Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет64/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
АЛКА
1516904435, Острый панкреатит (2), krkem 1424185208 104329, 2b0b98a4-6c50-4c9b-bee5-ac9d68a1e868, 8 сын геом 1 токсан, Matematika
«Киргизская лите­ратура» - мақала алғаш рет «Трудовая Сибирь» журналының 1919 жылғы №1 санында жарияланған. Соңына «С.С-ов» деп қол қойылған бұл мақаланы С.Дөнентаевтің қызы Сәулет Сәбитқызы мен Айтқазы Дайырбеков Алтай өлкесінің мемлекеттік архивінен тауып, Көкшетаудың «Степной маяк» газетінің 1991 жылғы 4-5 шілде күнгі сандарында жариялаған. Олар бұдан кейін мақала авторының нақты есімін анықтау мақсатымен Мәскеу, Ленинград, Барнаул архивтеріне сұрау салып, нақты жауап ала алмаған. Нұрым Сансызбаевтың Омбы архивіне жолдаған сауалы нәтижелі болып, одан: «В архивном фонде Союза кооператив­ных объединений Западной Сибири «Центро-Сибирь» в документах об издании журнала «Трудовая Сибирь» имеется копия ведомости по оплате гонорара за статьи, помещенные в № 1 за 1919 г., где указано: «Фамилия автора - Садвакасов. Название статей и заметок - «Киргизская литература». Количество строк - 237. Расценка - 1 руб. К уплате - 237 р. (Ф. 151,оп.1,д.459,л.З)» - деген жауап алған. Н.Сансызбаевтің алғысөзімен «Абай» журналының 1997 жылғы №1 санында жарияланған.
«Предисловие к книге «Молодой Казахстан» - «Молодой Казакстан» деген атпен 1928 жылы Москваның «Огонек» баспасынан шыққан әңгімелер жинағына жазылған алғысөз.Жинаққа енген М.Әуезовтің, Ж.Аймауытовтың, Б.Майлиннің әңгімелерін аударған да автордың өзі сияқты. Д.Қамзабекұлының, Н.Сансызбаевтің («Абай»,1997, №1) түсініктемесімен мерзімді баспасөзде жарияланған. Бұл жинаққа М.Әуезов мұражайының қорында сақталған нұсқа бойынша ұсынылып отыр.
«Өз жайымнан мағлұмат» - С.Сәдуақасовтың анкеталық сұрағына 1928 жылы 29 қаңтарда берген жауабы. Жазушының мұражайының қолжазба қорынан алғаш рет ғалым Т.Әкім «Қазақ әдебиеті» газетінде (1988, 23 желтоқсан) ариялады, содан кейін Шығармаларының Елу томдық жинағына. Сол тұстағы әдеби пікір таласына тікелей қатысты болғандықтан да басылымға кіргізіп отырмыз.
«Алашорданың басты екі адамы» (Әуезұлы Мұхтардың хаты) – М.Әуезов түрмеден шыққан соң «Социалды Қазақстан» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында жарияланған ашық хаты. Т.Жұртбай мен Т.Әкім құрастырған «Ескермедім...қабылдамадым» атты қызметтік кітапшада (1998) қайталап басылды, жазушының Шығармалар жинағының елу томдығына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет