Алеуметтик педагогика indd


әлеуметтік-педагогикалық қызмет



Pdf көрінісі
бет84/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

әлеуметтік-педагогикалық қызмет
3.4.1 Девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін 
әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары
3.4.2 Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің 
концептуалдық келістері
3.4.3 Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізу-
дегі профилактикалық жұмыстар
3.4.4 Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізу-
дегі әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау


229
Девиантты мінез-құлықты балалар санының артуы қоғам алды-
на әлеуметтік педагогтар даярлау мен әлеуметтік қызмет сапасын 
арттыру мәселелерін қойды. Сондықтан бүгінгі қоғамда девиантты 
мінез-құлықты жеткіншектермен жұмыс істеудің профилактикалық 
(алдын алу) және реабилитациялық технологияларын кеңінен наси-
хаттау және жетілдіру – басты міндет.
Профилактика – жеткіншектердің мінез-құлқында әртүрлі 
әлеуметтік ауытқулардың сипаттарын қалыптастыратын себептер 
мен жағдайлардың алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, 
әлеуметтік-медициналық және тәрбиелік-ұйымдастырушылық 
шаралардың жиынтығы.
Әлеуметтік педагогикадағы девиантты мінез-құлықтың алдын 
алу жұмыстарында ең алдымен дер кезінде ұйымдастырылған шара-
лар мынадай бағытты ұстануы тиіс:
– әлеуметтік қауіпті топта деп табылған кәмелет жасына толмаған 
баланың дене, психологиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының 
алдын алу;
– баланың денсаулығы мен қалыпты өмір сүру деңгейін қолдау, 
қорғау және сақтау;
– баланың әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне 
және ішкі потенциалын ашуға көмектесу.
Әлеуметтік ауытқу әртүрлі себептер мен жағдайларға байланыс-
ты болғандықтан, профилактикалық шараларды бірнеше топқа 
бөлуге болады:
– бейтараптандырушылық;
– теңестірушілік;
– әлеуметтік ауытқушылыққа алып келетін жағдайлардың туын-
дауын ескертушілік;
– келеңсіз жағдайларды жоюшылық;
– профилактикалық жұмыстар мен оның нәтижелерін ба-
қылаушылық.
Профилактикалық шаралардың өтуі жоғары тиімділікті болуы 
үшін белгілі бір шарттарды ескеру маңызды. Ондай шарттарды 
ғалымдар мынадай құрамда көрсетеді:
– баланың әлеуметтік ортада, табиғатта өзін қолайсыз сезінуіне 
әсер етіп тұрған көздерді болдырмау. Сонымен қатар, өмірінде кез-
дескен кедергілер мен қиыншылықтарды өздігінен шешуге қажетті 
тәжірибені меңгеруіне жағдай туғызу;


230
– баланың алдына қойған мақсаты мен денсаулығын сақтауға 
бағытталған жоспарына қол жеткізу үшін көмегі тиетін жаңа 
дағдыларды үйренуге оқыту;
– әлі пайда болмаған мәселелердің шешімін табуға үйрету және 
олардың пайда болуының алдын алу.
Концептуалдық тұрғыдан профилактикалық технологиялар-
ды пайдаланғанда бұл мәселеге 
ақпараттық
тұрғыдан келу 
маңызды. Бұл жеткіншектер мінез-құлқындағы әлеуметтік қалыптан 
ауытқудың болуы кәмелетке толмаған жеткіншектің ол туралы 
білмейтіндігіне негізделеді. Сондықтан жұмыстың негізгі бағыты 
кәмелетке толмаған балаларды олардың құқықтары мен міндеттері 
туралы, әртүрлі жас ерекшеліктеріндегі топтар үшін қоғам мен мем-
лекет тарапынан анықталған әлеуметтік қалыптың орындалу қажет 
етілетін талаптары туралы ақпараттандырудан тұруы тиіс. Мұндай 
іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы іске 
асыруға болады.
Әлеуметтік-профилактикалық
тұрғыдан келудің негізгі 
мақсаты әртүрлі негативті құбылыстарды қалыптастыратын себеп-
тер мен жағдайларды айқындау, кейіннен жоюды қарастырады. Бұл 
келістің мәні девиантты мінез-құлықтың себептерін жою мен азайту 
үшін мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер 
тарапынан және әлеуметтік педагог тарапынан ұйымдастырылатын 
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ұйымдастырушылық, 
құқықтық және тәрбиелік шаралардың жүйесінде болып отыр. 
Егер осы бағыттағы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмесе, 
онда жеткіншектер арасында нашақорлықпен айналысу әркімнің 
өз шаруасы, ал наркотикті таратқандар ғана жазаға тартылады 
деп ойлауы әбден мүмкін болады. Сондықтан жаза олардың наша 
қолданғаны үшін де қолданылатынын насихаттау және жаман 
қасиеттер мен әдеттерден бойын аулақ салу туралы көптеп насихат 
жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алудың маңызды бағытының 
бірі ақпараттық және әлеуметтік-профилактикалық келістермен 
қатар қолданылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет