Екеуі шығып кетеді. Сахнада «Арлекин» қуыршақ театрының «Пираты» биі .Биден соң сахнаның бір жағынан Патша мен Ханзада, екінші жағынан қарақшылар ханшайымы Сирена шығады.
Патша: Қош келдіңіз !
Ханзада: Сіз кімсіз?
Сирена: Мен ең күшті, ең айбатты, ең батыл, қарақшылар ханшайымы Сиренамын.
Патша: Тамаша! Бізге дәл сіз секілді Ханшайым керек. Өткені біздің Ханзада өте сезімтал. Оған арқа сүйер , батыл қалыңдық керек.
Күзетшілер: Туфлиді әкелдік,Ұлы мәртебелім!
Сирена туфлиді көріп,таңданып тұрып қалады.
Ханзада: Біздің шартымыз бойынша сіз мына туфлиді киіп қарауыңыз керек. Егер ол сізге шақ болса, мен сізге үйленемін. (өзі мұрнын басады)
Сирена: Бұл не масқара! Мен еш уақытта бұны кимеймін. Тек бұл туфлиді емес, жалпы әйел адамдардың аяқ киіміне жаным қарсы. Мен тек қана етік киемін. Өйткені өзіңнің жауларыңмен шайқасып, оларды бағындыруға бірден бір ыңғайлысы- ол етік.
Ханзада: Ендеше сіз ең басты шартты орындамадыңыз. Мен дұрыс айтып тұрмын ба, әке?
Патша: Ия, Сирена ханшайым. Өкінішке орай бұл солай.
Сирена: Немене? Бұл не деген бассыздық. Сақтаныңыз ендеше! Мен сендерге соғыс жариялаймын. Біз әлі теңіз бен мұхиттарда талай кездесерміз!
Сахнадан бәрі шығып кетеді.
Аяна: Диана, енді не істейміз? Ханзада ешкімді таңдамады. Оның шартынан барлық Ханшайымдар Будур,Сирена т.б. өте алмады. Ал егер ол Күлше қызды таба алмаса не болады?
Диана: Оған сенің не басың ауырады?Одан да үйге қайтуды ойлайық.
Аяна: Диана, сен ақымақсың ба? Мен де үйге қайтқым келеді. Сен Мыстан кемпірдің бізді сиқырлағанда не дегенін есіңе түсірші?
Диана: Ия, не деп еді?
Аяна: Мыстан кемпір бізге барған жерде өз еріктеріңмен жақсылық істегенде және сол елде бақыт орнағанда ғана үйлеріңе қайта аласыңдар деді ғой.
Диана: Шынымен де апатай, дұрыс айтасың! Ендеше біз де бұл іске кірісейік. Жүр кеттік, Күлше қызды тезірек іздеп табайық.
Достарыңызбен бөлісу: |