Ұйымдар (кәсіпорындардың) қызметінің экономикалық тиімділігі



Дата18.12.2021
өлшемі16,36 Kb.
#103157

Ұйымдар (кәсіпорындардың) қызметінің экономикалық тиімділігі

- Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні және оның түрлері

- Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі

- Өндірістің салыстырмалы тиімділігі: мәні және оны анықтау әдістері

Өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:
E = П * 100 / K = ( Б - ӨҚ ) * 100 / K
Мұнда: E – жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері, %;

П – жылдық пайда, теңге;

K – пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;

Б – өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;

ӨҚ – бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге.

Күрделі салымдардың өтелу – бұл кәсіпорынның болашақта табатын пайдасы жұмсалған күрделі салымдар шамасына жету үшін қажетті болатын уақыт мерзімі. Өтелу мерзімінің көрсеткішін қаржыларды салудан кейінгі уақыттың белгілі бір кезінде оларды өтеудің қарқындылығы сипаттайды:


ҚМ = К/Па,
мұнда: ҚМ – күрделі салымдардың өтелу мерзімі, жыл;

Па – салықтары шегерілген, бірақ амортизацияны ескеретін жылдық пайда, теңге.

Өндірісті дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша топтастыру шығындар мен ресурстарды пайдаланудың нәтижелілігін көрсетеді және келесі факторларды қамтиды:

∙ өндірістің дамуын мемлекеттік реттеу жүйесі;

∙ ғылыми - техникалық серпілістікті жеделдету және ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріске кеңінен енгізу;

∙ өндірістің салалық құрылымының тиімділігі;

∙ шоғырландыру, мамандандыру, бірлесу және үйлестірудің негізінде өндірістің салалық және аймақтық ұйымдастырылуын жақсарту;

∙ өндірістік кадрлардың мәдени – техникалық және мамандық деңгейін арттыру және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың жолдары – бұл берілген бағыттарда өндіріс тиімділігінің өсуі жөніндегі нақты шаралар кешені. Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары төмендегідей:

- еңбек сыйымдылығын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру;

- өнімнің материал сыйымдылығын төмендету және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану;

- өнімнің қор сыйымдылығын төмендету және кәсіпорындардың инвестициялық саясатын белсендіру.

Есеп





Көрсеткіштер

2015

2016

ауытқуы (+;-)

1

2

3

4

5

1

Таза табыс (шығын) мың тг

37,03

45,08




2

Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың тг

15327,81

12666,25




3

Өнімді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен табыс, мың тг

42228,38

45325,4




4

Жалпы активтердің рентабельділік деңгейі, % (1/3*100)










5

Өнімді өткізу мен қызмет көрсетудің рентабельділік деңгейі (1ж:3ж)*100%










6

Жалпы активтердің айналымдылық коэффициенті (3ж:2ж)










Тест

1. Өтелу мерзімі – бұл... қатынасы

А) күрделі шығынның өткізу көлеміне

В) күрделі шығынның шартты-жылдық үнемге

С) күрделі шығындардың жыл соңындағы үнемділікке

Д) щығындардың тауарлы өнім көлеміне

Е) щығындардың жалпы өнім көлеміне

2. Өндіріс тиімділігінің жалпылама критериі:

А) жалпы табыс

В) таза табыс

С) еңбек өнімділігі

Д) өнім өткізуден табыс

Е) өткізілген табыс

3. Сапасыз өнiмдi нарықтан шыгаратын объективтi процесс, бұл:

А) техникалық бақылаудың ұтымды ұйымдастырылуы

В) бәсекелестiк

С) өнiм сапасының арттырылуы

Д) шагын өнiм өндiрушiлер арасындагы күрес

Е) монополистер арасындагы тартыс

4. Бағаның қалыптасуына келесі факторлар әсер етеді

А) Сатуға арналған дайын өнім

В) Салықты мемлекеттік реттеу

С) Негізгі қорлардың жылдық орташа құны

Д) Өнімнің сапасы және тұтыну қасиеті

Е) Кәсіпорындағы қаржы мөлшері

5. Бағаның қалыптасуына келесі факторлар әсер етеді

А) Салық түрлері

B) Өнімнің өзіндік құны

C) Кәсіпорынның пайдасы

D) Жұмысшылардың жалақысы

E) Дивидент мөлшері

6. Жыл басында сатылған өнімнің қалдықтары 1000 дана, тауарлы өнім көлемі 8000 дана, жыл соңында сатылған өнімнің қалдықтары 200 дана. Сатылған өнімнің көлемін анықта

А) 6800

В) 7800


С) 9200

Д) 8800


Е) 9000

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет