Алькеева А. Т. ТоөЖ тапсырма №2 Шағын жинақталған мектептің ерекшелігі


Мектептің нарықтық қатынастарға белсенді қатысуы жағдайында жұмыс істейтін қазіргі заманғы мұғалімді менеджер ретінде қарастыруға бола ма? Неге?



бет5/6
Дата22.05.2020
өлшемі55,02 Kb.
#70454
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алькеева А.Т.№2 тапс

2.Мектептің нарықтық қатынастарға белсенді қатысуы жағдайында жұмыс істейтін қазіргі заманғы мұғалімді менеджер ретінде қарастыруға бола ма? Неге?

Иә мұғалімді қазіргі білім беру аясында менеджер ретінде қарастыруға болады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалім , ол – педагог, ұстаз, менеджер, психолог. Қазір әріптестеріміздің көбі ақпараттық технологияны пайдаланады. Өйткені ол – қажеттілік. Яғни қазіргі қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптас-қан мамандарды талап етіп отыр

Мұғалімнің негізгі міндеті-сабақ үрдісін ұйымдастыру, жаңа технологияларды қолдану ғана емес, керсінше, ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өзіндік таным біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер болуға тиісті.Педагогикалық Білім Концепциясында « Мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп, оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген.Қазіргі жаңа формация мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай,оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестір-ушісі бола білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруда жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, бір сөзбен айтқанда кәсіби құзіретті ұстаздың қалыптасуын үздіксіз дамытуды қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет