221
бағыттағы мінез-құлық арқылы өз мінезін мойындатуға талпынады.
Осы әрекеті арқылы мақсатқа жете ме? Бірақ олар өздерін қандай да
бір дәрежеде жеттім деп санайды. Өйткені ішімдік ішкен жағдайда
жасаған әрекетін ол саналы түрде орындамағандықтан, ол өзін зар-
дап шегуші ретінде қабылдамайды, керісінше ол бұл қылығын
мақтаныш етуі мүмкін.
Девиантты мінез-құлық бастапқыда арнайы кері мақсатты
әрекеттерді көздемейді. Жеткіншек қоғам талаптарын орындауға
талпынады, бірақ қандай да бір себептерге байланысты оны орын-
дау мүмкін болмайды. Бұл жерде маңызды рөлді оның девиантты
мінез-құлықты құрдастары атқарады. Девиантты топ, егер бала кері
әрекеттер жасауға іштей дайын болса, девиантты әрекеттерді жасау-
ды жеңілдетеді; осындай әрекеттерге барғандығын қолдайды және
ол үшін мақтап, көтермелеп қояды; девиантты әрекеттерге тосқауыл
болуға мүмкіндік туғызатын жеке және әлеуметтік бақылаудың
тиімді механизмдерін төмендетеді. Мұндай жағдайда үнемі сырт-
тан жақсы әсерлер мен бақылау арқылы бала назарын үнемі өзіне
аударып отыратын құбылыстар қажет болады. Осы тұста ғұлама
Ж. Баласағұн баланың жүрген ортасының жеке басының қалып-
тасуына өте маңызды ықпалды әсерінің бар екендігін айта отырып,
бала өзінің табиғатына жақын тұстарын үйреніп алуға бейім болаты-
нын былай суреттеген:
Достарыңызбен бөлісу: