Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет23/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
Байланысты:
АЛКА

АБАЙДЫҢ ӘДІСІ


Бәлкім, біз Абай танымы әдісінен бірдеңе табатын шығармыз? Бұл үшін тағы да, тіпті жалпылай да болса, оның әдісін баяндау керек. Абай өз әдісінің міндеті дүниедегі игілік атаулының бәріне қолыңды жеткізетін нәрсе — ғылымды игеру деп есептеген. Абайдың бұл қағидасын біз оның өлеңдерінен алынған мына сипатпен: «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» — сипатымен дәлелдейміз (Абайдың өлең жинағы, 26 б.).


Әрине, оның бұл қағидасын “Байлық пен ғылым дүниеде” — деп өзгертіп айтуға болар еді, бірақ қалай болса — олай болсын, әйтеуір, осы сипат бізге Абай әдісінің мәнісін анықтап береді. Абайдың: «Ғалым болмай немене балалықты қисаңыз. Сонда ғана мұратқа жетесіз» — деп халыққа үндеу тастауы да осыдан (Абайдың таңдам. өлең. 125—129 бб.).
Абай білім алу үшін (ақиқатты анықтау) кісіге мынадай қасиеттер қажет деп есептейді: білгендердің сөзіне махаббатпен қарау, соны сезу, айналадағы әлемге әсер етіп, қандай іс болса да, ақылмен сеніп анықтау (Абайдың таңдам. өлең. 145 б.). Абай өз әдісінің негізгі қағидаларын: ақиқат шындықты ақылмен тексермей шындық шықпайды, — деген сөзі арқылы нақтылай түседі. Басқаша айтсақ, менің айналадағы әлемге махаббат және сезіммен әсер етіп, оны ақылмен сынауым — шындық дейді ақын.
Біз Абайдың осынау қағидаларындағы шындықтың белгілі бір мөлшері хақында дау айтып, талас тудырғымыз келмейді. Белсенді субъект (адам) өзін қоршаған әлемге ықпалын тигізеді, бұл жайт қоғамдық адамның сезімталдық қабылетінің дамуына әсер етеді. Бірақ бұл ақиқат тірліктің бір жағы ғана, ал, оның екінші жағы — обьективті шындық, таным шекарасын анықтаған кезде онымен санаспауға болмайды. Егер ол (объективті шындық) байланыс бірлігі, өзара әрекеттес субъектілердің жиынтығы болса және егер дүние қайшылықтардың жиынтығы болса, онда біз ешбір күмән-күдіксіз-ақ, адам объективті дүниенің бөлшегі болып табылады, өйткені, ол онымен байланысты ғой, ендеше оның танымының шекарасы адамның (суъбектінің) белсенділігімен де, сол сияқты дүниенің оған (субектіге, адамға) ықпал етуімен де шектеліп қалмайды, деп емін-еркін айта аламыз. Обьектінің субъектіге, субъектінің объектіге әсер етуі бір ғана көрінумен бітпейді, ол таусылмайтын шетсіз-шексіз процесс болып өтіп жатады. Демек, танымның бастауы болып есептелетін адамның сезімталдық қабылетінің артуы құдыреті күшті адамға ғана тән нәтиже ғана емес, объекті мен субъектінің өзара үздіксіз әрекеттесіп жатуының жемісі больш табылады.
Енді кәне баяғы Абай айтатын: менің сезімім әкеліп жеткізетін және ақыл-ойым сынап тексергесін барып құрылатын нәрсенің бәрі — анық шындық - дейтін қағидасы дұрыс па? Бұл жөнінде марксизм классиктерінің: дерексіз шындық болмайды, шындық әрқашанда нақты, — деп айтқан пікірі әбден дұрыс. Ендеше, шындықтың өлшеуіші «ой да», «ақыл да» емес, тұтас күйіндегі ақиқат болмыс болып табылады, бұл үшін адамнан обьектімен өзара әрекеттес болу процесінде алған тәжірибе керек және оны рационалды түрде өңдеп, эксперимент жолымен тексеру қажет, содан кейін осынау айналымның нәтижесі азды-көпті түрде обьективті шындыққа сәйкес келуі мүмкін, онда да тек уақыт пен кеңістік аясында ғана. Ленин: Уақыт пен кеңістіктің өзгеруіне байланысты білім — білімсіздікке, білімсіздік — білімге айналады, — деген. Бұл жәйтті Гегель бұдан да бетер - жеріне жеткізе айтқан: тіршілік ететін нәрсе — ақылға қонады, ақылға қонатын нәрсе — тіршілік етеді, ал уақыт пен кеңістік өзгерсе болды естілік есерлікке, ақиқат шындық, ақиқатсыз дақпыртқа айналады, — деп.
Жоғарыда айтқанымыздан көрінетін бір нәрсе – Абайдың әдісі дүние құбылыстарын байланыста, бірлікте, даму үстінде, қайшылықтар жолымен екінші нәрсеге айналу күйінде қарамайды, тек үстірт, жеке-дара, тыныштық пен салтанат күйінде ғана қарайды.
Демек, біз одан ештеңені де үйрене алмаймыз, танымның бұл әдісі біздің әдіс емес, метофизикалық идеализмнің әдісі. Біздің танымымыздың ғылыми әдісі – материалистік диалектика, оны (материалистік диалектиканы) біздің жас қазақ жұртшылығы Абайдан емес, Маркстен, Плехановтан, Лениннен және марксизмнің басқа да классиктерінен үйренуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет