Алакөл негізгі жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қамидоллиева Сандуғаш Асқарқызы



бет16/29
Дата07.05.2017
өлшемі9,39 Mb.
#16107
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29


Көз жаттығулары

1.1-4-ке дейін санап көзді қатты жұмыс, сонан кейін ашып, жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейін санай отырып, алысқа қарау қажет, 4-5 рет қайталау қажет.

2.1-4-ке дейін санай отырып, екі көзді оларға қатты күш салмай, бір-біріне қаратып, соңында 1-6-ға дейін санай отырып алысқа қарап, 4-5 рет қайталау керек.

3.1-4-ке дейін санап, басты қозғамай, оңға қарап бір нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейін санап, алысқа қарау. Осы тәрізді басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.

4.1-6-ға дейін санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезінде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңілдетіп, денені сергітеді.

Машық жұмысы: Деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындау.Практикалық жұмыс Тапсырма №1

«Наурыз» мәтінін теріңдер және оны тағы да 2 рет көшіріңдер. Әріптің кескіні Times New Roman мен көлемін 14 пен жаз және тақырыптың пішінін жуанқылып астын сызындар да мәтінді қисайтып (курсив) пен жазыңдар.

Наурыз

 «Наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т.б. атап өтеді.



Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.

Практикалық жұмыс Тапсырма №2

Мәтінді теру және түзету ережелерін сақтай отырып хабарлама хатын жазыңыздар.

Алакөл негізгі жалпы білім беретін

мектебінің информатика пәнінің

мұғалімі С.А.Қамидоллиеваға

5−сынып оқушыларынан

Хабарлама

5−10 қаңтар алығында ауа райының күрт суытып кетуіне байланысты 5−сынып оқушылары «Жас информатика» атты байқауға қатыса алмағанымызды хабарлаймыз.


Хабарлама беруші. 5−сынып оқушылары
Практикалық жұмыс Тапсырма №3

Мәтінді теру және түзету ережелерін сақтай отырып мәтінді тер және өзгертулер енгіз.

Дос – дегеніміз өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерінде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.

«Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды».



Тапсырма №1

Берілген мәтінді теріңдер және оны үш дана көшіріп баспаға екі дана қылып жібер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет