Тексерген: Джакупова Чинара



Дата20.10.2023
өлшемі20,79 Kb.
#187229
Байланысты:
Эссе


Эссе
Тақырыбы: «өмір жолы жобасын даярлау»



Орындаған: Сейлханов Азамат
Тексерген: Джакупова Чинара
СӨЖ 6
ТОП:ТМО 22-14

Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Рудаки Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз. Ал өз мақсатымызға жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін. Енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек. Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп, әлсіздік, шарасыздық танытпауымыз керек. Біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіспіз. Біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуымыз керек, бақа ғұрлы жоқпыз ба? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті. Адам өзін — өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет. Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе? Өмір — арпалыс, күрес. Бұл табиғат заңдылықтары. Өмір – көпір, от үстіне салынған, Діңгектері зәндем отқа малынған. Қорқу білме, аяқтарың таймасын, Ойнап отпен, шарпу көрме жалыннан! Бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сыйды бізге сыйлаған кім?… Әрине бізге осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарымыз, ол біздің ата – анамыз. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Халық аузында мынадай әңгіме бар емес пе? “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” - деп. Себебі, біріншіден ол бізге “өмір” сыйлады, бізге жарық дүниені көрсетті, бізді өсірді, біздің ыстығымызға күйді, суығымызға тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп бізді аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер бізге анамыз осындай баға жетпес сый сыйласа, бізде оған лайықты өмір сүруге тиіспіз. Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек. Ғажайып Өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша. Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп қой. Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажап өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын. Иә, өмір, өмір, өмір… Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл өмірдегі жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, кішіпейілділігіне, өзі алдансада ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде шынайы бақытқа жеткізеді. Кейбіреу өмір өз қолыңда өзің қалай құрасаң солай болады дейді. Бәлкім солай да шығар… Ал мен олай деп ойламаймын себебі өмірді қалай құрсаң да, Аллаһтың бергенін ешқашан өзгерте алмайсың. Мейлі қолыңдағы бар нәрсені салсаң да Аллаһтың бұйыртқанынан басқа ешнәрсе болмайды. Мен үшін бұл өмір тек қана сынақ. Өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де, соған төтеп беріп, шыдамды болып, сабырлы болып, сол қиын кезеңнен шыға білсек бұл біздің үлкен жеңісіміз. Айналадағы адамдарға қараңызшы бәрінің өз өмірі, тірлігі бар. Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады. Кейде адамдар осының бәрін байқамай, мен шаршадым, өмір сүргім келмейді,- дейді. Кей кездерде өздеріне қол жұмсап жатады. Сонда бұл өмірден өткенде жаны тыныш бола ма? Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле – білсек сонысымен қымбат. Өмірде бәріде өткінші. Өмір — сенің мүмкіндігің, пайдалана біл; Өмір — сұлулық, сүйсіне біл; Өмір — арман, жүзеге асыр; Өмір — парыз, орындай біл; Өмір — ойын, ойнай біл; Өмір — байлық, бағалай біл; Өмір — махаббат, ләззат ала біл; Өмір — құпия, сырын аш; Өмір — қайғы, көтере біл; Өмір — күрес, жеңе біл; Өмір — бақыт, баянды ете біл. Әрине, өмір жолы – даңғыл емес. Өрі де, ылдиыда жетерлік. Өмір сынынан сүрінбей өту – әр адамзаттың басты парызы. Әрбір адам аңсаған арманына жету үшін өмір бойы күреседі. Талаптанады, талпынады. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға» бар — ынта жігерін салады. Бізде сондай жастың біріміз. Аңсаған арманымызға жетуіміз керек. Қатарымыздан қалмай, өмір шыңына көтерілу біздің басты мақсатымыз. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда! Соны ұмытпауымыз керек…

Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
- өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету. - өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мол тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту - өмір сырын түсіну, тіршілік қиындықтарын жеңіп шығуға үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет