Аяна: Тарт қолыңды. Ата-анамызды ренжіткің келеді ме? Болмайды!
Диана: Ылғи осы сиқыр, мереке, ғажайып дейсіңдер! Бәрі өтірік, мен ешнәрсеге сенбеймін! Сондықтан қазір сыйлықты ашамын!
Екеуі айқаласып, сыйлыққа таласады, осы кезде Мыстан кемпір кіріп қарап тұрады.
Мыстан кемпір: Ха-ха-ха! Мен сеземін, Диана менің адамым. Онымен талай нәрсені бүлдіруге болады. (Әтпесе мыналардың отырыстарын қарашы, мереке деп бәрі әдемі киініп алыпты. Көрсетемін сендерге мерекені! )
Аяна: Әже , сіз кімсіз? Мына жерге қалай келдіңіз?
Диана: Қайдағы әже, түрін қарашы ұсқынсыз неме, фи! Алба жұлба киініп алған, ал иісі.....
Мыстан кемпір: Ой оңбаған неме!!! Мен балаларды босқа жек көрмеймін, әсіресе, менің сиқырыма сенбейтін сен сияқтыларды! Сені ме бәлем, сақтан!
Узли, нузли, қара күштерді шақыр!
Мыналарды осы қазір қатыр!
Қара түнек осы жерді қаптасын,
Қайта айналып өз үйлерін таппасын!!!
Ха-ха-ха!
Екеуің енді өз еріктеріңмен жақсылық істеп, басқа адамдарға бақыт сыйлағанда ғана, үйлеріңе ораласыңдар!!!
Ол күн мына қырсық қыз тұрғанда туа қоймас!!! Ха-ха-ха!!!
Қорқынышты дыбыстар аралас музыка қосылып, француз шымылдығы ашылады. Жарық өшеді. Литаврдың дыбысы естіледі. Осы литаврдың дыбысы бүкіл ертегі біткенше лейтмотив ретінде бірнеше рет кездеседі. Сахнаға патшаның күзетшілері шығып, оның жарлығын айтады.
1- күз.
Жаңа жылдың қарсаңында,
Патша жарлық шығарды.
2- күз
Жаңа жылды бәрің бірге,
Сарайда қарсы алыңдар,
Би билеп, ән салыңдар!
1- күз.
Бұл мереке- тамаша!
Ғажайыптар сыйласын!
Көңілденіп жаңаша,
Ешкім қарап тұрмасын!
«Искорки» үлгілі би ансамблі – «Дворцовский бал»
Патша:Бәрі тамаша! Бал қызып жатыр. Мен сондай бақыттымын. Өйткені менің балам ер жетті. Бүгін ол кеш бойы көңіл көтеріп би биледі. Мен оның өмір бойы дәл бүгінгідей бақытты болғанын қалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |