3-деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-05-14-5-05. 01. 20. 31. 03. 2011



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі421 Kb.
#53975
  1   2   3   4

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31/03-2011


__________2011 жылғы

№ 2 басылым



41 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2011.

ПОӘК

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


_______2011 жылғы

№ 2 басылым

5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2011
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс және дипломдық жоба

5 СӨЖ


1. ГЛОССАРИЙ

    1. Әдебиет тарихы - әдебиеттің даму процесін, ұлттық әдебиеттің өткен кезеңдері мен қаламгерлер шығармашылығын зерттейтін әдебиеттану ғылымының саласы.

    2. Әдебиет тарихы дәуірлері мен олардың кезеңдері - қазақ әдебиетінің тарихы дәуірлерге бөлінеді. Әр дәуір әдебиеті іштей кезеңдерге бөлінеді. Соның ішінде ХХ ғасыр әдебиеті: 20-30 жылдардағы әдебиет; 1941-1960 жылдардағы әдебиет; 1960-2000 жылдардағы әдебиет атты үш кезеңге жіктеледі.

    3. Проза- қара сөзбен жазылған көркем шығарма.

    4. Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.

    5. Драматургия – болмысты шиеленіскен тартыстар арқылы жинақтап, көрермен алдына жанды қозалыста бейнелейтін әдебиет жанры.

    6. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

    7. Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процессті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармалар мен қаламгердің шығармашылық ғұмырбаянын зерттейтін ғылым.

    8. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.

    9. Прототип – көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде бар түп тұлғасы.

    10. Академиялық басылым – қаламгер шығармасының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде даярланған жинағы.

    11. Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

    12. Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.

    13. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

    14. Әдебиеттің ұлттық сипаты - әдеби шығарманың ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, тарихи-поэтикалық зерде аясында қалыптасқан қаламгер туындысы.

    15. Әдебиеттің халықтық сиапты – шығарманың халық мүддесіне сай идеялық – көркемдік сапасы.

    16. Образ – көркем бейне, әдебиеттегі суреттілік, болмысты өнерде көркемдік тұрғыда сөзбен сурттеп жазу.

    17. Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.

    18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

    19. Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

    20. Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.

    21. Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі.

    22. Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

    23. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық-көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.

    24. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.

    25. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.

    26. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.

    27. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

    28. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.



2. ДӘРІСТЕР

1-дәріс. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет

Дәрістің мазмұны:

  1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай.

  2. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын.

З. Әдебиеттегі дәстүр мен заман жайына байланысты туған жаңа

бет пен бағыттар.

4.Ақындық дәстүрдің тууы мен өркен жайып, өсуі.

5.Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы.

Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау жұмыстарының кең өрістеуі, барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, отарлық басқару әкімшілік жүйесінің енгізілуі.

XIX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы қарулы көтерілістер. Отаршылдық саясат мазмұнын жырлаған отарлық езгіге қарсы туған ақындық поэзия жэне оның реалистік маңызы. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу. Жұмыстарының екі жақты сипаты.

XIX ғ. әдебиетінің даму мазмұнындағы реализм, романтизм көркемдік әдістерінің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы.

Жаңа реалистік жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза т. б. жанрлардың қалыптасып дамуы.

Бақылау сұрақтары:

1. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын

2. Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы.

3. Жаңа жазба әдебиет.

Әдебиеттер:


  1. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Қ.Уәлиханұлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  5. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989


2-дәріс. XIX ғасыр әдебиетіндегі саяси бағыттар мен көркемдік ағымдар

Дәрістің мазмұны:

  1. XIX ғасыр әдебиетіндегі жаңа әдеби сарын.

  2. Жанр түрлері

  3. ХІХ ғасыр көрнекті өкілдері

Әр дәуірдің, іштей тұтас кезең, дәуірлерге ағым, бағыттарға бөлініп, ғылыми негізде жүйеленуі. XIX ғасыр әдебиеті — үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. XIX ғасыр ішінде байырғы әдеби үрдіс ауызшадан жазбашаға өту дәуірін бастан кешті (М.Әуезов).

XIX ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, сыршыл лирика, айтыс түрлері, сатира, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Көркем позаның үлгілері, сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, көркем аударма, ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады.

XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты, ұлт азаттығын жырлаған Махамбет ақын, Шернияз; зар заман әдебиетінің ақындары Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір; айтыс акындары Шөже, Орынбай, Балта, Сүйінбай, Марабай; сал-серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит; қиссашыл акындар; жаңа жазба әдебиет өкілдері Ыбырай, Абай.

Бақылау сұрақтары:


  1. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдык.

  2. Жаңа жазба әдебиеттің тууы.

  3. Әдеби бағыттар

Әдебиеттер:

  1. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  5. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989\

  6. Ақын- жыраулар. А., 1979

  7. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985


3-дәріс. Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи өлеңдер

Дәрістің мазмұны:

  1. Тарихи жырлар туралы түсінік, ғалымдардың ой-тұжырымдары

  2. Кенесары-Наурызбай туралы жырлар

  3. «Бекет батыр», «Исатай-Махамбет» жырлары

Кенесары-Наурызбай туралы жырлар. Нысанбай ақын туралы М.Әуезов, С.Мүқанов пікірлері. Шортанбайдың "Ақжолтай-Ағыбай батыр" жыры. "Бекет батыр" жыры. Мұсабай жыраудың "Жанқожа батыр" жыры.

Ығылман Шөрековтың "Исатай-Махамбет", "Досқожа акынның Кенесарыға айтқаны" жыры. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. XIX ғасырдағы тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын түсы, өзіндік ерекшелігі. "Кенесары-Наурызбай", "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", т.б. тарихи жырлардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Өмірәлиев, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов тарихи өлең, тарихи жыр туралы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Отарлық езгі және әдебиеттегі тарихи өлендердің дүниеге келуі.

2. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі «Тарихи

өлендер» тарауы

Әдебиеттер:


  1. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы (1927) Жоғары оқу орындарының
    студенттеріне арналған А., Ана тілі, 1991

  2. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992

  3. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  4. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  5. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  6. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  7. Ақын- жыраулар. А., 1979

  8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  9. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Ақжол. А. ,1991.


4-дәріс. Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы

Дәрістің мазмұны:

  1. Махамбет Өтемісұлының шығармашылық өмірбаяны

  2. Өлеңдеріндегі азаматтық сарын

  3. Туындыларының көркемдік сиапты

  4. Дәстүр және жаңашылдық

Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. Махамбет-қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны. Акын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер.

Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдіктері. Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы.

Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақын шығармаларындағы тіл бейнелілігінің мәселелері.

Бақылау сұрақтары:


  1. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу
    жұмыстары.

  2. Махамбет - қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық
    толғау ақыны.

  3. Махамбет шығармаларындағы халык тұлғасының және Исатай батыр
    бейнесінің жырлануы.

Әдебиеттер:

  1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  3. Қ.Уәлиханұлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  5. Ақын- жыраулар. А., 1979

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985


5-дәріс. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867)

Дәрістің мазмұны:

  1. Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық өмірбаяны

  2. Өлеңдеріндегі философиялық толғаныстар

  3. Шернияздың шешендігі

Шығармаларының негізі суырып салма акындық. Ол- Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы. Ақын толғау- термелеріндегі өмір қайшылықтары туралы философиялық толғаныстар, бағалаулар.

Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбетке байланысты өлендері. Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері.

Шернияздың шешендік өнері. Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.



Бақылау сұрақтары:

  1. Шернияздың Махамбет пен Исатайға байланысты туған өлеңдері.

  2. Шернияз шығармаларының көркемдігі

  3. Толғауларының тақырыптық аясы

Әдебиеттер:

  1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  3. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  5. Ақын- жыраулар. А., 1979

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

6-дәріс. Алмажан Азаматқызы

Дәрістің мазмұны:

  1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы

  2. «Жетім қыз» поэмасындағы азаттық, діни-тәлімгерлік сарын

Ақын өмірі туралы деректер мен шығармашылығының әдебиет тарихына ену жайы. "Жетім қыз" поэмасы. Поэмадағы азаттық, діни-тәлімгерлік сарындар. Махамбет поэмасының Алмажан шығармашылығына әсері. "Жетім қыз" поэмасындағы образдар жүйесі, әдеби-көркемдік тіл өрнектері, идеясы мен мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақын өмірінен мәлімет

  2. Алмажан Азаматқызы шығармашылығындағы Махамбет дәстүрі

  3. Шығармаларының көркемдік-идеялық мәні

Әдебиеттер:

  1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  3. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  5. Ақын- жыраулар. А., 1979

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994

  13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967

  14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976


7-дәріс. XIX ғасыр әдебиетіндегі кисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет

Дәрістің мазмұны:

  1. Шығыс әдебиеті және қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың тууы.

  2. Діни-тәлімгерлік әдебиеттің жазба әдебиетті тудырудағы рөлі.

"Сал-сал", "Зарқұм", "Сейфүлмәлік", "Бозжігіт", "Мұңлық-Зарлық", "Шәкір-Шәкірат", "Жүсіп-Злиха", "Жұмжұма" т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар (кітаби елең) - XIX ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың бір арнасы. Қисса-дастандардағы "Құран", "Мың бір түн", "Тотынама", "Дахнама" желілері.

XIX ғасыр әдебиетіндегі кисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса-дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жаксылықов, З.Сейітжанұлы, У.Қалижанұлы т.б. қисса —дастандар туралы.



Кітаби, дастаншыл ақындар. Ақылбек ибн Сабал, Шәді Жәңгірұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайұхсламұлы, Ораз молда, Мұса молда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ақмолда, т.б. ғұмырбаян деректері. Шығармашылық мүрасы.

XIX ғасырдағы қисса-дастандардың басылымы. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өздік ғылыми мәселелері.



Бақылау сұрақтары:

  1. Шығыстық қиссалар мен нәзирагөйлік дәстүр.

  2. Діни-тәлімгерлік бағыт өкілдері, шығармаларының басылуы, олардың
    зерттелу тарихы.

Әдебиеттер:

  1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  5. Ақын- жыраулар. А., 1979

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994

  13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967

  14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976


8-дәріс. Жүсіпбек Шайұхсламұлы мен Ақылбек Сабалұлы

Дәрістің мазмұны:

  1. Ж.Шайұхсламұлы мен А.Сабалұлының өмірі туралы мәлімет

  2. Жүсіпбек Шайұхсламұлы мен Ақылбек Сабалұлының мұраларының зерттелуі.

  3. Өлеңдерінің тақырыптық ауқымы

Ж. Шайұхсламұлының өмірі мен шығармашылығы. Айтыстары. Ауыз әдебиеті мен Шығыстық қисса-дастандарды жинап, бастырудағы еңбектері.

Ақылбек Сабалұлының өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері мен олардың тақырып ауқымы, шығыстық қисса-дастандары, олардың басылымдары.



Ж.Шайұхсламұлы мен А.Сабалұлының шығармашылық мұраларының зерттелуі. Бұл ақындарға ортақ басты белгі шығыстық қисса-дастандар жазып, діни-тәлімгерлік бағытты ұстанулары екендігі. Олардың біріңғай қиссашылдык, назирагөйлік дәстүрді ұстануы. Шығармаларындағы дидактиканың молдығы, дін, гуманизм тақырыптарын насихаттаулары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Шығармаларындағы шығыстық қиссалар мен нәзирагөйлік дәстүрдің көрінісі.

  2. Қисса-дастандарындағы дін, гуманизм тақырыбы.

Әдебиеттер:

  1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  5. Ақын- жыраулар. А., 1979

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994

  13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967

  14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976


9-дәріс. Ақмолла Мұхамедияров пен Шәді Жәңгіров

Дәрістің мазмұны:

  1. А.Мұхамедияров пен Ш.Жәңірұлы өмірі туралы мәлімет

  2. Мұраларының зерттелуі.

  3. Шығармашылықтарындағы адамгершілік тақырыбының жырлануы

А. Мұхамедияровтың өмірі мен шығармашылығы. Ағартушылық, жәдидтік бағыттағы шығармалары. Діни- тәлімгерлік туындылары, шығыс мұраларын насихаттауы.

Шәді Жәңгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, Шығыс поэзиясындағы белгілі такырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, тел туынды жасаған ақын екендігі.

Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі Шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көтеріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бір молдаға» т.б өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ақмолла шығармаларының көркемдік сипаты

  2. Шәді шығармашылығының әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуі

  3. Діни ақындық.

Әдебиеттер:

  1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Ақын- жыраулар. А., 1979

  5. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  6. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  7. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  8. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  10. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  11. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет