- – салыстырмалы диагнозы – біріншілік және екіншілік гипотиреоз диагностикасында ТТГ секрециясын білу, гормон енгізгенге дейін қалқанша безінің радиоактивті йодты жұтуын тексеру, балаларда туа пайда болады. Гипотиреозды анықтау қиын, оларда гипотиреоз дәрежесі әртүрлі. Туа пайда болған гипотиреоз балаларда – тынысының қиындауы, цианоз, гипербилирубинемия және сарғаю, жаңа туылғандардың 50%інде кіндік жарығы бар балаларда гипотиреоз анықталады. Қанда ТТГ жоғары болады.
ЕМДЕУ. - Тиреоидты гормон препараттары беріледі.
- а) тиреоидин, б) трийодтиронин, в) тироксин, г) тиреокомб 1 таб.70 мкг, 10 мкг., д) тиреотом 10 мкг лютиронин және 40 мкг левотироксин құрамында тиреоидты жетіспеушілігінде ауырлық дәрежесіне қарай тиреоидты гормондардардың бастапқы дозаларын тағайындайды. Ересектерде мөлшерін әдетте аздан бастайды, эутиреоидты жағдайды тұрақты сақтап тұру үшін, өйткені зат алмасу процесін жедел жоғарылатып, нәтижесінде стенокардия, аритмия, жүрек жетіспеушілігіне әкеледі. Тиреоидты гормондарды үлкен жастағы адамдарда мөлшерін абайлап тағайындаған жөн. Толық әсер беру үшін Т3 ке 2 - 2, 5 апта, Т4ке 6 апта қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |