Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет59/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Байланысты:
АЛКА

Осы қаулының қағаз үстіңде бос сөз болып қалмауы үшін ел азаматтары тырысар.
ТЕЛЕҒРАМ
ТҮРКСТАН АВТОНОМИЯСЫ


Қоқант. 2 декабір. 27 нойабырда Қоқантта уалаят мұсылман сиезі болды. Жерлі "Түркстан автономиясы" жарияланды. Халық шаттықпен қарсы алып тұр. Уақытша ұлт мәжілісі - жаңа үкімет сайланды. Ғинуарда Түркстанның ушередителни сабраниасы шақырылады.
Үкіметтің уақытша тұратын орны - Қоқант.
Хайратден Болғанбаев.
ҚОҚАНТ СЪЕЗІ ҺӘМ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ

Түркістан мұсылмандарының Қоқант шаһарында болған 4-ші жалпы съезі 27 нойабырда Түркстан аймағын жер-сулы автономиясы деп ағлан қылды. Бұл Түркістан аймағының ішінде біздің қазақ-қырғыз қоныс қылып отырған бірнеше облыстар бар. Олар: Сырдария, Закаспи, Самарқан, Ферғана һәм Жетісу облыстары.


Жоғарыдағы съездің Түркістан автономиясы туралы шығарған қаулысына қарағанда осы айтылған облыстардағы қазақ-қырғыздарда сол автономияның ішінде қылып, мұнан былай не күйде, не қалыпта болса да Түркістанның басқа жұрттарымен бірдей болмақшы.
Біздің Түркістандағы ағайындардың ұлт һәм тіршілік қалыптарына айналдыра ой жібермей, тосыннан адамдарға олардың жоғарғы съезд қаулыларынан шетке шығуына қапелімде һеш бір дәлел жоқ сияқты. Мұның үшін олардың Түркстан автономиясына қалай қараулары тиіс екендігін сөз қылу біраз орынсыз бір іс көрінуге де мүмкін. Бірақ ұлттардың ілгерідегі негізгі тіршіліктеріне ірге қаланып жатқан осы күнгі заманда мұндай үлкен мәселені әшейін тосын көзбен қарап қана өткізу қата. Автономия ағлан қылып оған кіретін һәр түрлі халықтардың ілгерідегі болатын тіршілік қалыптарын белгілеу оншама оңай мәселе емес. Сол автономияның ішінде тұратын барлық жұрттардың ілгеріде қызғылықты, еркін тіршілікке жетіп қуатты болулары яки болмаса мұнан былай теріс бағытқа бет алып, түбінде арманда болулары бәрі де осы мәселенің осы бастан дұрыс яки қата шешілуінен тұратын нәрселер.
Сондықтан Қоқанд съезінің қаулысы бойынша Түркстан автономиясында есеп қылынып отырған ол ағайындардың бұл мәселені егжей-тегжейіне шейін қарастырулары өте қажет. Оның үшін басқалардың көңілі қалып, өкпесі қабарарлық орын жоқ.
Бұл мәселенің жете қаралып, ақтара тексерілетін бір орны сол Қоқанд съезінің өзі еді. Бірақ онда бұл мәселе ортаға салынып талқыға түспек түгіл тіпті һешкімнің аузына да алынбай қалды. Тіршілік қалыптары һәм ұлтшылық салттары түрлі-түрлі болған бірнеше халықтарға бір тон пішіп, оларды бір қалыпқа соғамын деген съездің мұндай мәселені бүркеп, сөз қылмай өтуі үлкен кемшілік.
Қоқанд съезі бүкіл Түркстан аймағын автономиялы деп ағлан қылмақшы болған соң алдымен сол аймақтаѓы халықтардың бір қалыпқа сыя алар, сыя алмасын қарап тексеруге тиіс еді. Бірақ ол болмады.
Түркстан облыстарындағы біздің қазақ-қырғыздар туралы Қоқанд съезінің мұндай қата жолға түсуіне бірсыпыра себептер де болды. Бірақ ондай себептерге қарап мұндай зор қатаны үндемей өткізуге жол жоқ. Бұл съезде болмаса онан кейін түзетуге күтпейтін қата емес. Соның үшін әлі де болса бұл мәселені тексерудің уақыты өтпеген.
Қоқант съезі Түркістан мұсылмандарының жалпы съезі деп аталды. Бұған дауласудың қажеті жоқ. Бірақ онда жоғарыдағы облыстардың қазақ-қырғыз халқынан шақырылған өкілдер тегіс келмеді. Тегіс келмеді ғана емес, шеті Сырдария облысының бір-екі уездерінен съез......арнап жіберген өкілдер тіпті......Болды. Жетісу облысынан өкіл де келген жоқ. Самарқанд, Закаспи облыстарынан да солай болды. Мінеки жоғарыда айтылған себептердің бір үлкені осы.
Рас съезде өкіл жібермеген облыстардың да әшейін көлденең адамдар......басқа ұйымдардан өкіл болып келген кісілер болды. Бірақ олар халықтың съезге арнап жіберген өкілдері деуге болмайды.
Онан соң съезд Ташкентте болшеуиктер қожайын болып, Түркстанда шын хүкімет жоғалған мезгілде өткен съезд болғандықтан оның бірінші көздегені қайтсе де бұзақы болшеуиктерге қарсы бір қайрат көрсетуі еді. Сондықтан өзінің алдыңда......мәселелерін жайланып қарап отыруға оның уақыты өте шұғыл келді... Жалпықазақ съезінде тоғыз... сөз болып оңға, солға екшелеген автономия мәселесі онда бі...ішінде тәмам бола қоймайтын еді.
Соның үшін съезд бұл мәселені айнала......бірнеше сағаттың ішінде ұмар-жұмар қылып бүктеуге де... Осы себеп сықылды тағы да ... себептердің жөнінен ол съезде қазақ-қырғыз халқының Түркістан автономиясына кіре алып, кіре алмауы үн-түн жоқ жабұлы қалпында өтті. Сонысынан ол өз қаулысының ішінде Түркістандағы қазақ-қырғыздарды сыртынан билеп кіргізгендей болып шеттен қараушыларға оларды Түркстан автономиясында түпкілікті қалған сықылды көрсетіп отыр.
5-13 декабірде Орынборда болып өткен жалпықазақ съезі Алаш ұранды қазақ-қырғызды бірге қосып Алаш автономиясын ағлан қылуды кеңескенде Түркістан қазақ-қырғыздары туралы қаншама сөз болды. Съезд ойдағы, қырдағы Алаш балаларын бір тудың астына жиюға ұмтылғанда олардың Түркістанда бөлініп қалу ықтималы мәселені көп ауырлыққа жіберді.
Әрине, бұған себеп сол Қоқант съезінің қаулысы. Әйтпесе, Түркстандағы қазақ-қырғыз Алаш автономиясына қосылмай кетеді деп кім ойлар еді?
Қоқанд съезі Алаш ұлының бір шетін жырып алып отырған соң жалпықазақ съезі оларды тастап бөлек автономия ағлан қылуды әзірге лайық таппады. Әлі де болса олармен тілдесуге әдейі адам жіберіп алуға қаулы қылды. Осы ѓинуардың бесінде Түркістанда болатын қазақ-қырғыз съезіне Алаш ордасы бірнеше адам жіберіп отыр. Олар сонда бұл мәселені үзіл-кесіл ашып қайтпақ. Сонан соң бұл мәселе бүге болса да, шіге болса да Алаш автономиясы расқа оғлан қылынбақ.
Мен бұл орында Түркістандағы Алаш баласының Түркістан автономиясына кіру пайдалы ма, жоқ Алаш автономиясына қосылу артық па екенін айтайын деп отырғаным жоқ. Менің мақсатым - бұл мәселенің Қоқант съезінде тіпті қозғалтылмағанын көрсету. Бұл мәселе Қоқант съезінде ашылмай кеткен соң енді оны бастан-аяқ алдымыздағы Түркстан съезі шешуі тиіс.
Бірақ Түркістандық ағайындар Қоқант съезінің қаулысын өздеріне осы күннен міндетті көріп одан шығуды ауырсынуға орын жоқ.
Мұның себебі жоғарыда айтылды. Үйткені онда бұл мәселеніњ түп қожасы қазақ-қырғыз халқыныњ өз өкілдері толық болған жоқ.
ТҮРКІСТАННАН

Айдың күні аманында Түркістанның басқа жерлеріне аштық кірмей тұрғанда Әулие ата қазақ-қырғыздардың ашаршылыққа ұшыраған хабарлары болып еді. Бұл ашаршылық үстіне мұжықтардың да қазақ-қырғыздарды талап, қырып жатқанын 19-нөмір "Бірлік туы" газетінде оқыдық.


Бірақ оны жазған Төреқұл мырза Жанұзақ өзі мұжық болшеуиктерге қосылып, айтқанына көнбегендерді шетінен ұстап абақтыға жауып жатыр.
Не қылса да Әулие ата қазақ-қырғыздары мұжықтар зорлығына бір, өз болшеуиктерінің зорлығына екі, ашаршылыққа үш ұшырап өте жүдеулі.
Жақында Ташкентке жүз вагон астық келген еді. Оны басында болғандығын пайдаланып өзі алып еді. Әулие ата өкілдері зарлап жүріп екі вагон астық алған екен. Оны да болшеуиктер бастығы Күлесов тартып алып қойды. Ол Әулие ата болшеуиктерін есіне де алмапты.
Сірә, біздің қазақ-қырғыз болшеуиктері өз қара бастары үлкейгені болмаса, елге пайда келтіргендей басқа жерлердің болшеуиктеріне өтімі көрінбейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет