«Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры Н. Мусабекова «ЖАҢа жылдық Ғажайып оқИҒА» спектаклі



бет3/11
Дата04.10.2023
өлшемі35,64 Kb.
#183643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
новый год 2023 (1)

Литаврдың дыбысы шығады.
Диана: Мәссаған! Біз қайда келдік?
Аяна: Диана, қарашы, мынау нағыз патшаның сарайы.
Диана: Қандай керемет локация? Мен бұл жерге фотоға түссем, тиктоктың жұлдызы боламын. Мыңдаған лайк және подписчиктер жинаймын.
Аяна: Лайктарыңды қоя тұршы осы сен! Одан да кайда келгенімізді ойлайық, әрі қарай не істейміз?!
Диана: А, мен түсіндім, бұл жанағы кәрі кемпірдің ісі ғой. Шыныменде, енді не істейміз?
Аяна: Не істейміз, не істейміз? Тикток пен лайктан басқа не білесін өзі? Тоқта, тоқта, біз осы жерге келген қонаққа ұқсап, жан жағымызды бақылап алайық. Жаңа жыл мерекесіне бұлар да қонақ шақыратын шығар? Сосын әрі қарай не болатынын көре жатармыз.
Литаврдың дыбысы.
1-күзетші: Ал мынау не қылған қонақтар ? Алыстан келген ғой шамасы, өздері бір түрлі екен.
Диана: Иә, иә біз қонақтармыз. Сіздермен бір сэлфи істеуге болады ма?
Аяна: Диана тоқтай тұршы! Иә, біз алыстан келдік. Шынтуайтқа келгенде , бізді бұл жерге сиқырлы күштер әкелген сияқты. Мен Аянамын, ал мынау менің сіңлім Диана.
1-2 күзетші: Ал біз ұлы мәртебелімнің әрі күзетші, әрі көмекшілеріміз.
1- күз. Ендеше, қонақ болсаңдар, біздің патшалықтың жарлығымен таныс болыңдар!
Шын ниетпен көңілденіп,
Жүру үшін Сарайда
Жарғыны біздің тыңдаңыз,
Теріс жолға бұрмаңыз!!!
2- күз.
1- параграф :
Ешкімнің көңіліне қарамайды,
Карнавалды ашық деп жариялайды!


1- күз.
2- параграф бойынша:
Мұңаюға болмайды,
Көңілсіз адам оңбайды!!!
2- күз.
3- параграф :
Тиым салар бәріне,
Жасқа да бүгін кәріге!
Жанжалға, ұрыс- керіске,
Сондықтан оған келіспе!
1- күз.
4- параграф:былай міндеттейді,
Бүгін ешкім бір- бірінің,
Көңілдерін кірлетпейді!
Ол үшін біз би билейік,
Көңілденіп күлейік,
Ойнап- күліп,
Бақытты боп жүрейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет