Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет62/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
АЛКА

«Көркем әдебиет туралы» - Әмина Мамыт келінінің бұл мақаласы жоғарыдағы әдеби пікір таластарға үн қосу ретінде жазылып, «Қызыл Қазақстан» жуналының 1927 жылғы бірігіп басмылған № 5-6-7 сандарында жарияланды. Бұдан кейін «Абай» журналында 1992 жылы К.Сейілханұлының алғысөзімен басылды. Әдеби пікірталасқа тікелей қатысы бар тұстары алынып, сәл ықшамдалып берілді.
«Көркем әдебиет туралы» - Қошке Кемеңгерұлының «Көркем әдебиет туралы» ( «Еңбекші қазақ», 1926 жылғы 1 желтоқсан), «Сәбитпен айтысты доғардым» («Еңбекші қазақ», 1927 жыл, 30 қаңтар) және Сәбит Мұқановтың «Көркем әдебиет туралы» («Еңбекші қазақ», 1926,14-15 қазан), «Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірлерім» атты мақалаларына пікір қосу ретінде жазылып, «Қызыл Қазақстан» журналының 1927 жылғы №2 санында жарияланған. Содан кейін тұңғыш рет осы жинақта басылым көріп отыр. Араб қарпінен крилл қарпіне қотарып, жинаққа дайындаған Т.Жұртбай.
«Әркім өзінше ойлайды» (Шаймардан мен Ыдырысқа жауап ретінде) – Жалпы сол осы жылдардағы әдебиет туралы баспасөз бетінен жиі орын алған пікір алысуларға С.Мұқановтің «Көркем әдебиет туралы» («Еңбекші қазақ», 1926,14-15 қазан), «Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірлерім» («Қызыл Қазақстан», 1927, №1) атты мақаласы үлкен қозғау салған болатын. Пікірталасқа қатысқан Ы.Мұстамбаевтің «Көркем әдебиет туралы» («Қызыл Қазақстан», 1927, №2) және Ш.Тоқжігітовтің «Әдебиет мәселелері» («Қызыл Қазақстан», 1927, №3-4), «Тоқсанның тобы» туралы» («Қызыл Қазақстан», 1927, №8-9) атты пікірлеріне жауап ретінде жазылған бұл мақала «Жаңа әдебиет» журналының 1928 жылғы №3-4 сандарында жарияланды. «Абай» журналының 1992 жылғы №1 санында Қ.Мұхамедхановтың ұсынуымен қайталанып, сәл ықшамдалып басылды.
«Біздің таластарымыз» - мақала Сәбит Мұқанұлының «Жаңа әдебиет» журналының 1928 жылғы №3-4 сандарында жарияланған «Әркім өзінше ойлайды» атты мақаласына жауап ретінде жазылып, сол журналдың сол жылғы №7-8 сандарында жарияланды. «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы №7 санында қайталанып басылды.
«Абай» - «Жаңа әдебиет» журналының 1928 жылғы №7 және №8 сандарында жарияланған көлемді мақала сол кезде Абайды әдебиет тарихынан сызып тастауға арналған солшыл әдебиет сыншыларының пікіріне қарсы жазылған. Кейі Қ.Мұхамедхановтың алғысөзімен, Ғ.Сапаевтің крилл қарпіне түсіруімен «Абай» журналында жарияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет