«Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры Н. Мусабекова «ЖАҢа жылдық Ғажайып оқИҒА» спектаклі


Кощей: Аа, бәрі түсінікті. (айқайлап сөйлейді) Мыстан кемпір



бет10/11
Дата04.10.2023
өлшемі35,64 Kb.
#183643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
новый год 2023 (1)

Кощей: Аа, бәрі түсінікті. (айқайлап сөйлейді)
Мыстан кемпір: Ақымақ, айқайлама! Саған түсіндіремін деп шаршадым. Мен барып өзімнің шексіз байлықтарымды қарап, дем алып келейін. Сен де бірдеңе бүлдірмей тұрғанда, жүр менімен.
Аяна мен Диана сахнаға шығады.
Диана: Достар, біз Мыстан кемпірдің барлық құпиясын естідік, сендер де естідіңдер ғой? Бірігіп мерекені құтқарумыз керек.
Аяна: Тез арада Сарай тұрғындарын оятуымыз керек. Ол үшін бізге сіздердің көмектеріңіз қажет.
Диана: Бәріміз бірге жұмбақтар шешіп, бір бірімізге қошемет көрсетіп, қол соғайық.
Сыбдырынан қамыстың,
Сылтырынан ағыстың,
Қорқып, бұғып, сасады
Сасып тұра қашақы.
Жауабы: Қоян
Аяна: Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді.
Өзен менен теңізде,
Олар өмір сүреді.
Жауабы: Ұлу
Диана:
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Зеңгі баба киесі,
Сүт пен майдың иесі.
Жауабы: Сиыр
Сиқырлы музыка. «Колокольчик» қуыршақ театры-би «Цветные сны». Бидің соңында бишілер кейіпкерлерді сахнаның алдына алып шығады.
Аяна: Достар, бәріміз бір біріміздің қолдарымыздан ұстап, сарай тұрғындарын сиқырдан босатайық.
Диана: Ол үшін бәріміз қолымыздан ұстап 1-2-3 деп айқайлайық.
Залдағы барлар 1-2-3 деп айқайлайды.
Аяна: Жарайсыңдар, балалар!
Күзетшілер кіріп келеді.
Күзетшілер: Ұлы Мәртебелім! Қараңыз! Мына екеуі сіздің қазынаңызды тонағалы жатыр екен. Біз оларды ұстап алдық.
Патша: Немене? Менің қазынамды ма? Бұларды тез арада менің патшалығымнан қуып шығыңдар! Және еш уақытта ,ешқандай мерекеге кіргізбеңдер!
Кощей: Қалай, ешқандай мерекеге кірмейміз? Кешіріңдерші мені, бұдан былай қайталанбайды. Бәріне мынау кінәлі.
Мыстан кемпір: Бәрің де мейірімді бола қалған екенсіңдер, ендеше, мен де жұрттан қалыспай мейірімді , әрі жақсы болайын. Мен сендерге Күлше қызды қайтарсам , мені кешіресіңдер ме? Бар Кощей , Күлше қызды әкел!
(қойнынан туфлиді шығарады) Мейірімді боламын деген соң, сөзімде тұруым керек шығар. Ендеше мына туфлиді де қайтарайын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет