Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет48/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы.
Бұл бірінші


130
неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. 
Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды 
қамтиды. Мұндай отбасыларын Ресей ғалымдары үш түрге бөледі 
(Ф. А. Мустаева):
1. Балалы әйелдің баласыз еркекке тұрмысқа шығуы;
2. Балалы еркектің баласыз әйелге үйленуі;
3. Балалы еркек пен балалы әйелдің ортақ отбасылық тұрмыс 
құруы.
Мұндай отбасы типтері қазақстандық отбасылары арасында да 
жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар мен олардың 
бұрынғы жұбайлары және балалары арысындағы байланыс немесе 
таныстық бәрібір орын алады. Аралас отбасы ондағы әрбір адамның 
қажеттілігі мен маңыздылығы болғанда ғана дұрыс дами алады. 
Сондықтан болар орыс ұлтында ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар 
отбасында бұрынғы күйеуі балаларымен еркін араласып, қарым-
қатынас орната алады. Әйтсе де, қазақ отбасыларында бұл жағдай 
біршама қиындық туғызады. Сондықтан бұл тек ажырасқан әйел 
қайта тұрмысқа шықпаған жағдайда ғана балаларын әкелерімен 
қарым-қатынас орнатып тұруға рұқсат етеді. Ал оның орнын ба-
сып отырған әке болғанда мұндай қатынастың орнауы тым қиын 
немесе бірлі-жарым жағдайда болмаса көпшілік жағдайда мүмкін 
емес. Әйтсе де, балалары тарапынан әкесін немесе шешесін көргісі 
келетіндер жиі кездеседі. Көп жағдайда олар ересек болғанда ата-
аналарын тауып жатады. 
Некесіз отбасы. 
Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде 
рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған 
ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ 
уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп 
жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды не-
кеге тұру қажеттілігі орын алады. Бұл да қазақ халқына тән емес, 
жат нәрсе. Әйтсе де тұрмыста қазақ жастары арасында кездесіп 
тұратын жағдай.
Толық емес отбасы.
Бұл көбінде ажырасудан кейнгі отбасылары 
немесе ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты 
пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап 
алуынан пайда болған отбасылары болып табылады. Қазақстан 
жағдайында бүнгі күні мұндай отбасыларының саны да артып отыр. 
«Аналық» отбасы.
Бұл толық емес отбасыларының бір түрі десек 
те болады. Ата-анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен


131
бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады. Отба-
сы психологиясына ықпал ететін негізгі фактор екінші ата-анасының 
болуы және оларға деген қатынасы, әйелдің ата-аналарының балаға 
деген қатынасы болып табылады.
Мұндай отбасыларының қоршаған әлеуметтік ортадағы қарым-
қатынасының сипаты олардың өмірлік қызығушылығының аумағын 
айқындайды. Әйелдің ата-аналарымен, туған-туыстарымен бірге 
тұруы, олардың әйелге және оның баласына деген көзқарастары 
мен қарым-қатынастары, өзара көмек пен қамқорлық көрсетуі 
отбасыішілік қарым-қатынастың белгілі бір деңгейде дамуы-
на жағдай туғызады. Ата-аналарының жанында болмауы неме-
се олармен тұрақты байланысының болуы басқа да факторлар 
секілді отбасының өмірлік қызығушылығын арттыра түседі, яғни 
бала тәрбиесі мен отбасының бюджеті туралы қомқорлық бірінші 
орындағы мәселеге айналады. Мұндай жағдайда отбасының қарым-
қатынас жасау ортасы ескі таныстарымен шектеледі. 
Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отба-
сы. 
Ажырасудан кейінгі отбасы көп уақытқа дейін осындай көңіл-
күйді басынан кешіреді. Ажырасқан отбасыларының үштен бір 
бөлігі ғана қайта толық отбасы жағдайына ие болады. Отбасындағы 
ажырасу мен сәтсіздік отбасындағы бала психикасына елеулі 
ықпал жасайды, соның салдарынан көп жағдайда анасы мен бала-
лары арасындағы қарым-қатынас бұзылады. Ал мектепте мұндай 
отбасыларының балаларының сабақ үлгерімі толық отбасыла-
рынан шыққан балаларға қарағанда төмендейді. Олар салыстыр-
малы түрде аз оқиды, уақытының көп бөлігін үйден тыс жерде өз 
бетінше өмір сүру әрекетімен өткізеді. Оларда адамды түсінушілік, 
тілалғыштық, эмоционалдылық, тез ержетушілік қасиеттер тән бо-
лады. Әйтсе де, 50% тәртіпбұзушылар толық емес отбасыларындағы 
балалар болып табылады. Сонымен қатар, ата-аналарының ажыра-
суы балалардың болашақ отбасылық өміріндегі ата-аналық дамуы-
на да ықпал ететіндігін ұмытпауымыз қажет. Өйткені толық емес 
отбасында өскен бала ата-аналары қарым-қатынасындағы теріс 
қасиеттерін тез есте сақтап, меңгереді, соның салдарынан өскенде өз 
отбасын ұйымдастыруда қолайлы жағдай туғыза алмайтын болады. 
Сондықтан ел арасында бала ата-анасының тағдырын қайталайды 
деген сенім қалыптасқан. 
Мұндай типті отбасыларына отбасыішілік мәселелерге 
қызығушылық аса үлкен болады және әкенің орны білініп


132
тұрғандықтан, оған деген қажеттілік те сезіліп тұрады. Отбасындағы 
шаруашылық-тұрмыстық белсенділік пен тәрбиелік қызмет
жалғасын таппағандықтан, ата-ананың бірі ол қызметті өз міндетіне 
алады. Кейде ол өз маңызын жойып та жібереді, сондықтан көптеген 
отбасыларында ол жаңа әлеуметтік орта құру мақсатымен жүзеге 
асырылады. Өмірлік мақсаты алдағы уақытта қайта некеге тұру 
арқылы отбасын құру мен оны іске асыру шараларымен байланысты 
анықталады. Ажырасқан адамдардың жаңа өміріне бейімделу бары-
сында қалыптасқан көңіл-күйлері мен психикалық жағдайы баланың 
ата-анасы мен отбасындағы қарым-қатынасқа, отбасындағы өмір 
сүру дәстүріне ерекше әсер етеді. 
Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық 
емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орын-
дайтын болады. Кез келген мұндай отбасы жесірлік өмірінің кез кел-
ген сатысында дәстүрлі отбасыларына қарағанда отбасы қызметінің 
барлық түрлері бойынша едәуір психологиялық және әлеуметтік, 
материалдық қиындықты басынан кешіреді. Серігінен айрылған 
жесірдің өмірге деген қызығушылығының төмендеуі отбасындағы 
балалардың өмір сүру дәстүріне және қоғамға еніп, әлеуметтенуіне 
өзіндік әсерін тигізеді. Қарым-қатынас ортасы біртіндеп ата-
анасының ортасына байланысты шектеле бастайды, оның құрамы 
тәрбиеге қатысты, тұрмыстық үй мәселесіне, отбасы шаруашылығын 
қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты айқындалады. Мұндай 
отбасыларындағы бұрынғы тұрмыстық көңіл күй мен белсенді 
әрекет түрлерін қалпына келтіру оңайға соқпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет