеп педагогикасының пәні және міндеттері не?



бет2/4
Дата14.04.2022
өлшемі23,41 Kb.
#139234
1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырма №1

Жоғары мектеп педагогикасының пәні және міндеттері не?
Кез келген ғылымның зерттеу саласын анықтайтын нысаны мен пәні болады. Педагогика ғылымының нысаны адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы жүретін педагогикалық шынайылық болып табылады.
Педагогиканың ғылым ретіндегі міндеттерін төмендегідей сипаттауға болады:
1. Білім беру және білім жүйелерін басқару саласындағы заңдылықтарды ашу. Педагогикада заңдылықтар деп арнайы жасалған немесе объективті қалыптасқан жағдайлар мен қол жеткен нәтижелер арасындағы байланыстарды атайды. Нәтижелер ретінде тұлғаның білімділігі, тәрбиелілігі және дамығандығы қарастырылады.
2. Педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін зерттеу және жалпылау. Бұл міндет, бір жағынан, озық педагогикалық тәжірибені теориялық негіздеу және ғылыми негізде түсіндіру, инновациялық авторлық тұжырымдамаларда бұқаралық педагогикалық тәжірибеге енгізуге болатын идеяларды анықтау, екінші жағынан, педагогикалық қателерді зерттеу және білім беру үрдісінде негативті құбылыстардың туындауының себептерін анықтау.
3. Тәрбие мен оқытудың жаңа әдістерін, құралдарын, түрлерін, жүйелерін жасау, білім беру құрылымдарын басқару. Бұл міндеттің шешілуі кӛп жағдайда шектес ғылыми салалардағы (психология, физиология, әлеуметтану және т.б.) жаңалықтарды зерттеуге сүйенеді, сонымен бірге білім саласындағы қазіргі әлеуметтік тапсырыстың ерекшелігін дұрыс түсінумен анықталады.
4. Білім беруді болжау. Білім беру инфрақұрылымының болжамданып тұрған дамуының теориялық модельдері білім беру саясаты мен экономикасын басқару үшін және педагогикалық іс-әрекетті жетілдіру үшін қажет.
5. Зерттеулер нәтижелерін тәжірибеге енгізу. Осы міндетті шешудің бір жолы ғылыми-тәжірибелік орталықтар, зертханалар, бірлестіктер болып табылады. Бұл міндеттің тиімді шешілуі кӛп жағдайда педагог-практиктерді зерттеуді дайындап жүргізуге және жаңа педагогикалық ӛнімді (технологияны, әдістемені, әдістемелік қамсыздандыруды және т.б.) жасауға тарту арқылы жүзеге асады.
6. Инновациялық үрдістердің теориялық және әдіснамалық негіздерін жасау, теория мен тәжірибенің рационалды байланысын күшейту, зерттеушілік және тәжірибелік әрекеттің ӛзара әсерлесуін нығайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет