Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет55/86
Дата05.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#14445
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
3. РОЗАЛИЯНЫҢ ӨЛІМІ

Антектің жасы онға келгенде сегіз жасар қарындасы Розалия қатты ауырды. Күн батқаннан жатып калып, келесі күні оянбады. Еті ыстық, көзі күңгірт, сандырақтап сөйлейді.


Шешесі басында қасақана жатыр деп ойласа да, денесіне сіркенің суын жағып, келесі күні жусан суын берді. Бірақ одан жазылмады. Сонан соң бар үйінің ішін ақтарып-төңкеріп жүріп алты тиын әрең тауып алып, қаладағы тамыршы құшынаш қатынды шақырып алды. Тамыршы қатын науқасты айландырып қарап, айланасындағы еденге түкіріп, кызды азырақ майлады да, онан да жазылмаған соң шешесіне:
- Біліс, пешіңді жақсылап қыздыр, кызың терлейді, дерті кетеді.
Бәйбіше пешін кыздырып, пештен отын шығарып ендігі әмірін күтті, Құшынаш:
- Жарайды, енді қызды қарағай тақтайға отырғызып, пешке кіргізсек, әзір жазылып науқасы қолмен алып тастағандай болады,- деді.
Розалиянық қашқанына қарамай, тақтайға жатқызып, ыстық пешке тықты.
Бұл сықылды емнен Розалия тез өлді. Ауылда бір адам қыздың неден өлгенін білген жоқ.
Ауылдағы адамның өлімі таңырқарлық жұмыс па, бұйрығы осылай шығар десті.
Үшінші күні, қызды жаңа табытқа салып қара креш шегелеп, қос өгіз жеккен арбаға салып қаладан шығарып, шіріп біткен креш пен ақ қайың ғана күзеткен (зиратқа) алып жүрді.
Екі кызметшіні жіппен көрге тастап жерлеп істі бітірді.
Жапырағы жамыраған қойдай шуылдаған тоғайлы тау, айналасындағы ағашымен баяғы қалпында қала берді.
Малшылар баяғы сыбызғыларын тартып ойнап, өмір ескі арнасымен ағып жүре беріп, қыстаудың жалғыз қызы ғана кеміді.
Бір жұмадай әңгіме етісті де, онан кейін ұмыт болды. Жас қабірге (көрге) жалғыз жел ғана соғып шуылдап, айналасындағы шегірткелер шырылдап жүрді.
Біраздан (соң) қар жауып бұларды да қуып жіберді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет