«Бәрі - анадан ізгі болып туғандар, Сүтпен
сіңіп жан-жүйесін қуғандар. Жақсыға ерсе жақсы бола бастайды,
Жаманға ерсе, жауыздықтан қашпайды»
(875-бәйт), – деп адам
баласының қалыптасуындағы оның арғы тегі мен өскен ортасының
рөлін ерекшелеп көрсетеді. Сондықтан девиантты мінез-құлыққа
баратындар сол әрекетке бейімі барлар дегенді айтады. Ал жаман
әдет бала болмысына сіңіп, қалыпты қағдайға айналып кетпеуі үшін
үнемі тәрбиелік бақылау жасау қажет.
Білімнің төмен деңгейі, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын,
психологтың талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен,
құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ал кейде, психикалық дамуы,
ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ, әртүрлі жүйке аурулары-
на шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін оқушыларды қиын балалар
қатарына жатқызуға болады. Жүйке аурулары отбасындағы және
басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін.
Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген
оқушы өзінің өмірде ешкімге қажетсіздігін сезінеді, соның салды-
рынан уайымға беріледі, иммунитеті төмендейді. Осындай мінез-
222
құлқында қиындығы бар оқушыларды ғалым А. С. Спиваковская екі
топқа бөліп қарастырады. Олар:
1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;
2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке
басын қалыптастыруда сыртқы кері фактолардың, әлеуметтік
жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі
дұрыс қалытаспаған оқушылар.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының
қиындығы, әсіресе, 6-8 сыныптардағы ұл балаларда кездеседі
екен. Мінез-құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген
зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілердің қатарын
жеткіншек жастағы сынып оқушылары толтырды. Қазіргі зерттеу-
лерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші себеп болған оқиға бала-
ны тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да,
ол қайғы баланы ашуланшақ етеді. Тәртіп бұзу содан кейін пай-
да болады. Мінез құлқында қиындығы бар оқушылардың дара
ерекшеліктерін жан-жақты қарастыра отырып, олармен жұмыс
жүргізудің жолдарын білуіміз керек. Осы тұста Н. Гаспарова мінез-
құлқында қиындығы бар оқушыларды мынадай топтарға бөледі:
1. Сезім әрекетіне бой алдырғыш, эмоционалды оқушы;
2. Агрессивті;
3. Қыңыр-қырсық;
3. Ұялшақ;
4. Тынымсыз белсенді бала.
И. И. Шурыгина, А. К. Матейчик отбасында балаға дұрыс тәрбие
бермеудің төрт түрін көрсеткен. Олар: қабылдамау, гиперсоциалды,
қорқақ-секемшіл, эгоорталықты. Осы түсініктерге сипаттама беріп
кетейік.
Қабылдамау.
Егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік болма-
са, бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті
болған кезден бастап, баланың дүниеге келуіне қарсы болғаннан
пайда болады. Қабылдамау орын алғандықтаан бала кез келген
нәрсеге ерекше тітіркенгіш болады.
Гиперсоциалды.
Мұндай ата-аналар «дұрыс» ата-аналар. Ата-
ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып,
ұйықтағысы келсе оны ұйықтатады. Мұндай ата-аналар мектепте
баласын мақтағанды ұнатады. Баласы туралы кемшіліктерін айтса,
намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциал-
ды бала робот-автомат сияқты өмір сүреді.
223
Қорқақ-секемшіл.
Бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың ба-
лалары шамалы ауырса, оны үйден шығармай, бүкіл отбасы болып
соның бетіне қарап, баланың ойын алдын ала ауруға дайындайды.
Баланы тым қадағалау нәтижесінен балада керісінше, тым қорқақ-
секемшіл мінез қалыптасады. Құрдастарымен ойнай алмайды,
өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |