Ұлтына қамқор Елбасы



Дата05.11.2016
өлшемі102.68 Kb.
Ұлтына қамқор Елбасы

Мақсаты: 1-желтоқсан- Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу;Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.

Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу.

Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайдтар, үнтасла, Елбасының портреті, тәрбие сағатының тақырыбы.

Барысы:

1-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр кеш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар ақ пейілді көпшілік! 2-жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған!

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай еліміз бойынша апталық жоспарланып, саллтанатты жиын, спорттық жарыстар, кітап көрмесі, тақырыптық кеш ұйымдастырылады. Біз де өз мектебімізде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында кеш өткізіп отырмыз. Құттықтау үшін сөз кезегін директордың міндетін атқарушы Шажлиева Рабиға Олжатаевна береміз.

1-жүргізуші: Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр?

1-жүргізуші Өйткені 1991 жылы 1-желтоқсанда Ресублика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

2-жүргізуші: Ал біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы не білеміз?

1-жүргізуші Ендеше осы жайлы білу үшін экранға назар аударайық, (Осы кезде экранда слайд көрсетіледі ) Балалық шағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы обылысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында өмірге келген Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз –маз өнімдерін сатып,үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепте жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты талантты тұлғаның халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу,оны сезбеу мүмкін емес еді.

Ел үшін көтеріп нар жүгін де,

Сенімі нық сезілетін үнінде,

Аты озған дүниедегі дүбірде

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1-оқушы:

Болашағы Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы,

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,

Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

2- оқушы:Асқақ болып еліміздің жалауы,

Мәңгі жансын Тәуелсіздік алауы.

Еңбек,достық,бейбітшілік ,береке,

Қазақстан Республикасының қалауы.

3-оқушы:


Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

Халқым менің Елбасыны қолдайық,

Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған

Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев.

(Осы кезде экранда слайд көрсетіледі).

1-жүргізуші:Жұмысшы Нұрсұлтан.

Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.Нұрсұлтан Әбішұлы шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

2-жүргізуші:Президенттің саяси өмірбаянының бастауы.

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургия комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.1991 жылы1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1-жүргізуші:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.

2-жүргізуші:1992 жылы4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

1-жүргізуші: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға еңді.

2-жүргізуші: 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз Қр-ның тұңғыш Ата заңы қабылданды.

1-жүргізуші:1998 жыл 10 маусым.Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі,ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.

2-жүргізуші: 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран қабылданды. «Егемен елім» әнұраны жаңарды. «Менің Қазақстаным» әні жер жүзіне таралды.Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

1-жүргізуші:

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен, кіші, ағайындар бәріміз «Үлтым, елім»деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ауыр күнді артымызға тастауы- Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілін, дінін, ұлтын қайта көтерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

«Бес нәрсеге асық бол»

Сабақтың мақсаты:оқушыларға Абайдың «Ғылым таппай мақтанба»өлеңіндегі бес асыл қасиет/талап,,еңбек,терең ой,қанағат,рақым/жөнінде кең түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке,инабатты болуға,еңбексүйгіштікке баулу арқылы тәрбие беру.

Сабақтың түрі: іздену,ойлау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың суреті,ұлағатты сөздер, слайдпен жұмыс,қара сөздері,бейне клип: «Желсіз түнде жарық ай»,түрлі түсті доптар.

Пәнаралық байланыс:өзін-өзі тану,ана тілі,музыка.

Сабақтың барысы

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,құрметті оқушылар мен ұстаздар!Бүгінгі біздің «Жеті жетекші» бағыты бойынша өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Тәрбие сағатымыздың тақырыбы –« Бес нәрсеге асық бол»,яғни ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтан ба» өлеңіндегі бес асыл қасиет туралы болмақ.Тәрбие сағатымыздың бастамасын бір-бірімізге деген әсем де көңілді жүректен шыққан жылу маржан сөздермен бастасақ деймін.

«Шаттық» шеңбері.

Бес асыл қасиет



  1. топ. «Талап»

  2. топ. «Еңбек»

  3. топ. «Терең ой»

  4. топ. «Қанағат»

  5. топ. «Рақым»

-Қане,балалар,ең алдымен,ұлы Абай Құнанбай 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірі,Шыңғыстау баурайы,Қасқабұлақ бойында дүниеге келген.1904 жылы жаз айларында дүниеден өткен /60 жасқа қараған шағында/

Тәрбиеші: Абайдың бізге таныс қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Желсіз түнде жарық-ай»,Айттым сәлем ,қаламқас», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,қара сөздері,Ғылым таппай мақтанба»т.б.

Тәрбиеші:Балалар,осы соңғы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім мәнерлеп жатқа айтқысы келіп отыр.

Мақсат: Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз...

Тәрбиеші: Енді осы өлеңдегі бес асыл қасиетті кім теріп айтар екен?

Бес асыл қасиет /әр топқа карточка қоямын/Осы бес асыл қасиетті айта отырып,біз нәтижесінде үлкен үйімізді салуымыз керек.Егер әр команда өз сұрақтарына дұрыс жауап айтса үйдің барлық құрлысы аяқталып, үйіміз дайын болады.

1.Талап


2.Еңбек.

3.Терең ой.

4.Қанағат.

5.Рақым.


Ең алдымен талап туралы сендерге айтып өтейін.Адам өмірінде өз орнын табуда талапты,қабілетті,еңбекқор,ізденгіш болуы қажет.Адам өзінің ынта-ықыласы,жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.Міне сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2050 стратегиясында жастарға үндеуінде талап қоя біл,ізден,білім ал дейді.

1-команда өз ойларын қосады.

«Таудай болса талабың,

Бағың болып жанамын».

Тәрбиеші қорытындылап отырады.

Тәрбиеші:Екінші асыл қасиет –еңбек.

Адам ерінбей еңбек етудің арқасында қуанышқа,шаттыққа бөленеді.Еңбексүйгіштік,еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.Еңбек туралы 2-команданың білетінін тыңдайық.Лондон олимпиадасы туралы мысал ретінде слайд көрсету. «Еңбекпен тапқан нан тәтті»

Тәрбиеші қорытындылайды./Үйдің қабырғалары тұрғызылады/

Тәрбиеші.Үшінші асыл қасиет- терең ой.

Адам ойлылығын іс-әрекетінен,ақылынан көруге болады.Әр ісін ойлап,ақылмен істеген адам өз мақсатын айқын көріп,мұратына жете алады.Өз ортасына сыйлы болады.

3-команда ойларын қосады. «Бой жетпеген жерге ой жетеді» ./Үйдің шатыры құрылады/

Бой сергіту мақсатында: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні айтылады.

Тәрбиеші: Төртінші асыл қасиет-қанағат.

Төзімділікке үйрену ,барға қанағаттану,қиындықты жеңе білу,ұқыпты,тиянақты,табанды болу адамның өмірден өз орнын табуына көмектеседі.

-4-команданың ойын тыңдасақ.

Мысал келтіру арқылы түсіндіреді.

«Қанағат қарын тойғызар».Балалар үйінен мысал келтіру.

/Үйдің терезелері қойылады/.

Тәрбиеші:Бесінші асыл қасиет – рақым.

Басқа адамның кемшілігін,қателігін кешіру және өз қатесін түсініп,мойындап кешірім сұрау- адам бойындағы жақсы қасиет.

5-команда өз ойларын қосады. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос.

Тәрбиеші қорытындылайды.

-Міне,біздің үйіміз де салынып бітті.Ендеше осы бір шаңырақтың астында Абай атамыз айтып кеткен осы асыл қасиеттердің бәрін бойымызға сіңірген Қазақстан көп ұлтты бауырына басқан,татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел.Бүгінде елімде түрлі ұлт өкілдері тату –тәтті өмір сүруде.Кеше ғана елімізде болып өткен халықтар ассамблеясының 20 сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің татулығын біріктіретін бірден бір мәселе- мемлекеттік тілді барлық ұлт өкілдері үйренуіміз қажет деді.Біз болашақ Қазақстан мемлекетінің ұландары халқымыздың тату бейбіт бір тудың астында өмір сүруіне

кәміл сенеміз және оған атсалысамыз.

Бәрі:Сары,ақпыз,қарамыз,

Бір қалада тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Бәріміз де баламыз.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан,-дей отырып,бүгінгі ашық сабақты тәмамдаймыз.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен, кіші, ағайындар бәріміз «Үлтым, елім»деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ел үшін көтеріп нар жүгін де

Сенімі нық сезілетін үнінде. Аты озған дүниедегі дүбірде Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1-оқушы

Болашағы Қазақстанның алдағы, Орындалсын қазағымның арманы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

2- оқушы


Асқақ болып еліміздің жалауы, Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы. Еңбек, достық, бейбітшілік, береке, Қазақстан Республикасының қалауы.

3- оқушы


Еліміздің тыныштығын ойлайтын, Халқым менің Елбасыны қолдайық, Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған, Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев.

4- оқушы


Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.

5- оқушы


Ауыр күнді артымызға тастауы- Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілін, дінін, ұлтын қайта көтерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет