Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет18/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
Байланысты:
АЛКА

Паңдық па, иә көкірек пе?

"Пролетарская культура не является выскочившей неизвестно откуда, не является выдумкой людей, которые называют себя специалистами по пролетарской культуре. Это все — сплошной вздор. Пролетарская культура должна явиться закономерным развитием тех запасов знания, которые человечество выработало под гнетом капиталистического общества, чиновничьего общество... (Ленин. Речь "О задачах молодежи", на III съезде РЛКСМ, 1920 г., Собр.сочинении, т. XVIII)


Осы күнгі әдебиет айтыстарымыздағы талас мәселелер: 1) ақын кім, ақынды қалай бағалау керек, 2) ескі мұраларды қалай пайдалану керек, кімнен үлгі алу керек, 3) осы күнгі ақындарымызға үйрену керек пе, жоқ па, олардың қандай кемшіліктері бар, 4) жолбикелер кім, олармен арамыз қандай болу керек?
Осы айтылған мәселелерге былтырғы жылы шыққан "Қызыл Қазақстан" жорналында (1927-нші жылғы февраль-март айларында шыққан 2-нші саны) мен өз пікірімді айтып өттім, көбінесе, Сәбиттің қателерін көрсеткенмін. Бұларды қайта жыр қылып отыруды артық деп таптым. Өйткені Сәбиттің кейінгі шыққан мақаласында ("Жаңа әдебиет" жорналы, 1928-інші жылы март айында шыққан 3-4 сандары) дәлелді жауап таба алмадым.
Етікші мен ақынды теңестіргендей орасан қате пікірлерін түзеп, қатесін көрсеткен адамдардың бәрін бірдей өзіне жау көрмей, тиісті ақылды пайдаға асырудың орнына, біз көрген Сәбит "өңшең құрық көрмеген бас асауларды шыңғыртып құрық салып үйретемін" деп, қолына құрық алып, далақтап бос шауып жүр. Жылқышының да бәрі бірдей ақын болмағанмен (Сәбитше қарағанда, жылқышы да, аңшы да бірдей ғой!), оның да ішінде жылқышылары бар ғой. Өңшең асауларды үйрететін жылқышылардың үлкен әдісі, үлкен қайраты болады ғой. "Әлін білмеген әлек" деген секілді Сәбит жолдас құр бекер даңғойланып шапқылап жүрсе, асауларды үйретудің орнына, орға жығылып мерт болмай ма?
Жоғарғы айтылған мақаласында Сәбит жолдастың қайтарған бір дәнді жауабы жоқ, бос қызу сөздер, не болмаса, жала. Мәселен, мен Абайды, оның идеологиясын тап тартысынан тысқары таза идея деппін. Абайды жалпы қазақтың "бейшара қамқоры" деппін! Өңшең осындай "қотыр сөзді" Сәбит жолдас қайдан табады?! Мұндай сөзді Сәбит жолдас шатасып, не айтқаныңды андамай қалып жазып отырса жөн ғой, тек ермек үшін жаза бере ме деп қорқамын. "Жаза берсе, қағаз байғүс шыдай береді" деген сөзді амалсыздан кісі осындайда айтады екен ғой.
Әркімнің де тиісті бағасын білеміз. Егер де менде біреуді "қазақтың қамқоры" деп араша түсе қалар пиғыл болса, мен Абайдан басқаны көрер едім. Баға беруге қалғанда, кімге болсын, Сәбит болсын, басқа болсын, ешкімнен әлі ығысқанымыз жоқ.
Үйрену керек, ескі мұралармен пайдалану керек дегендердің бәрін Сәбит өзінше, теріс жориды. Ендеше Бақырғанды да, әптиекті де, Құранды да қайта бастыр дейді.
Мұндай сөздердің өткірлігі бар шығар, бірақ басқа қасиеті аз.
Сәбитше қарасақ, бұрынғының бәрі бұл күнде Құран секілді. Керексіз болған. Бұл қалыпта бара берсе, Сәбит жолдастың ақындық бетінің жоғары өрлеуіне сенім азаяды.
Сәбитке біздің айтатын ақылымыз: бірінші, Сәбит енді өзін-өзі мақтаудан кішкене тоқталсын. Сәбит өссе, ақындығын өлеңмен көрсетсін. Сәбит жаңа әдебиетке негіз салушы болса, оны байқап қалатын жұрт тағы өсіп қалды.
Екінші, Сәбитке әлі де көп үйрену керек: кемшілігі, білмейтін нәрселері тым көп. Қазақ әдебиетін тегіс ақтарған болса, онан еш қадірлі нәрсе таба алмаса, не болмаса, енді мұнан былай Сәбитке қазақ әдебиетінен аларлық дән табылмаса, орыс әдебиетін қарастырсын. Өнер, әдебиет, мәдениет, адам баласының күллі тарихының толып жатқан ескі мұралары бар, Сәбит соларды тексерсін. Құранмен қатар "Одиссея" мен "Иллиаданы" қарастырсын. Мекке мен Әзірет Сұлтанның зияратымен қатар орыстың Иван патшасы салдырып кеткен Кремльдің қасындағы шіркеуді салыстырсын. Болмаса, Мадонна деген ел шулап қоймайтын құдай қатын бар, Сәбит оны да біліп қойсын. Ленин мен Марксті былай қояйық. Плеханов, Мартов, Каутскийлермен қатар бізге Сократ, Аристотель, Мефистофельге шейін білу керек. Ворошилов, Буденный. Фрунзелермен қатар бізге Македонский, Цезарларды білу керек. Крупская мен Коллантаймен қатар Клеопатра, Орлеанская Деваны білу керек.
Үйрену деген, міне, қандай болады. Бәрін үйрену керек. Бәрін білу керек. Әрине, көрінгеннің, оқығанның бәріне құл болып мойынсұнып кетпеу керек. Кәмөнестің өз ойы өзінде болу керек.
Сәбит үйренбеймін демейді-ау.
Ауызша айтқанда, "үйренемін, үйреніп жүрмін" дейді. Бірақ сөзінің түрі көбінесе, "сендер маған жөн айтпай-ақ қойындар, өз білгенімнен артық маған дәнеме ақыл коса алмайсыңдар" деген көкірек болып кетеді.
Қай кәмөнестің неғұрлым білімі артық болса, сол ғұрлым үкіметке, партияға пайдалы, сол ғұрлым еңбекші елге пайдасын көп тигізе алады. Ақын неғұрлым білімді болса, солғұрлым ақындығы арта береді, сөздері сипатты, мағыналы болады.
Ертеңгі күні, еңбекші бұқара тегіс ағарып жеткен күні, Сәбитті тексергенде (жалғыз Сәбит емес, басқа жаңа жазушыларымызды да айтамын), Сәбит өлеңдерінің ішінде "еңбекші" деп неше рет айтыпты деп тексермейді. Алдымен сол Сәбиттің өлеңдері еңбекші бұқараның мұңымен, тілегімен байланысы қанша, өлеңдері еңбекші бұқаранын, жүрегін қанша қозғай алады, сөздерінің сұлулығы, маңызы қандай, Сәбит бағаны осылай алады. Сәбиттің, еңбекші бұқараның ақынының сөзінің асылдығы сондай болу керек: егер де сөзіңді еңбекші оқыса, қуанып, күліп, мәз болып не қайраттанып жігер бітіп, не сенімен бірге мұңдасып отыру керек. Егер де сөзіңді еңбекшінің жауы оқыса да, еріксіз елтіп отыратын болсын, не жанынан шошып тәубаға келіп, не иығына албасты мініп, қара тұман қайғы-уайым басып кететін болсын. Үлкен үгітші қырдағы қойшыға қырық күн жырласа да кәмунизм негізін түсіндіре алмай шаршап қайтатын жерде, Сәбит ақын екі ауыз сөзбен қойшыны ертіп, елтіп жіберу керек. Күйдіріп, жандырып жіберу керек. Міне, акынның белгісі қандай (бұл арада Риддер, Екібастұз, басқа жерлердегі қазақ жүмысшыларын айтпай отырғаным, олардың саяси саңылауы бар ғой, қойшыдан гөрі тезірек үғынады).
Әйтпесе, Сәбитпен қатар мен де ақын болып кетуім оңай. Әрине, бұл айтып отырғанымыз үлкен ақынның сипаты. Мұндай ақындар біз түгіл, бізден басқалардан да кем шығар. Мұндай ақындар бара-бара шығады.
Сәбит үйренбесе, талаптанбаса, құр айтыспен, құрықпен жүре берсе, ертеңгі күні өзінен басқаның асып кеткенін білмей қалады. Сонда Сәбитке біреу болмаса, біреу: "дұрыс, жігерлі, пікірлі, қатты ортақшыл азамат екен" дейді. Бірақ таласып, айтысып жүріп үйрене алмай қалыпты, ақындығы кем екен, не өсе алмай қалыпты дейді. Егер де сол өскен еңбекшінің, сол еңбекші бұқарасының марксшіл нағыз бір Плеханов секілді сыншыларының біреуі, осы күнгі Сәбит құрық салып қайтарып жүрген ақындардың ішінен, не жолбикелер деп жүрген ақындардың ішінен біздің нағыз үлкен ақын мынау деп Сәбиттен басқа біреуді тауып алса, тірі масқара емес пе? Мұны да Сәбит ойлауы керек.
Мұның бәрін Сәбитке нағыз достықпен айтып отырмын, жау көрсе, өзі білсін.
Бұл жалғыз Сәбитке айтылған сөздер емес. Бірқатар жаңа ақындарға да айтатын сөздеріміз осы.
Жас ақындарымыз қаптап көбейіп келеді, өсіп келеді. Кемшіліктері көп болса да, олардың міндеті зор, жүгі ауыр, соған қарап оларға баға беру керек.
Олар - жаңа әдебиетке негіз салушылар. Бірақ оған қарап кемшіліктерін айтпай отыруға болмайды.
Енді мұнан былай әдебиет мөселелерінде "тиіп қашты" қылып "бүйректен сирақ шығармай", айтысты ұрыс-талас, жанжалға аудармай, әрбір ақынды жеке алып қарап негізгі мәселелерге кіріссек жөн.


III




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет