Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар



Дата29.01.2017
өлшемі42,95 Kb.
#8185

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті: 2013 ж. ЖОО өзін-өзі аттестаттауы

БҚМУ– 80 жыл

  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті еліміздің ежелгі ЖОО-лардың бірі болып табылады. 1932 жылы Қазақстанда екінші педагогикалық институт ретінде Орал қаласында ашылды.
  • 1937 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына орай оған ұлы орыс ақынның есімі берілді.
  • 2000 жылының 14 ақпанында Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.
  • 2003 жылдың 30 мамырда ҚР үкімет № 497 Қаулысымен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне Махамбет Өтемісовтің есімі берілді.
  • Бүгінгі таңда университет түлектері арасынан танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, жетекшілер жұмыс жасап жатыр. Атап айтсақ: ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі – Б.С. Әйтімова, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ-дың құрметті профессоры – И.Н. Тасмағамбетов, екі мәрте Кеңес одағының батыры, ұшқыш – Л.И. Беда, Татарстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы – Р.И. Нафигов, КСРО ҒА Поволжье археологиялық институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы – Б.Железчиков және т.б.

БҚМУ бүгін

  • Бүгін БҚМУ құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, IT орталығы, лабораториялар бар.
  • ЖОО-да 8 оқу ғимараттар, жатақханалар, спорттық ғимараттар және т.б. бар.
  • Университет құрылымында 52 бакалавриат, 24  магистратура, 4 PhD докторантура мамандықтары  бойынша мамандар дайындайды.
  • Студенттер контингентінде білім алушылардың жалпы саны бакалавриат бойынша – 4790. Оның ішінде 3293 студент күндізгі, 1497 студент сырттай бөлімінде білім алуда. Мемлекеттік білім беру грант бойынша 1140 (23,8%) студент.  2012-2013 оқу жылында мемлекеттік тілінде оқитын студент үлесі 68,2% құрайды. Қазіргі кезде 186 магистрант білім алуда; мемлекеттік тапсырысы бойынша 136 кісі, ақылы негізінде – 50 кісі.
  • БҚМУ 2008 жылда кезекті мемлекеттік аттестаттаудан өтті, 2010 ж. ҚР БҒМ ҰАО аккредиттациядан өтті.

Кадрлық потенциал

  • 2012-2013 оқу жылында профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы саны 393 адамнан тұрады және ол штаттық оқытушылардың 84,5% үлесін құрайды. Ғылыми дәреже мен атақтағы бар ПОҚ үлесі - 48,5%.
  • Штаттық ПОҚ орта жасы - 40 жас.
  • Ғылым докторлары ПОҚ-тың жалпы санынан - 7,9% құрайды.
  • Мемлекеттік тілде оқу сабақтарын ПОҚ-тың 70,7% жүргізеді.
  • Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар магистратура, докторантура PhD бойынша дайындалады. 2010-2012 жж. аралығында 115 магистр магистрлік диссертация мен 18 кандидаттық диссертация қорғалды және қайта аттестатталды. 2010 жылда 4 докторлық диссертация қорғалды, оның ішінде 3 Қазақстан Республикасында, 1 – Ресейде.
  • 3 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының орталық ЖОО-ларында 128 оқытушы, ЖОО ішінде – 440 оқытушы өз біліктіліктерін жоғарлатты.

Әкімшілік басқарушы персонал

  • Әкімшілік-басқарушы персоналдың жалпы саны 20 кісі. Оның ішінде 5 – ғылым докторлары, 12 – ғылым кандидаттары.
  • Ғылыми дәрежесі мен атағы бар ӘБП үлесі жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 85% құрайды.
  • Әкімшілік-басқарушы персоналдың орта жасы – 46.
  • Ректор – Иманғалиев Асхат Сәлімұлы – педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор.
  • Бірінші проректор – Ә. С. Тасмағамбетов– тарих ғылымдарының докторы.
  • Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор – Ғ. Қ. Жүсіпқалиева – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
  • Ғылыми жұмыс және халықаралық жұмыс жөніндегі проректоры – Ә. Қ. Мұқтар – тарих ғылымдарының докторы, профессор.
  • Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры – Т. М. Даришева - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Қаржылық шаруашылық қызмет

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ қаржылық шаруашылық қызметі 3 жыл бойынша тиімді болды, негізгі қызметтің рентабельділігі 10 % жетті.
  • Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, лабораториялық жабдық пен ұйымдастыру техникасын сатып алу саласында елеулі өсу байқалады.
  • Ардагерлерге, зейнеткерлерге, қызметкерлерге және студенттерге университетте қабылданған Ережеге сәйкес әлеуметтік көмек көрсетіледі.
  • Бюджеттің едәуір шығыс бөлігі білім алушылардың стипендиясы мен жол жүру өтемақысы болып табылады. Жетім, мүгедек студенттерге материалдық көмек көрсетіледі. Соның ішінде жетім және мүгедек студенттерге тегін тамақтандыру ұйымдастырылған.
  • ПОҚ біліктілігн арттыру мақсатында бөлінген қаржы көлемі де жеткілікті.
  • Бір студентті оқытуға арналған орташа шығыс мемлекеттік тапсырыспен белгіленген шығындар деңгейіне сәйкес келеді.
  • www.gosreestr.kz сайтында қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспары орналастырылған, бұл қаржылық-шаруашылық қызметінің ашықтығын көрсетеді.

Оқу-әдістемелік жұмыс

  • МЖББС және ТОБ қамтылуы – 100% .
  • Жұмыс берушілер мен түлектердің сауалнама өткізу нәтижелері бойынша ЭПК қалыптасады.
  • Модульдік білім беру бағдарламалары да дайындалған.
  • Барлық мамандықтар бойынша жұмыс оқу бағдарламалары мен пәннің оқу-әдістемелік кешендері (ПОӘК) дайындалған.
  • Кафедраларда ғылыми-әдістемелік семинарлар (ҒӘС) қызмет етеді. Оқу-әдістемелік жұмысты үнемі жақсарту мақсатында оқу- әдістемелік семинарлар, әдістемелік апталықтар өткізіледі, соонымен қатар мастер-кластар, презентациялар, ашық сабақтар мен осы айтылған шаралардың бейне материалдар қоры қалыптасқан.
  • БҚМУ профессор-оқытушылар құрамының оқытуда инновациялық технологияларды енгізуі бойынша конкурс жыл сайын өткізіледі.

Оқу-әдістемелік жұмыс

  • 2011-2012 оқу жылында университет бойынша орта үлгерімі грант бойынша оқитындардың - 98,5%, ақылы негізінде оқитындардың - 99% құрайды.
  • 2010-2011 оқу жылында АМК шарасында 542 студент қатысқан. Мамандықтар бойынша орташа көрсеткіш 78,8 бал құрды.
  • 2011-2012 оқу жылында ОЖСБ шарасында университеттің 12 мамандықтар бойынша 259 студент қатысты. Мамандықтар бойынша орта көрсеткіш 114 бал құрды.
  • 2011-2012 оқу жылында мемлекеттік емтихандарды «өте жақсы» - 59,3%, «өте жақсы» және «жақсы» - 11,1% бағаларға тапсырды, 16,6% студент үздік дипломдар алды.

Оқу-әдістемелік жұмыс

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Болон үрдісінің параметрлерін енгізу бойынша практикалық қадамдар қабылдануда.
  • 2012-2016 жылдарына арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да көптілді білім беруді енгізу бағдарламасы дайындалып, ҚР БҒМ ұсынылды.
  • «Физика» мамандығы бойынша Ұлы Казимир атындағы университетімен (Польша, Быдгощ қ.); «Математика» мамандығы бойынша Отто фон Герике атындағы университетімен (Магдебург қ., Германия) бірге бірлескен білім беру бағдарламалары дайындалды.
  • Академиялық ұтқырлық – шығыс ұтқырлық 118 студентті, 81 магистрантті, 41 ПОҚ құрайды. Кіріс ұтқырлық – 9 студентті, 1 магистрантты, 64 ПОҚ құрайды.
  • Университет өзінің бағдарламалық өнімдерін дайындайды. Бүгінгі таңда қашықтан оқытудың кейстік технологиясы, желілік технологиясы және ТВ-технологиясы жүзеге асырылуда.

Ғылыми-зерттеу жұмыс

  • БҚМУ-да ғылыми орталықтар қызмет етеді:
  • Қазақстан тарихы және өлкетану орталығы;
  • Биотехнология және экологиялық зерттеу орталығы;
  • Аймақтық экономика мәселелері орталығы;
  • «Бәйтерек» акмеологиялық орталығы;
  • «Махамбет» орталығы;
  • Химиялық зерттеу және технологиялар орталығы.
  • 2010-2012 жылдары университетте 16 жобалар қаржыландырған, оның ішінде 13 жоба – мемлекеттік тапсырыс және бюджеттік қаржыландыру бойынша. 3 жоба шаруашылық субъекттер тапсырысы бойынша орындалған.
  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ғылыми жұмыспен шұғылданатын қоғамдық жастар бірлестіктері бар «БҚО жас ғалымдар кеңесі» ҚБ, «Жас экономист» ҚЖБ, «Ақиқат» ҚЖБ. 2010-2012 жж. «БҚО жас ғалымдар кеңесі» ҚБ 11 жоба жүзеге асырылған, «Жас экономист» ҚЖБ 3 жоба ұтып алған, «Ақиқат» ҚЖБ 12 жоба жүзеге асырылған.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

  • 2012 жылда студенттік бірлестіктер саны – 35, ҒЗЖ тартылған студенттер саны – 1215 құрайды.
  • Университет ғалымдары Польша, Германия, АҚШ, Украина, Ресейлік әріптестерімен тығыз байланыста қызмет істеп келеді.
  • Университет профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан, Ресей және сонымен бірге Украина, Ұлыбритания, Чехия, Польша, Германия, АҚШ-тың жоғары оқу орындары базасында өткізілетін әр түрлі деңгейдегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысып келеді. Соның нәтижесінде 2010-2012 жж. 1800 астам ғылыми мақалалар жарияланды.
  • 2012 жылы 15 монография мен ғылыми еңбектер, 60 оқу және оқу-әдістемелік құралдар, 21 электрондық оқулықтар шығарылды.
  • Сыртқы қаржыландыру және өз қаражаты есебінен орындалған ҒЗЖ жалпы сомасы 2010 жылда – 7500,0 мың теңгені, 2011 жылда – 13596,0 мың теңгені, 2012 жылда – 96807,8 мың теңгені құрады.

Оқу үрдісінің ақпараттық-әдістемелік және кітапханалық қамтамасыз етілуі

  • Көрсеткіштер
  • 2009-2010 жж.
  • 2010-2011 жж.
  • 2011-2012 жж.
  • 2012-2013 жж.
  • Жергілікті желілердің болуы
  • +
  • +
  • +
  • +
  • WEB-сайттың болуы
  • +
  • +
  • +
  • +
  • Intranet-сайттың болуы
  • +
  • +
  • +
  • +
  • Электрондық поштаның болуы
  • +
  • +
  • +
  • +
  • Білім беру порталдың болуы
  • +
  • +
  • +
  • +
  • Компьютер саны
  • 830
  • 840
  • 876
  • 955
  • 1 компьютерге студенттер саны
  • 11
  • 6
  • 6
  • 6
  • Internet кіру жылдамдығы
  • 4 Mbit/s
  • 4 Mbit/s
  • 4 Mbit/s
  • 10 Mbit/s
  • Компьютерлік сыныптар саны
  • 35
  • 39
  • 45
  • 47
  • Компьютерлік сыныптардағы компьютерлер саны
  • 420
  • 452
  • 600
  • 630

Оқу үрдісінің ақпараттық-әдістемелік және кітапханалық қамтамасыз етілуі

  • Университетте авторлық куәліктері бар бағдарламалық өнімдер дайындалған және қызмет етеді:
  • «БҚМУ-да сабақ кестесін құру бағдарламалық кешені;
  • «Тест бақылау жүйесі» атты бағдарламалық кешен;
  • «Оқытушы студенттер көзқарасымен» атты сауалнамалау бағдарламасы;
  • «Антиплагиат» автоматтандырылған жүйесі;
  • «e-Journal v.2.0» электрондық журналы;
  • «Makhambet» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.

Оқу үрдісінің ақпараттық-әдістемелік және кітапханалық қамтамасыз етілуі

  • Кітапханалық қор – 1 042 066 сақтау бірлігінен тұрады, оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер көлемі – 971 023 сақтау бірлігінен тұрады, оның ішінде - 399 511 сақтау бірлігі қазақ тілінде және 9884 сақтау бірлігінен басқа тілдерде. Бұл қор бір студентке есептегенде 140 данадан астам келеді.
  • Университеттің ғылыми кітапханасы он шақты оқу залдарынан тұрады. Әр оқу ғимаратында оқу залдары бар: Гуманитарлық ғылымдар (№1), Жаратылыстану ғылымдары (№2), Тарих және заң ғылымдары (№3), Өнер және мәдениет (№4), Экономикалық ғылымдар (№5), Ғалымдар залы (№6), Электрондық оқу залы (№7), Жаратылыстану-географиялық ғылымдары (№8), Музыкалық шығармалар және нота шығармалары (№9) және жатақханадағы оқу залы. Кітапханадағы оқу залдарының отырғызатын орындар саны 600-ді құрайды.

Тәрбие жұмысы

  • Университет жанында тәрбие жұмысы бойынша Кеңес қызмет етеді. Әр факультетте кураторлар Кеңесі бар. Университетте 4 жастар ұйымы құрылған: «Ақиқат» дебат орталығы, «Жас экономист», «БҚМУ студенттер кәсіподағы», «Жас ғалымдар кеңесі».
  • 2005 жылдан бастап университетте студенттік өзін-өзі басқару жасап келеді.
  • Университет ректораты М.Өтемісов; А.С.Пушкин, В.В.Иванов, А.Д. Тайманов; М.М.Тілеужанов атындағы шәкіртақыларын бөледі; ҚР БҒМ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы 15 шәкіртақы бөлінген және сонымен қатар дарынды студенттерді қолдау мақсатында ҚР БҒМ жыл сайын Әл-Фараби, М.Төлебаев, Т.Мүсірепов атындағы республикалық шәкіртақыларды береді. Экономика мамандықтары бойынша жетістітерге жеткен студенттер Халық банкінін шәкіртақыларына иеленеді.
  • Университеттің 22 үйірмесінде 900-ден астам студенттер шұғылданады. 300-ден астам студент шығармашылық ұжымдардың мүшелері болып табылады.
  • Университетте «Шынықсаң шымыр боларсың» бағдарламасы енгізілген. Апта сайын Спорт сарайында студенттер үшін спорттық шаралар өткізіледі. Университеттің 17 спорттық секцияларында 300-ден астам студент шұғылданады.

Материалдық-техникалық базасы

  • Аталуы
  • Жалпы көлемі
  • Тиімді көлемі
  • Оқу көлемі
  • 1
  • №1 оқу ғимараты
  • 8067,2
  • 5210,5
  • 4880,0
  • 2
  • №2 оқу ғимараты
  • 2165,3
  • 1467,6
  • 1354,0
  • 3
  • №3 оқу ғимараты
  • 2735,0
  • 1955,8
  • 1700,7
  • 4
  • №4 оқу ғимараты
  • 1979,3
  • 1022,7
  • 943,7
  • 5
  • №5 оқу ғимараты
  • 1950,4
  • 1398,3
  • 1297,0
  • 6
  • №6 оқу ғимараты
  • 490,8
  • 363,2
  • 341,0
  • 7
  • №7 оқу ғимараты
  • 6078,1
  • 4186,0
  • 4100,0
  • 8
  • №8 оқу ғимараты
  • 1963,0
  • 1051,1
  • 1000,0
  • 9
  • ФОК
  • 1049,5
  • 910,9
  • 890,0
  • 10
  • Спортзалы
  • 948,0
  • 656,8
  • 600,0
  • 11
  • Лабораториялық ғимарат
  • 1093,8
  • 567,8
  • 530,0
  • 12
  • №1 жатақхана
  • 3875,6
  • 2388,3
  • 185,0
  • 13
  • №2 жатақхана
  • 5826,2
  • 1969,0
  • 275,7
  • 14
  • Агробиостанса
  • 475,9
  • 380,5
  • 275,6
  • 15
  • Хореография кафедрасы
  • 890,4
  • 641,6
  • 617,6
  • 16
  • Ағаш шеберханасы
  • 130,6
  • 111,6
  • 111,5
  • 17
  • Спорттық алаңдар
  • 2289,7
  • 2289,7
  • 2289,7
  • Жалпы
  • 40015,4
  • 26578,4
  • 21398,6

Түлектерді жұмысқа орналастыру

  • Түлектер арасындағы жұмысқа орналасу көрсеткіші мемлекеттік грант негізінде оқығандардың орта есеппен 81,2% құрайды, ал ауыл квотасының иегерлерінің бұл көрсеткіші әдеттегiдей жоғары.
  • Университет түлектерiн жұмысқа орналастыруға көмектесу бойынша тиiмдi жүйенi құру мақсатында жұмыс берушілермен серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімдерге отыру бойынша жұмыстар жүргізіп отырады. 01.11.2012 жылына Батыс Қазақстан облысының аудандары мен Орал қаласы әкімдіктермен ыңтымақтастық жөнінде 10 меморандумдарға қол қойылған.
  • ЖОО М.Өтемiсов атындағы БҚМУ түлектерiн барынша түгелдей жұмысқа орналастыру мақсатымен соңғы бес жыл бойы Мансап күні ұйымдастырылып өткiзіледi.
  • Түлектер мен студенттерді жұмысқа орналастыруға көмектесудің ақпараттық жүйесін құруы маңызды фактор болып табылады. Сол мақсатпен мансап орталығының өз сайты құрылған Cараман – Мансап – Маркетинг http://tylek.wksu.kz/. Сайт төмендегідей бөліктерден тұрады: топтар шығарылымы туралы ақпарат (жұмысқа орналасу жөнінде жыл сайынғы есеп формасы бойынша); жұмыс берушілер тапсырыстары бойынша болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және сараман жөніндегі мәліметтер; кері байланыс туралы ақпарат; түлектерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат.
  • Жұмыс берушiлердің арасында өткізілген сауалнама нәтижелері бойынша БҚМУ түлектерінің дайындығы өте жоғары деңгейде - 34%-ы және 48%-ы дайындығы жоғары деңгейде деп есептейтіндері анықталды.

Магистратура

  • Университет магистратурасында (ғылыми-педагогикалық және профилді бағыты) 186 магистрант білім алады: бірінші курста – 115 магистрант (80 – мемлекеттік тапсырыс бойынша, 35 – ақылы негізінде), екінші курста – 71 магистрант (56 – мемлекеттік тапсырыс бойынша; 15 – ақылы негізінде).
  • ЖОО-да бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық деректер қорларына, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиетке еркін шығуға мүмкіндік береді.
  • Зерттеу/өндірістік сараман мазмұны диссертациялық зерттеу тақырыбымен анықталады.
  • БҚМУ магистрантарына жыл сайын шақырылған шетел профессорлары дәрістер оқиды.
  • 2010-2011, 2011-2012, 2012-2013 оқу жылдарының қысқы және жазғы сессиялар қорытындылары бойынша үлгерім нәтижелері – 100% құрайды.
  • БҚМУ-дың барлық магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысымен қамтылған: әр түрлі деңгейде өткізілетін ғылыми конференцияларға магистрлік диссертация мәселелері бойынша зерттеулерімен қатысады.
  • Барлық мамандықтар бойынша БҚМУ-дың магистранттары жыл сайын шетел ЖОО-ларында ғылыми-зерттеу машықтануларынан өтеді, 2010 жылында шетел ЖОО-ларында магистранттардың 85 % ғылыми машықтанудан өтті, 2011 жылы бұл көрсеткіш 87%, 2012 жылы – 96% құрайды.

Білім сапасын басқару

  • Университетте нормативтiк-құқықтық актілер негізінде «2020 жылға дейiн М.Өтемiсов атындағы БҚМУ-дың даму тұжырымдамасы» және 2015 жылға дейiн стратегиялық даму жоспары қабылданды, жоспарлаудың тиiмдiлiгi 90 және одан да көп пайызға жетті.
  • ЖОО-ны басқаруда қоғамның қатысуына қамқоршылар кеңесі, түлектер қауымдастығы, жұмыс берушілер кеңесі қызмет етеді.
  • Ақпаратқа қол жету ЖОО қызметінің ашықтығына ықпал етеді.
  • Білім бағдарламасының қалыптасуы жұмыс берушілер арасында өткізілген сауалнама бойынша жүзеге асады.
  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартына сәйкес сапаны басқару жүйесін енгізді және сертификат алды.
  • Университетте білім алушылардың үлгерімі мен қатысулары күнделікті бақылауға алынған, бұл тьютор журналының, «Платон» БАЖ және электрондық журнал негізінде жүзеге асырылып келеді.
  • ЖОО-да обьективті бағалауға жету үшін «Электрондық журнал», «Тестілеу кешені», «Антиплагиат» бағдарламалар кешендері дайындалған.
  • ПОҚ сабақ беру және дайындау сапасының талаптары сабаққа өзара қатысу, әдістемелік семинарлар мен ашық сабақтар, мастер-кластар өткізу, сарапшы комиссия жұмысы және ПОҚ рейтингісін анықтау арқылы жүзеге асырылады.
  • Университеттегі білім беру үрдісінің сапасын көрсететін ақпаратты алу тиімді құралы болып оның әлеуметтік мониторингісі болып табылады.
  • Университет студенттері мен оқытушылары университеттің барлық жетекшілерінің қабылдауына жазылу мүмкіндігіне ие және электрондық пошта мен сенім телефон жүйелері арқылы хабарласа алады
  • 2010 ж. ЖОО ҚР БҒМ ҰАО-да ұлттық институционалды аккредитациядан өтті.

Ескерту мен кемшіліктер

  • М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметінің барлық бағыттарын талдау нәтижелері бойынша өзін-өзі аттестаттау комиссиясы бір қатар ескертулер жасады:
  • Жалпы университеттік кафедраларда ғылыми дәрежесі мен атағы бар оқытушылардың санын көбейту;
  • PhD докторантурасының төрт мамандығы бойынша дайындау мен мемлекеттік тапсырыстардың жоқтығын көрсетеді;
  • Кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан қаражат тарту мақсатымен әлеуметтік серіктестік жүйесін дамыту;
  • Академиялық ұтқырлықты одан әрі дамытуға қосымша, бюджеттен тыс қаржылық қаражаттар есебінен жүзеге асыру;
  • Шетелдік ЖОО-лармен бірлескен ғылыми зерттеулерде, қаржыландыратын ғылыми жобаларға қатысуға университеттің жас ғалымдарын тарту керек;
  • Салауатты өмір салтын тарату, спорт түрлерін дамыту, мәдени жалпылай шараларды өткізу мақсатымен Спорт Сарайына, спортзалдарына, ашық ғимараттарына қосымша жаңа Спорт Сарайының құрылысын салу туралы сұрақ қарастыру.

Қорытындылар мен ұсыныстар

  • Өзін-өзі аттестаттау комиссиясы соңғы үш жылда университеттің жоғары білім саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, оқу-тәрбиелік үрдісін жетілдіру, кадрлық потенциалды күшейту мен материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша маңызды жұмыс өткізгенін көрсетті
  • Университеттің білім беру қызметі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатынын, білім беру қызметін лицензиялаудың Біліктілік талаптарына сәйкес және ЖОО- мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың барлық мамандықтарын мемлекеттік аттестаттауға дайын екендігін комиссия белгілеп көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет