Алаш зиялылары және ислам


Алтынсарин мұрасындағы дін мәселесі



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата26.05.2022
өлшемі331,39 Kb.
#145109
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алаш зиялылары және ислам XX ғасырдың бас кезінде Алаш зиялылары
1esep, 1560338157, 1560338157, Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1665246584553
Алтынсарин мұрасындағы дін мәселесі 
Ы. Алтынсариннің «Мұсылмандық тұтқасы» 
еңбегінің мазмұны 
Ол осы саясаттың қыспағында езіліп қалмай, мұсылман халқына қолдау көрсетіп, өлең 
жолдарымен Ислам дінін насихаттай білді. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын парақтағанымызда кейбір 
түйінді тұжырымдарының хадистердің өзегінен тамыр тартқанын байқаймыз. Мысалы ардақты Пайғамбардың 
(саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) «Бисмиллаһпен басталмаған әрбір істің соңы келте»,[1] – деген хадисіне сүйеніп 
ақын насихатын былай келтіреді: «Істің болар қайыры, Бастасаңыз алдалап».[2] Еңбекқор Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) адамдарды әрдайым еңбек етіп, маңдай терімен табыс табуға шақырған. Өзгелерге 
масыл болып, біреудің арқасында күн көруді еш қолдамаған. Оның (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) маржан 
сөздерінде бұл турасында былай делінген: «Шамаңның келгенінше ешкімнен ешнәрсе сұрама».[3] 
«Қажеттіліктеріңді абыроймен табыңдар (яғни басқаларына қарап телмірме), себебі барлық нәрсе Алланың 
жазуымен болады».[4] «Жоғарғы қол төменгі қолдан жақсы. Жоғарғы қол – берген қол, төменгі қол – алған қол».[5] 
Пайғамбарымыздың осы хадистеріне орай Ыбырай атамыз да былай деген: Қорек тап, бейнеттен де тәңірің жәрдем, 
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.[6] ... Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе, Бір әділ қазынасы кең патшаны ізде. 
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды, Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.[7] ... Қолыңнан келсе қыл қайыр, Кісіден 
алушы болма.[8] Алла Елшісі (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай дейді: «Ей, адамдар! Раббыңыз 
бір, аталарыңыз бір. Бәріңіз де Адам пайғамбардан тарағансыздар...»[9] Ыбырай атамыз осы хадиспен үндестіріп 
ойын өрбітеді: Бәріміз бір адамның баласымыз, Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз.[10] Осылайша Құран мен хадистің 
ұстанымдарына сүйене отырып, мұсылманшылықты дәріптеген тәлімгер ақын Ислам дінін жастардың жете түсінуі 
үшін «Шариятул-Ислам» немесе «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деген кітабын жазады. Кітапта діннің негіздері 
хадис пен аяттардан дәлелдер келтіріліп түсіндірілген. Осы жерде қолданған хадистердің кейбіреулерін бере 
кетейік: «Тәкаппаршылық дүниеде өткен жақсылықтарыңды жойып кететін мінез. Хатта пайғамбарымыз 
алайһиссалам айтыпты: «адамның көңілінде бір мысқалдай тәкаппаршылық болса да ұжмаққа кіре алмас» -деп».[11] 
Хадис: «Жүрегінде зәредей тәкаппарлық болған адам жаннатқа кірмейді».[12] «Пайғамбарымыз алайһиссалам 
айтыпты: (алхарису ла йадхулу ал жанната уал-хусуру йакулу л- хасаната кама йакулу н-нару л-хатаба), яғни күншіл 
кісі жаннатқа кірмес, күншілдік от отынды жойған ғәуішті құлшылығыңды жояды деген сөз».[13] Хадис: 
«Күншілдік ету – оттың отынды жегені секілді жақсылықтарды жеп бітіреді».[14] «Мұның хақында (бидғат туралы, 
ав.) Пайғамбарымыз алайһиссалам айтыпты (ла йақбалу Аллаһу Тағала ли сахибил-бидағата сауман уа ла хажжан уа 
ла ғумрат уа ла жаһадан уа ла сарфан уа ла адлан уа йахружу мин ал-ислами кама йахружу аш-шағри мин ал-ажин), 
яғни Құдай Тағала қасында бидағат иесі адамдардың оразасы, қажы, дінге дұшпан халықтарға қарсы соғысқа 
барулары, зекет-садақалары, әділдіктері болса да мұсылманшылықтан олар шығарылар бейне қамыр ішінен қыл 
алып шығарып тастаған рәуішті деген сөз».[15] Хадис: «Алла бидғатқа түскен адамның оразасын, намазын, 
қажылығын, үмрасын, жиһадын, сол жолда сарп еткендерін, сөзін қабылдамайды, ол қылдың майдан суырып 
алынғаны секілді оңайлықта Исламнан шығады».[16] «Пайғамбарымыз айтыпты: «хаслатани ла йажтамиғани фил-
мумининил-бухлу уа суул-хулқи» яғни екі нәрсе шын мумин пенденің көңіліне қонбас: біреуі – сараңдық, біреуі – 
бұзықтық деп».[17] Хадис: «Мына екі сипат мұсылманның бойында болмайды: сараңдық пен жаман мінез».[18] 
«Пайғамбарымыз айтқан: «Ғибадат қылсаң Құдай Тағаланы көріп тұрғандай құлшылық ет, сен бұл уақытта Құдай 
Тағаланы көрмесең де Құдай сені көріп тұрушы» деп».[19] Хадис: «Алланың алдында Оны көріп тұрғаныңдай 
құлшылық қыл, сен Оны көрмесең де Ол сені көріп тұрады».[20] «Пайғамбарымыз айтқан: «ман кана фи ғауни 
ахиһи ал-муслими уа ла манфағатуһу фалаһу сауабалмужаһидин фи сабили аллаһи» яғни біреу мұсылман 
қарындасты аз нәрсемен ғана пайдаландырса, яки жәрдем берсе, ол адамдарға азат соғысқандардың сауабын 
беру».[21] Ы. Алтынсариннің арабша мәтінмен берген бұл хадисін хадис кітаптарынан таба алмадық, алайда сол 
мағынадағы хадистердің бар екенін көрдік: «Кім мұсылман бауырына жәрдем берсе, Алла да оған жәрдем етер».[22] 
«Кім мұсылман бауырының қажетін өтесе, Алла да оның қажетін өтеуге жәрдем етеді».[23] «Пайғамбарымыз 
ғалайһиссалам айтқан: «Ас-сахау шажаратун фил-жаннати фа ман кана сахийан ахаза буғуани минһа фа лам йушрак 
залика хатта йадхулаһулжаннати» яғни кім де кім сахи мырза болса, ол мырзалық – ұжмақта бір ағаш, мырза адам ол 
ағаштың бір бұтағынан ұстағанға мысал һәм ол бұтақпен ол мырза кісі ұжмаққа кірмей қалмас деген сөз».[24] 


Хадис: «Жомарттық – жаннаттағы ағаштардан бір ағаш, бұтақтары осы дүниеге қарай салбырап тұрады. Кім оның 
бір бұтағын ұстаса, ол бұтақ оны жаннатқа алып барады».[25] Ы. Алтынсарин хадистерді негізгі арапша мәтінімен 
бере отырып, олардың мағынасын халыққа қазақ тілінде жеткізіп отырған. Бұл оның арабша және хадис бойынша 
сауаттылығын көрсетеді. Материал «Хадис – ғұрпымыз, сүннет – салтымыз» кітабынан алынды. Ummet.kz [1] Имам 
Суюти, әл-Жамиус-сағир, II т., 97-б. [2] Ай, заман-ай, заман-ай, II т., 6-б. [3] М. Жан, Пейгамберимизден евренсел 
өғүтлер, 139-б, Стамбул, 2004. [4] Бұл да сонда, 36-б. [5] Бухари, Зекет, 18, [6] Ай, заман-ай, заман-ай, II т., 13-б. [7] 
Кәшфул-хафа, I т., 425-б. [8] Ай, заман-ай, заман-ай, 14-б. [9] Муснәд, V, 441-б. [10] Ай, заман-ай, заман-ай, 11-б. 
[11] Ы. Алтынсарин, Мұсылманшылықтың тұтқасы, 53-б., А., 1991. [12] Муслим, Иман, 148-149, 185. [13] 
Мұсылманшылықтың тұтқасы, 53-б. [14] Ибн Мажә, Зухд, 420. [15] Мұсылманшылықтың тұтқасы, 52-б. [16] Ибн 
Мажә, Муқаддимә, 48. [17] Мұсылманшылықтың тұтқасы, 54-б. [18] Тирмизи, Бирр, 41. [19] Мұсылманшылық 
тұтқасы, 55-б. [20] Бухари, Бәдул-Уахи, 48. [21] Мұсылманшылықтың тұтқасы, 55-б. [22] Тирмизи, Худуд, 3; Әбу 
Дәуд, Әдеп, 60. [23] Тирмизи, Худуд, 3. [24] Мұсылманшылық тұтқасы, 56-б. [25] Бәйхаки, Шуабул-Иман, VII т., 
435-б. Бөлісу: АЛДЫНҒЫ Хадистерден туындаған мақал-мәтелдер КЕЛЕСІ Қазақ тіліндегі алғашқы ғылымхал 
ЖАҢА ЖИІ ОҚЫЛҒАНЫ ДӘСТҮР ДАНАЛЫҒЫ Мамыр 17 2022 Ата-бабасымен, тегімен мақтану – күнәға 
апаратын іс ДӘСТҮР ДАНАЛЫҒЫ Сәуір 22 2022 Даналық туа біте ме, әлде жүре қалыптаса ма? ДӘСТҮР 
ДАНАЛЫҒЫ Ақпан 25 2022 Теріс бата беруге бола ма? ДӘСТҮР ДАНАЛЫҒЫ Ақпан 23 2022 Батаның егіз атауы – 
дұға ДӘСТҮР ДАНАЛЫҒЫ Қаңтар 31 2022 Мұсылмандардағы және еврейлердегі сүндет ДӘСТҮР ДАНАЛЫҒЫ 
Желтоқсан 07 2021 Қалыңмал: өлшемі мен түрлері Біз әлеуметтік желілерде
Әл Фарабидің моральдық этикалық тұжырымдары 
Ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл 
Фараби.150ге тарта трактат жазған солардың ішінде ерекше мораль және этика ұғымын түсіндіре алатын 
"Қайырымды қала тұрғын дары" атты трактаты бар. Содан үзінді. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне 
көмектесіп отыратын халық — қайыр ымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне 
көмектесіп отырса, бүкіл әлем қайырымды болмақ. Біз критерий қылып алып отырған кітаптың 5 
тарауында адам баласы ұмтылған мақсаттарына жетуде бір-біріне көм екке келуіне жол ашатын қоғам 
түрлері еске алынады, аза­маттық қоғам деген не және оның басқа қоғамнан айырма шылығы неде, 
ізгілікті қала деген не,­оның басқару әдістері не, ол қалай реттеледі, қалай бір-бірімен байланысты әрі 
жүйелі болатыны жәнә сол қаланың башсының болмысында сипаттап береді міне осында көрген жанға 
мораль, 
эти 
ка, 
қоғаммен 
байланыс, 
орта 
мәдениеті 
кең 
көлемде 
айтылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет