Алдағы - жыл ішінде Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындық мемлекетті технологиялық сипаттағы шараларды қолдану қажеттілігіне алып келді



Дата08.02.2022
өлшемі14,75 Kb.
#118881
Байланысты:
аймак экономикасы принцепі


Алдағы 1– 2 жыл ішінде Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындық мемлекетті технологиялық сипаттағы шараларды қолдану қажеттілігіне алып келді. Өйткені онсыз халықаралық стандартарға сәйкес тауар шығару мүмкін емес. Бұл жағдайда аймақ экономикасы дамуының кластерлік моделі салыстырмалы басымдықтар жасауға мүмкіндік береді және ол басымдықтардан кейін бәсекелестік басымдықтарға айналады.
Аймақ экономикасы дамуының кластерлік принципі жоспарлы экономика жылдары құрылып, дамыған территориялық - өндірістік кешендер (ТӨК) – теориясына негізделеді. Мысалы, шектелген территориада бір- бірімен технологиялық байланыстағы кәсіпорындардың бірігіп қызмет етуі. Оларбелгілі бір өнім шығаруда бірінен кейін бірі кезекпен өндірістік өз жұмысын атқарады. Шикізат табудан бастап тіпті дайын өнім өндіруге дейінгі.
Осылай басым факторларды, аймақтың табиғи жағдайларын және көлік пен коммуникация дамуын ескере отырып бір топ кәсіпорындарды территориалық- өндірістік кешенге (ТӨК) біріктіру дегеніміз- ол инвестициялық салымдардың өсуіне, ағымдағы шығындардың азаюына, еңбек ресурстарын әлдеқайда пайдалы етуіне әкеледі. Міне осындай маңызды жағдайлар: кәсіпорындарды белгілі бір территорияға жинақтап, қызмет көрсетудің барлығына бірдей көлік- қоймалық жүйесін жасап, жалпы энергетикалық шаруашылығын және инженерлік коммуникациялар, байланыс турлерін, өртке қарсы және апаттық қызметтерді ұйымдастыру- осылардың барлығын дұрыс ұйымдастырып жасағанда жақсы жетістіктерге жетуге болады.
Территориалық кешендерге кіретін кәсіпорындарды дұрыс (пайдалы) таңдау технологиялық процесс схемасын дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды. Мысалы, бір өнімді әр турлі шикізаттан және әр түрлі жолмен жасауға болады. Әрбір жағдайда технологиялық процесте ұйымдастыру мен өндірісті орналастыру талаптары әр түрлі болады.
Осылайша бір территориалық - өндірістік кешенге (ТӨК) өндірістік кәсіпорындарды орналастыру тек өндірісте ғана емес, сонымен қатар, қосымша, яғни қызмет көрсетуде де көмегін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет