Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет66/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
АЛКА

«Қазақ тілін іске асыру» - "Қазақ тілі" газетінің 1923 жылғы 24 желтоқсандағы N 124 санында жарияланды. «Абай» журналының 2003 жылғы №3 санында қайталанып басылды. Материалды архивтен тауып алып, баспаға әзірлеген семейлік қаламгер Сейітжан Тәбәріков. Мұнда көтеоілген мәселелер бүгін де өзінің құнын жойған жоқ.
Ортақшыл Мария” – А.Неверевтің “Большевичка Мария” атты әңгімесінің аудармасы. 1927 жылы Мәскеуде жоғарыда көрсетілген жинақта жарық көрген. Б.Қайрбекұлының алғысөзімен “Абай” журналының 1998 жылғы №1 санында қайталанып басылған.
Мен өмірге жерікпін” – А.Неверовтің “Я хочу жить” деген әңгімесінің аудармасы. Кеңес Одағындағы елдердің Мәскеудегі кіндік баспасынан 1927 жылы “Ортақшыл Мария” әңгімесімен біріктіріліп жеке жинақ болып шыққан. Мәкен Турағұлқызы Мұхамеджанованың жеке қорындағы нұсқа бойынша Т.Жұртбайдың дайындауымен “Жұлдыз” журналының 1989 жылғы №3 санында жарияланған. Кейіннен Б.Қайырбекұлы екі әңгіменің басын қосып, өмірбаяндық түсініктеме жасап “Абай” журналының 1998 жылғы №1 санында бастырды. Мәскеудегі Ленин атындағы (қазіргі мемлекеттік) кітапханада сақталған кітаптың фотокөшірмесінен крилл қарпіне түсірген М.Бейсенбаев. Тағыда бір микро-фильмге түсірілген көшірме Алматыдағы ұлттық кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақтаулы.
«Баланың ерлігі» - Д.Лондонның «Эскимос Киш» деген әңгімесінің аудармасы. Мұқабасында: «Эскимос елінің тұрмысынан алынып жазылған әңгіме. Аударған: Абайдың Тұрағұлы. Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасы. Мәскеу — 1928 жыл»- деп жазылған. Бұл кітапша «Киш туралы аңыз» деген атпен 1936 жылы Алматыда басылып шыққаны жайында мәлімет бар. Бірақ ол басылым әзіртабылған жоқ. Қ.Мұхамедхановтың алғысөзімен «Абай» журналының 1996 жылғы №3 санында жарияланған. Араб әрпінен түсірген Ғ.Сапаев.
«Антек қыран», Прусұлы Болеславтан» - шығармаларын поляк және орыс тілінде жазған Болеслав Прустің (шын аты-жөні — Александр Гловацкий) әңгімесі. Жоғарыда аталған жинаққа енген. Қ.Мұхамедхановтың алғысөзімен «Абай» журналының 1996 жылғы №3 санында жарияланған. Араб әрпінен түсірген Ғ. Сапаев. Бұдан басқа Тұрағұл Максим Горькийдің «Челкаш» әңгімесін аударған. Ол 1925 жылы «Таң» журналында басылды.
Қорғансыздар” (Әуезұлының „Бәйбіше-Тоқалына” тексеру) -– автордыњ өзі басқарма мүшесі яғни шығарушысы болған “Сана» журналының 1924 жылғы №2-3 сандарында басылған. Мақаланың соңында:«Егер «Бәйбіше-токалдың» идеясы, әсердің түрі осы айтылғандай деп танысақ, тексерушінің ендігі міндеті: жазушының ол мақсатын қандай дәрежеде орындай алғанын, пьесаның көріністерін, байланыстарын сол мақсатына үйлестіре алған, үйлестіре алмағанын қарастыру болмақ. Енді соны орындауға көшеміз. Даниял. (Аяғы бар)», — деп көрсетілген. Журналдың жабылуына байланысты мақаланың соңы басылмай қалды. Қолжазбасы сақталды ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Т.Жұртбайдың алғысөзімен 1986 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінде, сондай-ақ “Абай”журналының 1993 жылғы №6 санында жарияланды.
Үлкен бақшашының өмірі” - А.П. Чеховтің әңгімесі. 1926 жылы Мәскеудегі Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан 3.000 данамен басылып шыққан. Қ.Мұхамедхановтың алғысөзімен “Абай” журналының 1996 жылғы №4 санында жарияланды. Араб әрпінен түсірген Ғ.Сапаев. Сонымен қатар Г.И.Серебрякованың «Маркстың жас шағы», поляк-орыс жазушысы Бруно Ясенскийдің “Терісін ауыстырған адам” (“Человек меняет кожу”) атты романдары 1935 жылы Д.Ысқақовтың тәржімасымен қазақша басылып шыққаны туралы «Әдеби өмір шежіресінде» («Қазақ Совет әдебиетінің тарихы». Бірінші кітап, 1967) атап көрсетілген. Бірақ бұл екі аударма кітап әзірше табылмай отыр.
Төрт күн” - орыс жазушысы В.М.Гаршиннің «Четыре дня» деген әңгімесінің аудармасы. 1926 жылы Мәскеудегі Қазақстан мемлекет баспасының Күншығыс бөлімі 3.000 данамен басып шығарған. Қ.Мұхамедхановтың алғысөзімен “Абай” журналының 1996 жылғы № 4 санында жарияланған. Араб әрпінен түсірген Ғ.Сапаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет