Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет24/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
Байланысты:
АЛКА

АБАЙДЫҢ ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМІ


Енді, ақыр соңында, Абайдың қоғам туралы түсінігі хақында бірер сөз қозғалық. XIX ғасырдың екінші жартысында Абай қоғамдық пікірден қолдау таппай, патриарх ретінде, рулық патриархалдық қоғамның ескі хұқтық тәртіптерін, оның ішінде өзінің де рубасылық жағдайын сақтау үшін рақымсыз күрес жүргізіп жатқан кезде, ол қоғамды «бірге (единнцаға) тіркелген нөлдер жиынтығы» деп біледі, Абайдың сөзінен бір болмаса, тек қана нөлдерден қоғам құрылмайтыны айқын байқалады. Дегенмен де, Абай рулық патриархалдық тұрмысты сақтап қалу үшін қаншама жан салып күрескенімен, «нөлдерсіз» көздеген мақсатына жете алмас еді.


Қазақ халқы тарихи дамуының барысы, міне, осының жарқын дәлелі бола алады. Әсілі, “нөлдердің де” біраз мән-маңызы болған секілді, олар Абай тәрізді патриархалды «бірлерсіз-ақ» тірлік ете бастаған, ал «бірлер» оларсыз (нөлдерсіз) күн көре алмайды, сол себепті де олардың «нөлдердің» өмірлік жағдайына қарай бейімделуіне тура келеді, ал оған бейімделе алмағандары жер бетінен сырылып тасталады. Сөйтіп, біз әрбір нөлдің бірге тең екенін көреміз, ендеше, кешіріңіз, қоғам бірге тіркелген нөлдердің жиынтығы емес, өйткені мұндай қоғам айуандар әлемінде де болуы мүмкін, ал адам қоғамы айуандар қоғамынан кейбір қадыр-қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады, атап айтқанда, адамдардың өзара істес-әрекеттес болатынын қосамыз.
Ал, жеке адамның адамзат тарихындағы рөліне келсек, біз бұл жөнінде ешқашанда таласқан емеспіз, тек адам қоғамдық ортаның жемісі, себептердің салдары ретінде, белгілі дәрежеде қоғамға әсер етеді, бірақ онысы негізгі әсер болып есептелмейді дейміз. Өмірдің жаңа жағдайына бейімделген ақын ретінде Абай ғұмырының соңғы кезіне тақап келген ел-жұрты білімге, мәдениетке, қазақ рулары мен жер-жерді бірлесуге, экономиканы білуге шақырады, артта қалған қазақ халқын құтқару жолы сонда деп біледі. Бұл арада ол шын мәнінде 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі Қазақ өлкесінде қалыптасқан товарлы-капиталистік қатынастың мүддесін, ол - ол ма тіпті (бұған таң қалуға болмайды) қазақтың қазіргі ұлтшыл зиялыларының идеологиясын қорғайды. Олардың Абайды ұдайы материалист деп көкке көтеруі және солардың басым көпшілігінің Абай философиясы мен Абайдың өзін мақтауы да, міне, сол себептен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет