Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет57/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#196277
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
АЛКА


МҰҒАЛІМ ҺӘМ ШӘКІРТТЕР ЕСКЕРСІН




Қай жұрттың болса да өнер-білімсіз тарқы ете алмайтыны белгілі. Мұны айтып тұрудың да қажеті жоқ. Һәм тарқынын бірінші басқышын һәр жұрттың өз тілінде оқитын бастаушы мектептері екені де даусыз хақиқат.
Орынборда биыл өткен жалпықазақ съезі осыны ескеріп, бастаушы мектептер ана тілінде оқытылсын және де "Қазақ" емлесі қолданылсын деп қаулы шығарды. Бұл бізге міндет. Өйткені мұғалім оқыту жолына жүйрік болып, қолданған кітаптары балалардың ана тілінде, өз емлесінде болса, оқыту ісі жылдам ілгері баспақ. Сондықтан халқын ойлаған һәрбір мұғалім, шәкірт осы бастан-ақ түгел ескеруі керек. Әсіресе, бір күнде оқып жүрген шәкірттер "Қазақ" емлесімен танысып, оқыту жолдарын үйретуге ыждаһаттанулары тиіс.
Неге десеңіз біз - оқу, оқыту өнерлерінен кенжелеп кеш қалып, өзімізден жеткілікті мұғалімдеріміз жоқ болған жарлы халықтың біріміз. Соның үшін де бізге ең алда бастауыш мектептерді тарқы еттіріп өзімізден жетерлік, балаларға жақсы тағылым берерлік мұғалімдер шығару һәм шығу керек. Онсыз халықтың тарқы өсіп, ағаруының болмайтынына көзіміз жетеді. һәм жақын арада бүтін «Дала уәлаяты» мен «Түркстан уәлаятына» земстуо берілейін деп тұр. Земстуо берілген соң, ашылысымен қолына алатын істерінің бірі - оқу, оқыту жағымен мектеп ашу болады. Сол уақыт бізге жеткілікті. Сол тағылымынан хабары болған қазақ емлесіне жетік мұғалімдер керек.
Ендігі уақытта жоқ мұғалімді һәм мұғалімдік ғылымын үйретуші болмаған мынадай бір заманда ол күнде қайдан таппақ боламыз. Мұны мұғалім мен шәкірттеріміз ескерулері жөн болар еді. Бұл күнде Түркстанның әрбір шаһарында оқып жатқан шәкірттеріміз бар. Бұлар бұл күнге шейін сол тағылым ретінде ықыластарын бермей дін оқуларымен келеді. Бұлардың бұлай оқуларынан халқы, кейінгі інілері заманаша көп пайда ала алмайды. Сондықтан Түркістан өлкесіндегі шаһарларда оқып жатқан шәкірттер мен ел ішіндегі мұғалімдерге мұғалімдік ғылымымен таныстыратын аз уақыттық бір "мұғалімдер курсы" керек-ақ. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды» дейді. Егер талабы бар мұғалім, мұғалімдікке шаһәдатнама алып, ұлтына қызмет тілеушілер болса, Ташкентте “Бірлік туы” газетінің басқармасында тұрған азаматтарымызға білдірсе, бұлар бір жол көрсетер еді. Мүмкін болса Ташкентте курс ашып, өздері қызметімізде де болар еді деп ойлаймыз.
Қысқасы: бұл мәселе - Түркістан ұлысындағы шәкірттер мен ел арасының ескерерлік бір мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет