Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет73/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

5-кесте
Қалыптан ауытқудың түрлері және оның белгiлерi
Денедегі 
ауытқу
Психикалық 
ауытқу
Педагогикалық
ауытқу
Әлеуметтік 
ауытқу
- ауру
- көздің 
көрмеуі
- естімеу
- іс-
қимылдағы 
кемшіліктер
- психикалық 
дамудағы 
тежелу;
- ақыл-есінің 
кешеуілдеп 
қалуы;
- сөйлеудегі 
кемшілік;
- эмоциялық 
еріктік 
сферадағы 
кемшілік;
- дарындылық.
- жалпы 
білім алудағы 
ауытқулар;
- кәсіби білім 
алудағы 
ауытқулар.
- жетімдік;
- мінез-
құлықтағы 
ауытқу;
- алкоголизм;
- таксикамания;
- наркомания;
- қаңғыбастық,
тәртіп 
бұзушылық;
- қылмыс, т.б.
Кез келген ауытқуды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар 
аралас күйде кездеседі. Мысалы, әлеуметтену процесінің құрбаны 


200
болған балалар денсаулығын бұзып алады. Бұл – әлеуметтік ауытқу 
мен дене жағынан ауытқу бірге жүзеге асып жатыр деген сөз.
Әлеуметтік педагог қызметінде әлеуметтік қалып пен ауытқу 
шекарасын білу және айқындау өте маңызды. Қалыпты мінез 
бен әлеуметтік ауытқу орын алатын мінез-құлықты сипаттайтын: 
еріксіздік пен шектен тыс белсенділік, қорқыныш пен ызақорлық 
және т.б. қасиеттер осы екі ұғым арасын айқындайтын түсініктер бо-
лып табылады.
Сондықтан әлеуметтік педагог қызметінің бір қыры ауытқудың 
алдын алуға, қоғамда қабылданған мінез-құлық пен іс-әрекет 
қалыптары мен талаптарының бұзылуын болдырмауға бағытталса, 
екінші қыры, бойында ауытқудың белгілері байқалған балаларды
реабилитациялауға бағытталады. Бұл балаға қалай көмектесу керек, 
қоғамға қалай қосу қажет деген сауал төңірегінде атқарылатын өте 
маңызды да ауқымды жұмыс.
Тұжырым: 
1. Қоғамда орын алып отырған көптеген келеңсіз жағдайлар 
мен кездесетін қиыншылықтар адамның қалыпты өмір сүруі 
мен мінез-құлқының өзгеруіне алып келеді. Әлеуметтік педагог 
қызметінің қажеттілігі тұлғаны қалыпты өмір сүру дәстүріне 
қайта әкелу мен қоғам талаптарына бейімдеуден туындайды.
2. Педагогикалық процесс екіжақты сипатқа ие болғандықтан, 
тұлғаны әлеуметтендіру процесі тұлғаның өзі тарапынан 
белсенділіктің болуын қажет етеді.
3. Әлеуметтік педагогикалық процестегі қалып ұғымының өзі 
қоғамдық категория ретінде өзгеріп отырады.
4. Қалыптан ауытқудың бір түрінің орын алуы басқа түрлері-
нің де пайда болуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет