Алдаберген Мая
Фок
-200
тобының студенті
Практикалық тапсырма
1.Ми бөлімдері және жұлын олардың атқаратын қызметі
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және
қызметтеріне
байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
:
1.үлкен ми
2.аралық ми
3.ортаңғы ми
4.артқы ми
5.сопақша ми
Сопақша ми
тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан
жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік мидың 4
-
ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8
-12-
ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4
-
ші қарыншасының түп
жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары,
нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс
алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол
жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми
екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп
атайды.
Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы
мимен шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6
-7-8-
ші ми жүйкелерінің түбірлері
басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек
адамдарда 120
-
150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен
ми сыңарының
шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы
саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды
біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат
мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде
орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі
-
денені
қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті
рефлекс жолымен басқару.
Ортаңғы ми
мидың сабақшасынан төрт төмпешіктен,мидың қуысы ми суағарынан және
ми бүркенішінен құралады.Төрт төмпешіктер мишықтың алдыңғы жағында жатады,оның
алдыңғы екеуінде бағдарлап көру орталығы, артыңғы екеуінде бағдарлап есту орталығы
жатады. Ортаңғы мидың ақ затының арасында күңгірт заттар жатады. Оларды орталық
сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция деп бөледі. Ортаңғы мидың ішкі қабырғасында
3,4-
ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады . Қуысы
-
ми суағары
-
ұзындығы 1,5 см
келетін жіңішке өзек .Ол мидың 4
-
ші қарыншасын 3
-
ші қарыншасымен байланыстырып
тұрады. Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады.Аралық
миға таламус(көру төмпегі)пен гипоталамус және оның ішкі қуысы мидың 3
-
ші
қарыншасы
жатады.Таламус аймағы нағыз таламус,артқы таламус және эпиталамус
аймақтарына бөлінеді .Таламуста 40 шақты ядро ,әртүрлі орталықтар
болады.Гипоталамуста дене қызуын реттейтін ,зат алмасуды реттейтін ,ішкі бездерге әсер
ететі н 32
-
ден астам ядро лар орналасқан.
Үлкен
ми
–милардың ішіндегі ең үлкені ,ол ми сауытының едәуір бөлігін толтырып
тұрады.Үлкен миды тік бағытта дәл ортасынан терең ұзынша жүлге мидың екі сыңарына
бөледі.Оларды оң және сол жақ ми сыарлары деп атайды.Бұл ми сыңарлары дәнекер ақ
дене арқылы бірігеді.Әрбір ми сыңарының ішінде бір
-
бірден қуыс болады .Ол қуыстар
мидың 1
-
ші және 2
-
ші қарыншалары немесе бүйір қарыншлары деп аталады. Мидың
ұзын
жүлгесі шүйде тұсында көлденең жүлгеге тіреледі.Әрбір ми сыңарында жүлгелер
иірімдер болады.
Аралық ми
—
пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасының (қуысының) қабырғасын
құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі.
Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі —
таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және
төмпекүсті бөлігі —
эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған
таламустың орталық ядроларында жұлыннан жəне сопақша мидан келетін өрлеме
сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар
жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус
бөлігі (көру төмпегі)
-
орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал
өткізгіш
жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен
байланыстыру
қызметтерін атқарады. Гипоталамус —
аралық мидың көру жолы, сүр
төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус
-
үшінші
ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған.
Жұлын
-
адам мен омыртқалы
жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан
орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцетниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған.
Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап,
жұлын жүйкелері
иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа
жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған.
Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары
сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара
бастайды. Құстардың жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық
аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде жұлын күрделенген
пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын
орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл
жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін
көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы –
адам тәрізді маймылдарда,
әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы
тұсынан басталып, 1
-, 2-
бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5
сегізкөз және 1 –
3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда
жұлынның ұзындығы 4
1
–45 см
-
дей, салмағы 26–28 г
-
дай, қалыңдығы 1 см
-
дей. Жұлын
сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы
қуыста
жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның
ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек
сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең
қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың
сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі.
Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және
одан шығатын импульстерді
өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Жұлынның ақ заты сұр затын қоршап тұрады. Сұр заттың алдыңғы және артқы түбiрлерi ақ
затты тең арқа тұс (дорсальдi), бүйiрлiк (латеральдi), iшкерi (вентральдi) бауларға
(funiculus) бөледi. Ақ зат жүйке талшығынан (көбiнесе миелиндi) тұрады, ол жұлынның
ұзына
бойында орналасып, өрлеме, төмендеушi өткiзгiш жолдарын құрады. Кейiнгiлер
бiр
-
бiрiнен дәнекер ұлпаның жұқа қабаты, астроциттермен бөлiнедi. Өткiзгiш жолдар
проприо
-
және супраарқалық деп аталып, екi топ құрады. Алғашқы (проприоарқалық)
өткiзгiш жолдар
-
жұлынның меншiктi өткiзгiш жолы, байланыстырушы нейрондар
аксонынан құрылып, жұлынның әр бөлiгi арасындағы байланысты iске асырады. Меншiктi
жолдар бүйiрлiк, iшкерi баулардың құрамында болып, негiзiнен ақ және сұр зат
шекарасында өтедi. Супраарқалық өткiзгiш жолдар жұлынды бас миымен
байланыстырып, өрлеме жұлын
-
ми, төмендеушi ми
-
жұлын жолдарын қосады.
2. Орталық жүйке жүйесі, оның бөлімдері және жіктелуі
Орталық жүйке жүйесі
(systema nervosum centrale)
–
адам мен жануарлардың жүйке
жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі
бөлігі.
Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір
-
бірімен тізбектеле орналасқан жүйке
түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі
организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады.
Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (
12
жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке
түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену
процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке
талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері
өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері –
орталықтан тепкіш
(эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді.
Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі –
рефлекстің жүзеге асуын
қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы –
Орталық жүйке жүйесінің өз
ішіндегі, сондай
-
ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен
байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде
сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық
еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл
-
қозғалысын, сыртқы ортада бір
жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан –
айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми
қыртысынан
шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы
бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың
қызметін, зат алмасуды, өсіп
-
өну процестерін реттейді. Вегетативтік жүйке жүйесінің
парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның
сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І –
XІІ
кеуделік, І –
ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп
басқаратын жоғ. вегетативтік орталық –
мидың сұр затының құрамында болады. Адам
мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және
қыртыс асты (базальді) ядролары
Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы
болып табылады. Адамның мінез
-
құлқы, оның санасы мен ақыл
-
ойының ең күрделі
көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
3. Синапстар,оның қызметі.
Синапстер
(греч. Synapsis –
қосу, қосылыс, байланыс ) –
қозғыш жасушалар арасындағы
функционалдық байланыстар. Сигналдарды өткізеді және оларды өңдеп өзгертіп
отырады. Синапстер нейрондардың бір
-
бірімен қатысына мүмкіндік туғызып, нерв
жүесінің, ми қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Синапстер пресинапстық (синапс
ұшы), синапстық саңылау (екі клетканы бөліп тұрады), постсинапстық (хабар қабылдаушы
клетка бөлігі) бөлімдерден тұрады. Нейронаралық Синапстер көбінесе бір жүйке
клеткасының аксонының ұшы мен денесінен және екінші бір клетканың денесінен немесе
дендритінен не аксонынан құрылады. Осы құрылысына қарай олар аксо
-
соматикалық,
аксо
-
дендриттік, аксо
-
аксондық синапстердеп аталады. Кейбір клеткаларда өте көп
(мыңдаған)жеке пресинапстық талшықтар аяқталса, екінші біреулерінде не бары бір
-
ақ
синапс болады. Синапстер қоздырушы, тежеуші синапстер деп бөлінеді және бұл процесс
химиялық және электірлік жағдайлар арқылы іске асады.
Синапс 3 бөлімнен тұрады: пресинапстық (синапстың алдындағы), синапс саңлауы және
постсинапстық (синапстың соңындағы) бөлімдер. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық
мембранасы бар. Пресинапстық мембрана неиронның аксонының жуандаған ұшы —
синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші
синапстық көбікке толы болады.
Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялык заттан тұрады (лат. медиатор —
делдал, арада жүруші). Қабылдаушы нейронның пресинапстық бөлімімен жалғасатын
жерінің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және
постсинапстық мембраналардың арасында синапс
с а ң л а у ы болады. Ол —
клетка
аралық сұйыққа толы кеңістік. Әрбір
нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті
бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал әрбір нерв талшығы 10 мыңға дейін синапс түзе
алады. Қазіргі
кезде жұлын мен мидың түрлі бөлімдерінде 2 түрлі синапстар бар екені
анықталды: қоздырушы және тежеуші синапстар. Орталық жүйке жүйесіндегі тежеуші
нейрондардың аксондарының ұштарында тежеуші медиатор болады да, ол қабылдаушы
нейронға тежеп әсер етеді. Ми сыңарларының қыртысындағы нейрондарда амин май
қышқылы (ГАМК) тежеуші медиатор ролін атқарады. Әрбір
нерв клеткаларында көптеген
тежеуші және қоздырушы синапстар болады. Бұл нерв әрекеттерінің бір
-
бірімен
байланысты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Нерв талшығы арқылы келген қозу
синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп, синапс аралығына
құйылуына
түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта
диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық
мембранада медиатордың әсері
қайтадан қозуға айналады. Адамның миы нәтижелі
еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде
синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
4. Ми сыңарларының кызметі туралы кесте дайынданыз
Достарыңызбен бөлісу: |