Алакөл негізгі жалпы білім беретін
мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Қамидоллиева Сандуғаш Асқарқызы
5-6 сыныптағы біріккен сабақ жоспары
Тақырыбы:
5-сынып Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
6-сынып Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Өткізген: Қамидоллиева.С.А
2013 – 2014 оқу жылы
Тақырыбы: 5-сынып Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
6-сынып Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Мақсаты: Оқушыларға мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару туралы ақпараттар беру. Компьютерде машықтық жұмыстарды өз бетімен жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру, практикалық жұмыс
Сабақтың әдісі: ойын сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу,қауіпсіздік ережелерімен танысу)
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйм салынады;
Мұғалімнің рұсқатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Дербес компьютердің жанын портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
Пернелік тақа үстіне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тйым салынады.
Үй жұмысын тексеру: «Кім епті» компьютермен жұмыс орындайды.
Сұрақ –жауап ауызша сұрақтарға жауап береді
Жаңа сабақ:Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктрерін (фрагмент) ерекшелей білу керек.
Тышқанның көмегмен ерекшелеу үшін құжаттың сол жақ, «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернуін қолданады.Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады.
Пернетақтадан ерекшелеген кезде Shift және Ctrl пернелері тіркесімен бірге басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |