Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет26/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
Байланысты:
АЛКА

АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ


Біз Абайды қазақ классикалық әдебиетінің атасы деп атаймыз, кейбір жолдастар бұл жөнінде не айтса оны айтсын, бірақ біз бұл арада марксизмге қайшы тұрған жоқпыз деп ойлаймыз. Егер бір кездері бүкіл ұлтшылдық қозғалыс Абай атымен рухтанғаны үшін, өз кезінде күллі алашордашылар Абайды рухани көсеміміз деп танығаны үшін біз бұл фактіні үн-түнсіз жауып қоя салсақ, ол, әрине, ағаттық болады. Егер біреу — алашордашы ма, әлде монархис па бәрібір, жер күнді айналады дейтін болса, оларға таптық өшпенділікпен қарағанымыз үшін, ол керісінше жүреді деп айта алмаймыз ғой.


Егер біз қазақ классикалық әдебиетінің атасы Абай десек, ол орыс классикалық әдебиетінің атасы Пушкин деп айтқанмен бірдей әсер аламыз. Бұл қағиданы біз сияқты монархистер де, анархистер де, фабриканттар да, помещиктер де, қазақ та, неміс те айта алады. Абай дәуірінде әртүрлі оқиғаларға байланысты қарапайым өлең шығарудан басқа классикалық әдебиетке ұқсайтын ештеңе де болмаған. Әрине өлең сөзді жұп-жұмыр етіп, кемеліне келтіріп құя салатын өлеңшілер Абайдан да бұрын болған. Тіпті келісті өлең түріне жеткен, тіпті Абайдың ақын деуге жарарлық замандастары да болған.
Бірақ небәрі осы.
Абай өз өлеңдері арқылы бізге тұңғыш рет нәзік лириканы да, толғауды да, элегияны да әкелді, сөйтіп оған дейін үйірлік сезім-түйсікпен өмір сүріп, сосын көзін ашып оянып, дереу рухани қорек іздей бастаған, қазақтың жаңа адамын, талап-талғам иесін тәрбиелеп, шындап өсірді. Абай өзінің әртүрлі қоғамдық тақырыптарға жазылған мүлде нашар сатиралық өлеңдерімен, сол сияқты әлі де ескірмеген алуан-алуан тақырыптарға шығарылған таңғажайып жырларымен — мәселен, ер мен әйелдің қарым-қатынасы жайлы, махаббат пен поэзия жайлы, айналадағы табиғат жайлы жырларымен, ақырында Лермонтовтың, Пушкин мен Крыловтың шығармаларын асқан шеберлікпен аударуы арқылы мүлде қалыпқа түспеген ауан адамның ой-өрісін кеңейтіп көңіл көзін ашты, оның ақындық дарын-қабылетінің күллі поэтикалық күші көркем аудармаларынан айрықша көрінеді.
Осының бәрінде де Абай қазақтың қарапайым да сұлу сөздерін қолданып, шеберліктің шыңына жеткені сондай, орыс әдебиетінің Пушкин, Лермонтов пен Крылов сияқты саңлақтарының аудармалары түпнұсқадағыдан әсте кем емес, әрине автордың тіл қасиетін түсінуіне сәйкес саналы түрде өзгертіп алған жерлері болмаса. Міне, осындай мінсіз шеберліктің арқасында Абай лирикасының нәзік әуені мен Пушкин мен Лермонтовтың көркемдігі жоғары өнегелі өнері ақынмен замандас сауатсыз қазақтардың өзінің құлағының құрышын қандырып, зор рахатқа бөлейді, оның алдынан жаңа дүниені ашып, көңілінің көкжиегін кеңейте түседі, сол себепті де осынау жырлар жаңа тыңдаушылар тауып, байтақ даланы кезіп кетеді.
Міне, осының бәр халықтың бір-ақ проценті сауатты болған кезде, жазу-сызуы рухани шала, әдеби тілі болмаған кезде, ал қазақтың қара өлеңінде діни сөздер, араб, татар сөздері бар кезде болған еді. Бұдан былайғы ізбасар ақындар Абай сөзі мен өлеңінің техникасын молынан қабылдады. Біздің қазіргі әдеби тілімізге Абай жырлары жол салып берді. Біраз жәйтта ол әлі күнге дейін алдына жан салмай келеді.
Бұл арада Абай өзінің биік тарихи миссиясын орындап шықты. Асқан оқымысты марксшіліміз Покровскийдің Пушкин жөнінде айтқан: «Біз Пушкинді ұлы орыс тілін іріктеп-сұрыптап жасап бергені үшін жақсы көреміз» — деген сөзін Абай жөнінде біз де қайталап айта аламыз.
Абайға дейін ешқандай әдеби түр болмайтын. Өлең шығарудың бүкіл техникасы төрт жолдық қара өлеңнен тұратын. Абай тұңғыш рет өлеңнің өлшемді ырғағы мен өзіндік түрін, техникасын жасады, мұның бәрі кейін әдебиетімізге емін-еркін сіңіп кетті.
Бұдан әрі айтарымыз, Абай поэзиясының бағыт-бағдары Салтыков пен Гогольге жақын, олармен туыс деуге де болады. Абай әуелде өлең техникасын білмеген, білімсіз болған, сол себепті де оның өткір тілі мен мерген сатирасы келісті түр-пішінін таппаған. Және оның өскен ортасы да оған Разуваев, Собакевич, Хлестаков сияқты, қазақтың да өлмейтін-өшпейтін типтерін жасауға қажетті материалдар тауып бере алмады және бере алмас та еді.
Оның сатирасының әр жерінен үзіп-жұлқып бірдеңелерді алып, көп кісілер Абайды романтик деп есептеп жүр. Мұндай пікірге Қабылов жолдас та жақын. Бұл әдебиеттің жалпы заңын және Абай шығармашылығының сипатын білмегендік. Бүйте берсек, тек бір ғана сатира мен юморы үшін Гоголді де, Салтыковті де әдебиеттің романтикалық мектебіне оп-оңай жатқыза салуға болады. Бірақ нақтылы қоғамдық ортаның дертін әшкерелеудің бәрі романтизм емес. Абай өлеңдерін дәйекті түрде талдағанда, белгілі бір дәуірдің талма кезеңіне тән романтизммен туыс сипаттарды таба алмайсыз. Бұған керісінше, Абайдың барша өлеңдеріне тән қасиет — өз ортасына тән елеңдеген елгезектік, ақынның үндеуі, алға қарай ұмтылуы және жаңа бірдеңені іздеу сарыны.
Біздің жоғарыда айтқанымыздай-ақ, бұл қазақ даласына кіріп келе жатқан жаңа әлеуметтік дәуірді, жаңа биігірек мәдениетке ұмтылу идеясын бейнелейтін соны әсер-әуендердің, соны ой толғамдарының жаңғырығы болатын.
Абай, суреткер ретінде, ақын ретінде көп нәрсеге жете алмады. Бірақ тарихи жағдайларға сәйкес осы жеткен биігінің өзі Абайды қазақ әдебиетінің атасы деп тануымызға мүмкіндік береді.
Оны осылай деп білуімізге Абайдың патриархалдық үйелменнен шыққаны да, өзінің болыс болғаны да бөгет емес. Жеке адамдардың жағымды тарихи қызметін бағалаған кезде олардың әлеуметтік тегін елге сіңірген тарихи еңбегі басып кетуге тиіс. Бұған қатысты мысалдар көп-ақ, бірақ оны келтірудің қажеті жоқ. Егер жеке адамның тарихи қызметі тұтас алғанда оның кейбір адасқан кезінен жоғары тұрса, оның жеке басының кемшіліктерін кешіруге де болады. Тарихты тұтас бір ұрпақтың рухани көсемінің моральдық жағынан азғындап, құлауға дейін жеткен кездері де кездескен, мәселен, бұған Гейнені мысал етсек те жеткілікті. Абай болыс ретіңде сол ортаның жемісі. Ал Салтыков қазына палатасының басқарушысы болған. Ескі бюрократтық сатыда бұл кішкентай қызмет болмаған.
Кейбіреулер қазір Абай ескірді, енді бізде одан да жақсы ақындар мен жазушылар бар дейді. Бұл өте даулы мәселе. Бірақ бұл да Абайдың тарихи мәнін өшіре алмайды.
Аударған Әбілмәжін ЖҰМАБАЙ.
«Советская степь» № 191, 22-тамыз, 1928 ж.

РОКОВОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ


(Из зала суда над атаманом Анненковым.
По материалам Семипалатинской губернской газеты «Новая деревня»)

Атаман Анненков, его сподручные и бандиты отличались неслыханными зверства­ми и беспредельно изощренными приемами глумления и пыток людей


Известно, что даже в штабе Колчаке отъявленных садистов и головорезов атама­на называли «диким сбродом».
В свое время подробно освещала судебный процесс над Анненковым губернская газета «Новая деревня».
Мы решили в данном номере журнала дать отдельные фрагменты из этих публи­каций, которые до сих пор ужасают читателей бесчеловечными по жестокости дей­ствиями анненковцев.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет