Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет77/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Гиперкинетикалық мінез-құлық.
Мұндай мінез-құлыққа өз 
дегеніне жете алмау, оқуда табандылық көрсетпегендікпен, бір 
тапсырманы аяқтамай жатып екінші тапсырмаға тез өту тән бола-
ды. Мұндай балалар санасыздық, импульсивтік, үнемі келеңсіз 
жағдайға түсіп қалу, қоғам нормасына қарсы келетін көзқарастарды 
айтатындығымен ерекшеленеді. Олар ересектермен қарым-қатынаста 
аралықты сезінбейді. Балалар оны ұнатпайды, олармен ойнаудан бас 
тартады. Кейде өзін-өзі бағалауы төмен болуы да мүмкін.
Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінез-құлықтың бұзылуы.
Бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез-құлық 
(қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуімен байланысты ерекшеленеді. 
Мұны тек үйде ата-анасымен қарым-қатынаста, туысқан бауырла-
рына көрсетеді. Соған қарамастан кей жағдайда үйдегі заттарды 
ұрлау, заттарды қирату, бұзу, яғни қатыгездік істеу, кейде үй өртеу 
әрекеттері де кездеседі.
Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы
– әлеуметтік қоғамда 
қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге 
түсетіндер. Олар өз құрбы-құрдастарымен жақсы қарым-қатынаста 
болмауымен, олардан шеттеліп қалуымен, құрдастарының онымен 
дос болудан бас тартуымен, беделінің болмауымен, сонымен қатар 
достарының болмауы немесе олармен тығыз қарым-қатынаста 
болмауымен сипатталады. Әдетте үлкендермен қарым-қатынаста 
оларға қарсы шығады, қатыгез, жақсы қарым-қатынаста өте сирек 
болғанымен, оларға сенбейді. Кейде көңіл күйінің бұзылуы қатар 
жүреді, әдетте бала мен жеткіншек жалғыз болады. Бұл мінез-
құлыққа бұзықтық, төбелесқұмарлық, өзгенің затын, ақшасын тар-
тып алу, қатыгездік зорлық-зомбылық көрсету, тыңдамау, дөрекілік 
тән.
Әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы.
Мұндай мінез-құлық
антиәлеуметтік тұрақтылық (ұрлау, өтірік айту, сабақ кезінде қыдыру, 
үйден кетіп қалу, дөрекілік) немесе агрессивті мінез-құлық қарым-
қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді. Олар жиі әлеуметтік 
нормаға қарсы топтар құрамында болады, бірақ кейде делинквентті 
емес топтар құрамында болады. Беделді ересектермен қарым-
қатынасы нашар. Аралас мінез-құлық көрсеткенімен, олардың 
басым көпшілігі ашу-ызақорлыққа түсуге бейім және депрессия 


213
белгілері жиі көрінеді. Кейде үнемі депрессияда болады, қатты уа-
йымда болу, қызығушылығының жоғалуы, ойыннан, тапсырмалар-
дан ләззат алмауы жиі байқалады. Сонымен қатар, қорқақтық, өзін-
өзі үнемі кіналау сезімі де байқалады.
Делинквентті мінез-құлық.
Бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға 
болмайтын бұзақылық. Оларға сабақ кезінде қыдыру, әлеуметтік нор-
маны бұзатын топтармен қарым-қатынаста болу, өзінен кішілерге, 
әлсіздерге күш көрсету, ақша тартып алу, велосипед, мотоциклдерді 
ұрлап айдап кету, үй заттарын ұрлау және т.б. жатады. Мұның себебі 
– тәрбиенің жетіспеушілігінде. Көптеген деликвентті балалардың 
отбасы толық емес отбасылары, мінез-құлқы күрделі бұзылған, 
акцентуанттар болып келеді. Ауруханадағы жеткіншектердің 
40%-ы психозсыз деликвентті балалар. Олардың жартысында 
психопатияның белгілері көрінеді. Жеткіншек алғаш рет үйден жаза-
лау қорқынышынан кетеді немесе жауап қайтару, өзін көрсету белгісі 
ретінде көрінеді. Мұның мақсаты ата-ананың қатал талабына қарсы 
шығу; жақын туыстарының жеткіншекке көңіл бөлмеуінен; жаза 
қорқынышынан; армандап, қиялдап кетуінен; ата-ана бақылауынан, 
тәрбие, ескертулерінен құтылу үшін; достарының нашар қарым-
қатынасының нәтижесінен; күрделі өзгеріске, жаңа өмірге ұмтылу 
мақсатында болады.
Ерте кезден ішімдік қолдану, наркомания.
Ішкілік наркоманияның 
басы болып саналады. Алкогольдік ішімдіктер мен наркомандардың 
жартысынан көбі жеткіншек жастан басталады. Делинквентті 
жеткіншектердің негізгі бөлігі ішімдік қолданғандар және нарко-
тикпен де байланысқандар. Ішкілікке салынудың түрткісі – белгілі 
топқа сіңісу, қызығушылық, ересек болуға ұмтылу немесе өзінің 
психологиялық күйін өзгерту мақсаты. Жеткіншек көңіл күйін 
көтеру, өзін сенімді, еркін сезіну үшін ішімдікті жиі қолдана бас-
тайды. Жеткіншектің бұл іс-әрекетін былайша түсіндіруге болады: 
аддиктивті мінез-құлықта алғашқыда психологиялық тәуелділік 
(беделін өсіру) болса, ал содан кейін физиологиялық тәуелділік 
(мұнда организм алкогольге үйренеді, онсыз тіршілік істей алмайды) 
болады. Психологиялық тәуелділік – топта пайда болуы (кез келген 
кездесулерде ішімдік қолдану) алкоголизмнің бастамасы болып та-
былады. Жеткіншектің ішімдік қолдануға себеп іздеуі немесе нар-
котик қолдануға, үнемі құрамында спирті бар сусынды іздеуі – ерте 
жастағы алкоголизмнің белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет