Александр бек



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата21.05.2022
өлшемі4,5 Mb.
#144437
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 5190762500303361851
1 !15-БЖБ Қазақстан тарихы 6-сын қаз, sikca-sorulan-sorular, docx1538507230, Аминдер.Амин қышқылдары, 3BE840B3-8663-48BD-A1BE-ADCD9BD9AFF0, 3 сағ ЖМБ төм 11 кл
Үшінші хикаят
Синченко, атты әкел! ............................................................................. 283
Дивизия штабында ................................................................................. 296
Батальон түнекте .................................................................................... 310
Түн ........................................................................................................... 324
Таңғы тұман ............................................................................................ 340


Волоколамск тас жолы
4
Волоколамск берілді .............................................................................. 347
Шегіну. «Беломордың» соңғы қорабы ................................................. 359
Үлкен нүктеден кейін ............................................................................ 368
Үшеуіміз тілдесеміз ............................................................................... 374
Көпір түбіндегі түн ................................................................................ 382
Қазанның жиырма сегізі ........................................................................ 394
Жоғары медициналық білім .................................................................. 413
Горки деревнясы ..................................................................................... 424
Дивизия командирі жұмыс үстінде ...................................................... 437
Алтын басты болсаң да.......................................................................... 454
Неге, не үшін келді екен? ...................................................................... 465
Он бес тамшы ......................................................................................... 476
Төртінші хикаят
Әйел қатардан шықсын! ........................................................................ 485
Панфилов түстенуге келді ..................................................................... 503
Таза қырынудың құпиясы ..................................................................... 518
Бесінші бойынша даярланыңдар! ......................................................... 531
Қарсаң. Матренино станциясы ............................................................. 538
Қарсаң. Горюны ...................................................................................... 547
«Бұлай ұстау – айырылу деген сөз» ..................................................... 553
Жыртқыш құстарды осылай аулайды .................................................. 571
Соңғы кездесу ......................................................................................... 594
Қарашаның он сегізіне қараған түн ..................................................... 621
Тағы да үш күн ....................................................................................... 638
Ол мәңгі өлмейді .................................................................................... 658
«Әлем біздің кім екенімізді білгісі келеді» .......................................... 667


5
Ерліктің оқулығындай
Ерліктің оқулығындай
К
ез келген құбылысқа түрлі заманалар тезінен кейін қайта 
қарап, жаңаша көзқараспен безбендеуге тура келетіні заң-
дылық болса керек. 
Орыс жазушы Александр Бектің атақты «Волоколамское шос-
се» кітабының жаңа аудармасымен таныса отырып, осындай 
ойға келдім. 
Бүгінге дейін бүкіл әлемді шарлап үлгерген осынау теңдессіз
шығарманы ана тілінде алғаш Құрманбек Сағындықов сөйлеткені 
мәлім. «Арпалыс» атымен жарияланған бұл кітап әр кезеңдерде, 
яғни 1948, 1959, 1977, 1985 жылдары төрт рет басылып шығыпты. 
Осы кезең аралығында қазақтың тіл мәйегі қанына сіңген ескікөз 
журналист, білікті аудармашы Құрманбек ағамыздың бұл еңбегі 
бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп, халықтың жүрегіне ізгілік 
нұрын сеуіп, даңқты Бауыржан Момышұлындай асқар тау, заңғар 
тұлғаға деген ел сүйіспеншілігін арттырды. 
Қарап отырсақ, «Арпалыс» алғаш жарық көргелі арада жет-
піс екі жыл өтіпті. Одан беріде қаншама дәуір өзгерді, қоғамдық 
формация ауысты, Қазақ елі Тәуелсіздігін алды, дүниетаным 
аясы кеңіді. Сол себепті, бұл аудармаға да қайта оралу – заман 
талабы екен. 
Құрекең де қазіргі аға буын секілді совет дәуірінің өкілі ретін-
де сол кезең идеологиясына сай өз заманынның патриоты болға-
ны түсінікті. Соның айғағындай, мәселен, «Арпалыс» кітабында 
«Волоколамское шоссе» мәтінінен де тыс: «...Бірақ қазірде бұл 
мақалдар біздегі өмір шындығына сай келмейді. Өйткені Совет 
елі барлық ұлттар мен халықтардың, олардың ұл, қыздарының 
біртұтас атамекеніне, сүйікті Отанына айналды. Ұлты мен нәсіле 
қарамай, бәрінің терезесі тең, бастарына қонған бақыт та, қол-
дарына тиген бостандық та – бәрінің ортақ игілігі». «Бізде мы-
рза деген атымен жоқ! Басқа біреу қалай әсем киінсе де, қандай 
әдемі машинаға мініп жүрсе де, мен өзім қара жаяу болсам да, 


Волоколамск тас жолы
6
тереземнің теңдігіне, қасиетім мен намысыма бұдан әсте нұқсан 
келмейді. Сондықтан мен үшін ешкім де мырза емес». «Советтік 
Отанымды жанымдай жақсы көретін себебім міне осы! Мен ғана 
емес, бәріміз – еліміздің барша ұл, қыздары, бүкіл совет халқы – 
осылай ойлаймыз, осы оймен өмір сүріп, жарқын болашағымыз 
үшін жан аямай күресудеміз» дегендей жолдар кездеседі. («Ар-
палыс», Алматы: «Жалын» баспасы, 1985 жыл. 347-348 б.б.). 
Ал жазушы Құлтөлеу Мұқаш аудармасындағы «Волоколамск 
тас жолы» ең алдымен мұндай сарыннан алшақтығымен ерекше-
ленеді дер едік.
Одан соң, кейінгі тәржіманың пішін жағынан да, мазмұн 
жағынан да түпнұсқаға мейлінше жақындығы байқалады. Құр-
манбек Сағындықов ағаның «Волоколамское шоссе» деген кітап 
атын «Арпалыс» деп алуының өзінен шығарманы еркін аударға-
нын түсінеміз. Осы секілді о кісі іштегі елуден аса тараудың 
тақырыптарын өзгертіп, олардың әрқайсының астына өз жа-
нынан эпиграф ретінде мақал-мәтелдер қосқаны белгілі.
Көркем аударма ісінде «шығарма сырын өз кілтімен ашу» де-
ген ұғым бар. Бұл – мәтіннен көп ауытқымай, түпнұсқа ырғағын 
бұзбай, сонымен қатар аударылып отырған тілдің бай қорын 
тиімді қолданып, кестелі сөзбен оқуға жеңіл де әсерлі дүние 
жасап шығуға саяды. Негізі, расында да, әрбір шығарманы сөз-
бе-сөз, дәлме-дәл аударуға тырысқан жөн шығар. Өйткені кез 
келген кітаптың өзіндік ырғағы, динамикасы, белгілі формасы 
болады, ол бұзылмауға тиісті; сол сияқты шығарманың көлемі 
де, шамамен, бірдей болуы шарт. 
«Волоколамское шоссе» романына алғысөз жазған әйгілі 
майдангер ақын Константин Симонов: «Бұл кітапты алғаш рет 
оқығанда мірдің оғындай дәлдігі мен керемет түсініктілігіне қай-
ран қалдым... Әсіре бояудан ада, айқын, нақты, көпсөзділігі жоқ 
еңбек. Мұнда артық ештеңе кездеспейді; тіпті ештеңені ойша 
да түзеткің келмейді. Бұл өз ісін жетік білетін шебердің батыл 
қолымен, алдындағы қиын міндеттен тайсалмайтын, дарынды, 
шыншыл суреткердің қолыммен жазылған нағыз соғыс-тын» 
депті.
«Волоколамск тас жолында» аудармашы да осы қағиданы 
мейлінше қатаң сақтауға тырысқанын аңғарамыз. Түпнұсқаның 


7
Ерліктің оқулығындай
әуезін, ырғағын ұстай отырып, ұлт оқырманына етене жақын дү-
ние ұсыну оңай іс емес. Өзге тілде жазылған мәтіннен шықпай, 
аудармаға қазақы бояу қосу бірқатар шеберлікті қажет ететіні 
түсінікті. Құлтөлеу, біздіңше, осы биік үдеден көрінді ме деп ой-
лаймыз. Мысалы, сөзіміз жалаң болмас үшін кейбір үзінділерге 
жүгінейік:
«Әне, бірінші рота қапталында қараторы Брудный тұр. Кезін-
де ол орын ширақ та, сәнқой Панюковтікі еді, кейін оны ақсары 
Дордия басқан. Енді олар қатарымызда жоқ. Донских, Севрю-
ков, Кубаренко да кеткен... Ара-арасынан оқ зуылдап, лапылдап 
жанған көпенелердің алау жалқыны құшағына қираған зеңбірек-
терімізді тастап, өз қолымызбен көмген бауырластар қабірі қа-
сынан біртіндеп ұзаған сәттің көрінісі естен кетер ме»... Немесе: 
«Жол ылдиға құлады. Қараңдаған үйлердің қасынан түсіп келе 
жатып, өзіміздің санитарлық арбамен кездесіп қалдым. Қы-
зараңдаған айдың күңгірт сәулесі арасынан құр сүлдері қалып 
арықтап, әбден титықтаған екі ат көрінді. Қиыршық тас қажап, 
табан темірі жылтыраған үлкен арба дөңгелектерін өрге қарай 
зорға сүйреп барады. Арба алдында әскери дәрігер Беленков 
ширақ басып келеді екен. Кеудесінде планшеті мен докторлық 
сөмкесінің қайыс бауларын айқастыра тағып алған. Мен Белен-
ковтың шалт жүрісіне таңданып, іштей сүйсініп қалдым»... Сон-
дай-ақ: «Жайылымның екінші шетінен Филимоновтың ротасы 
емпелеңдеп келе жатқанын байқадық. Бұлар да тәртіпті ұмытып, 
топырлап алыпты. Кейбір жауынгерлер командирлерінен де озып 
кеткен. Әне, жинақы, сидам денелі Филимонов солдаттарының 
арасында құлындай ойнап, лыпыл қағып жүр»... «Ақыры орманға 
да жеттік-ау. Ағаш арасында арып-талып, тізе бүккен жауынгер-
лер командасыз-ақ атып-атып тұрды. 
– Тынығыңдар. Отыра беріңдер, – дедім мен.
Әлдекім маған ағаш шөркесін ұсынды. Сылқ етіп отыра кет-
тім. Ағаштар діңгегінің арасынан жаңа ғана өзіміз жүріп өткен 
жон көрінеді. Жайдақ дала тағы да меңірейіп, қаңырап жатыр. 
Тек тықыр шөпті тырмалап, жел гулейді. Аспан жиегіндегі түй-
дек бұлттар саңылауынан күздегі ерте батқан күн шапағының 
күңгірт нұры қылаңытады. Синченко аттарды әкелді. Торытөбел 
менің қолыма қарай ұмсынады. 


Волоколамск тас жолы
8
– Синченко, бір түйір қант табыла ма? 
– Жоқ, жолдас комбат.
Мен Торытөбелдің жұмсақ ернінен аялай сипадым. 
Бізде нан да жоқ, Торытөбелім. Өзіміз де тамақсыз қалдық. 
Айпақшы, темекі бар ма, Синченко? 
Синченко бір қорап «Беломор» ұсынды. 
– Соңғысы, жолдас комбат»...
«– Азапты көріністер, – деп қайталады Момышұлы. – Шар-
шап-шалдығып, аштан-аш, жүдеп-жадап, орман ішімен жүріп 
келеміз. Қызыл Армия тастап кеткен Волоколамскіден біртіндеп 
үн-түнсіз ұзап барамыз. Орман жолы өте тар; зеңбірек доңға-
лақтары кейде қарағай қабығын сыдырып кетеді; қалың кенеп-
пен бүркеулі санитарлық арба жер бетіне шығып қалған дөңбек 
ағаш тамырларының үстінен теңселе өтеді; ара-арасында күрке 
астынан ыңырсыған үн естіліп қалады; арба соңынан да ілби 
шұбырған – жаралылар; іркес-тіркес ұзын колонна да осылар-
дың баяу қимылына қарайлауға мәжбүр. Оқта-текте батып бара 
жатқан күн шапағы көрінетін ашық жер, дөңгелек алаңқайлар 
ұшырасады. Әрі қарай тағы да – буалдыр түнек. Зәулім шыр-
шалардың арбиған ауыр бұтақтары әбден ескірген жол сілеміне 
жан-жақтан төніп алған. Сүрлеу ашық дала арқылы қиыршық 
тас төселген біршама кең жолға жалғасты. Оны ымырт жабыла 
қиып өттік те, орман жиегінен аса ұзамауға тырысып, шымдауыт 
алаңмен әрі қарай жөнедік». 
Аударманың өне бойында осы ырғақ сақталады; сондықтан 
болар, шығарма әу баста ана тілінде жазылғандай әсер туады. 
«Волоколамск тас жолында» кейбір нәзік қалтарыстар да сәтті 
ұсынылған: «Көзіміз түйісіп қалар ма екен деп, қиғаштап, Варяға 
қараймын. Жоқ, тіпті, ештеңені елең қылмай, алдыға қадалып 
алыпты. 
– Заовражина, сапқа тұр!
Егер әлдекім күндердің күнінде әйел адамның батальон са-
пына тұруын өзің өтінетін боласың деп сәуегейлік жасаса, күліп 
қоя салар едім. Ал енді істің қандай бағыт алғанын көрдіңіз бе! 
Тәрізі Исләмқұлов: «Отан соғысы көптеген ұстанымды өзгертіп 
жіберді. Бұрын қисынға келмейтіндей дүниелер бүгінде үйрен-
шікті жағдайға, кейде, тіпті, қажеттілікке айналды» деп дұрыс 


9
Ерліктің оқулығындай
айтқан секілді. Әнтек күлімсіреген Варяның томпақ ерні сәл 
ғана жымырылған, – бәлкім, бұл құбылысты мен ғана аңдаған 
болармын. Ол қолын шекесіне көтерді де, кең адымдап, өзінің 
өкіл әкесі – бурыл шашты, ақкөңіл фельдшер Киреевтің қасына 
барып тұрды»... 
Көркем аударма сәттілігінің бір сыры тәржіма авторының 
қолға алған тақырыппен етене таныстығында шығар. Сол секілді 
кейіпкерге деген ересен құрмет пен сүйіспеншілік те аз міндет 
атқармайды. Құлтөлеудің бауыржантану ісіне ертеден арала-
сып, қалам толғап жүретінін білетін едім. Мәселен, оның Бау-
кең өмірінің қалтарыс-қырларына қатысты «Шындықтың кермек 
дәмі» деп аталатын танымдық мақалалар топтамасы «Аты аңызға
айналған» жинағында («Тоғанай – Т.». Алматы. – 2010. 333-360 
б.б.), сондай-ақ «Ақ алмас» деген кесек суреттемелері «Бауыр-
жан Момышұлы» жинағында («Өнегелі өмір, – Алматы: Қазақ 
университеті. 2016. Ш.70.- 318-322 б.б.) жарияланды.
Түйіп айтар болсақ, «Волоколамск тас жолы» жаңа аудармасы 
арқылы ел руханиятына ерліктің, қаһармандықтың оқулығындай 
тағы бір тұщымды дүние қосылды дегіміз келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет