Литаврдың дыбысы шығады.
Патша: Бүгін және тек қана бүгін, ең сұлу, ең көңілді, ең әдемі қыздарды біздің патшалықтың сұлулық кітабына енгіземіз. Оған дүниежүзінің барлық сұлуларын шақырамыз! Солардың ішінен (құпия ретінде айтайын) Ханзада өзіне қалыңдық таңдайды. Сондықтан келген қонақтарды көңілді музыка, әзіл, бимен қарсы алуға тиіспіз.
Сахнаға көңілсіз Ханзада шығады.
Патша: Менің баламның көңіл күйі жоқ қой. Не болды, ұлым? Ұнжырған түсіп кетіпті. Жарты сағат қана бұрын көңілді едің. Маған не болғанын айтшы?
Ханзада: Ах, әке, оның жарқын бейнесі мына сәуледен де жарық. Маған одан естелікке тек мөлдіреген жанары мен мына жалғыз туфлиі ғана қалды. Сосын менде қайдан көңіл күй болсын.
Осы кезде сахнаға көпшіктің үстіне қойылған туфлиді күзетшілер алып шығады.
Патша: Ханзадам менің, соншама мұңайғаның не? Ол Сарайдан шығып кете қоймаған болар. Әй, күзетшілер!
Күзетшілер: Тыңдап тұрмыз, Ұлы мәртебелім!
Патша: Дәл қазір сарайдың барлық кіретін, шығатын есіктерін жабыңдар! Және бір туфлиін жоғалтқан қызды көрсеңдер, дереу осында әкеліңдер! Оның жарқын бейнесі мына сәуледен де жарық...... әй, жарар,бір сөзбен айтқанда түсіндіңдер ғой.
Күзетшілер:Құп болады, Ұлы мәртебелім!
Патша: Тезірек кірісіңдер!
Сахнадан бәрі шығып кетеді.
«Ұлытау» би ансамблінің «Шығыс биі»
Би біткен соң сахнаға екі қызметшісімен Будур ханшайым шығады.
1 –қыз:Сіз білесіз бе, Будур ханшайым,бұл елдің ханзадасы бір қызға ғашық екен.
Будур Ханшайым: Солай ма? Ол кім екен?
2 -қыз: Ешкім танымайтын жан екен. Аты да қызық- Күлше қыз.
1-қыз: Еш уайымдамаңыз, Будур ханшайым! Егер ол сізді көрсе.....
2-қыз: Сіздің сұлулығыңызға міндетті түрде ғашық болады.
1-қыз: Иә, иә өз бағынан қашып жүрген Күлше қызды бірден ұмытады.
Будур Ханшайым: Оның қашып кеткені де жақсы болды, Ханзада тек маған тиесілі болады. Өйткені мен жер бетіндегі ең әдемі, ең заманауи , ең ақылды ханшайыммын.
Достарыңызбен бөлісу: |