Гипотиреоидты кома жедел түрде арнайы көмек көрсететін жағдай болып саналады. Жедел госпитализация жасалған соң науқас тамырынан қан алып ТТГ, Т3 , Т4, кортизол деңгейін анықтайды. Оның қорытындысын күтпей-ақ емдеуге көшеді.
адекватты мөлшерде тироидты гормондар енгізеді.
Глюкокортикоидтарды қолдану.
Гиповентиляциямен және гиперкапниямен күрес.
Ілеспелі инфекциялық және т.б. аурулармен комаға алып келетін ауруларды емдеу.
Соңғы күндері тәуліктік дозаны 50-100 мкг.дейін төмендейді. Осының салдарынан жүрек соғу жиілігі жоғарылайды. Дене қызуы АҚ жоғары. Бір мезгілде емнің нәтижесі тәулік ішінде қан сарысуында ТТГ төмендейді, ал тироксин деңгейі керісінше нормаға дейін жоғарылайды. Бұрынғы кездері күре тамырға тирйодтиронин 25-50 мг. енгізеді. Бірақ тирйодтиронин ауыр жүрек тамыр жүйесінің асқынуына әкелетіндіктен қазіргі кезде оның шығарылуы тоқтатылған.

Тиреоидты гормондардың күре тамырға енгізілуін қамтамасыз етілуі қажет. Өйткені: гипотиреоидты кома асқазан ішек жолдарының сіңірілу қызметінің бұзылуымен, атониямен қосарланып келеді.
Гипотиреоидты команың симптоматикалық емі гипоксияны жоюға, су электролит алмасудың бұзылуына, жүрек-тамыр жетіспеушілігіне қарсы, гипотермияға, жиі кездесетін гипогликемияға қарсы жою үшін күрес жүргізеді. Гипоксияны жою үшін жасанды өкпе вентиляциясын жасау. Осындай мақсатпен анемияны жою үшін қан және эритроцитарлы масса құю қажет. Гипотиреоиды кома кезінде инфузионды емді аса сақтықпен жүргізу қажет.
Жемсау (зоб) ауруы — бұл қалқанша безінің зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.
Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақыл-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет.