МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ
Тынышбаев Мұхамеджан (1879 – 1937 жж.) – көрнекті қоғам
жəне мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі,
тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді техника
маманы, темір жол инженері, ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан
автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.
Туған жері –
бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр болысындағы
Жыланды
тауының етегі, қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы.
Мұхамеджан Верныйдағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында орта білім
алып, 1900 – 1906 жылдары Санкт-Петербургтегі Теміржол инженерлері
институтында оқиды. Студент кезінен-ақ баспасөз беттерінде отарлық саясатты
сынайтын мақалалар жазып, ел ішінде үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізумен
айналысады. 1905 жылы 19 қарашада Санкт-Петербургте өткен автономияшылар
съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Ол сөзінде патша өкіметінің отаршылдық
саясатын сынға алып, ендігі жерде халыққа автономиялық дəрежеде болса да
еркіндік берілуін талап етеді. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға мүше болып
сайланады. Одан кейінгі кезеңдерде Жетісу теміржол құрылысында қызмет ете
жүріп, «Қазақ» газетін шығаруға ат салысады. Ақпан төңкерісіне дейін
Мұхамеджан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда,
Жетісу облысында біраз жыл қызмет істейді. Алаштың арысы Ə.Бөкейхановтың
төңірегіне топтасқан зиялы қауым өкілдерімен бірге М.Тынышбаев та
жалпыұлттық «Алаш» партиясын құруға тікелей араласады. 1917 жылғы
желтоқсан айында жарияланған Алашорда үкіметінің 15 мүшесінің бірі болады.
Мұның алдында ол Бүкілтүркістандық ІV Мұсылмандар съезіне қатысып, онда
жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының басшысы (премьер-министрі)
болып сайланады. Түркістан автономиясын Кеңес үкіметі күшпен талқандағаннан
кейін М.Тынышбаев Алашорда
қайраткерлерімен бірігіп, большевиктерге қарсы
күреседі. Одан кейінгі уақытта қазақ халқының арғы-бергі тарихына қалам
тартып, ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялайды. Қазақ шежіресін түзеді. 1937
жылы жалған жаламен қайтадан тұтқындалып, көп кешікпей ату жазасына
кесіледі.
ЖАҚЫП АҚБАЕВ
Ақбаев Жақып (Ақпаев) (1876 – 1934) «Алаш» партиясын жəне
«Алашорда» үкіметін құруға белсене қатысқан, Алашорда үкіметінің
мүшесі болған. Қазақ стан дағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті
өкілі, қоғам қайрат кері, құқық магистрі. Ол Қарағанды облысының
Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-Петер бург
университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1903 – 1905
жылдары Омбы қаласында, 1907 – 1927 жылдары аздаған үзілістермен
Семей, Сырдария округтік, губерниялық сот мекемелерінде қызмет
еткен. 1907 жылдан Орыс
географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің мүшесі
болған. Ж.Ақбаевтың саяси белсенділігінің оянуына 1905 – 1907
жылдардағы
төңкеріс ықпал етті. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда сөз сөйлеп,
Омбы, Петропавловск, Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында
болған шерулерге қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде патша өкіметін,
полицейлердің жүгенсіздігін, шенеуніктердің парақорлығын əшкерелеген, патша
өкіметінің отаршылдық саясаты мен қанауына қарсы халықты күреске шақырған
мақалалар жариялады. Ақбаев қазақ халқының тəуелсіз ел болуы үшін күресті.
Сондықтан да ол өмірінің соңына дейін Ресейдегі төрт үкімет: патша үкіметі
(1905 – 1917), Уақытша үкімет (1917), Колчак (1918 – 1919) жəне Кеңестер (1920
– 1934) тарапынан үздіксіз қуғын-сүргін көрді. 1906 жылы мемлекеттік
қылмыстар жасады деген (патшаға тіл тигізген, өмір сүріп отырған құрылысқа
қарсы үгіт пен насихат жүргізген) айып тағылып, тұтқындалды. 1908 жылы Омбы
арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны үшін
Тобылға жер аударылды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі
ұрандар көтергені үшін Ж.Ақбаевты Уақытша үкімет тұтқындады. 1917 жылы
Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. Колчактың əскери-далалық
сотының 1919 жылғы 7 шілдедегі үкімімен Ж. Ақбаевқа Колчактың əскери-казак
диктатурасы мен атамандықтың дұшпаны ретінде халықты қарулы көтеріліске
дайындады деген айып тағылып, ату жазасына бұйырылды.
Қайтыс болған соң,
Қазақстан Жоғарғы Сотының шешімімен (28 .02.1958 жылы) ақталды.
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ
Досмұхамедов Халел (1883 – 1939 жж.) – қоғам жəне
мемлекет қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы,
əдебиетші, ауыз əдебиетін жинап, насихаттаушы, аудармашы,
дəрігер, ұстаз. Туған жері – қазіргі Атырау облысының
Қызылқоға ауданы. Əкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат
таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. 1894
жылы Орал əскери-реалдық училищесіне қабылданып, 1902
жылы оны үздік бітіріп шығады.
1903 жылы Санкт-Петербургтегі
Əскери-медициналық академияның сынағынан мүдірмей өтіп, оны 1909
жылы Алтын медальмен бітіреді. Осыдан кейін офицер ретінде əскери
міндетін өтеуге жіберіледі. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-
Түркістан, 2-Орал казак-орыс атқыштар батальонында əскери кіші
дəрігер қызметін атқарады. 1912, 1913 жəне 1915 жылдары оба індетіне
қарсы күрес ісіне қатысады. Осы еңбектері үшін Императорлық қола
медальмен марапатталады. 1917 – 1919 жылдары «Алаш» партиясына
кіріп, Алашорда үкіметінің мүшесі болады. Жаһанша Досмұхамедовпен
бірге Қазақ автономиясын орнату үшін Кеңес үкіметіне қарсы күресті.
1918 жылы Мəскеуге барған алашордалықтар делегациясын басқарды.
1918 жылы Жымпитыда «Алашорданың» Батыс бөлімшесі құрылып, оған
Жаһанша Досмұхамедов екеуі басшылық жасайды. 1926 – 1930 жылдары
Қазақ жоғарғы педагогика
институты ректорының көмекшісі, Қазақ
мемлекеттік университеттің (қа зіргі Абай атындағы ҚазҰПУ)
проректоры болады. 1930 жылы Алашордаға қатыс қаны үшін
айыпталып, Воронежге жер аударылады. Кейін 1939 жылы қайта
тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі.
Достарыңызбен бөлісу: