Тениоз – мидың, көздің және басқа да ағзалардың ауыр органикалық бұзылуы мүмкін орталық нерв жүйесінің диспептикалық бұзылулары және функционалдық бұзылулары пайда болатын биогельминтоз. Шошқа немесе қаруланған цепень (лат. Taenia solium)- тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек формасы аш ішекте, ал финналары негізінен, бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида да кездеседі.
Ересек формаларының ұзындығы 2-3мм. Басы (сколекс) өте кішкентай (2-3мм), онда көптеген қармақшалар және 4 сорғыштары орналасқан. Гермафродитбуылтықтары квадрат тәрізді болады. Жатыр буылтықтың ортасына орналасып 2 үлкен және бір кішкентай бөлімдерге бөлінген. Көптеген аталық бездері проглаттиданың бүйір бөлімінде орналасқан. Жетілген буылтықтарда жатыр 7-12 тармақтарға тармақталған.
Шошқа цепені
Тіршілік циклы
Түпкілікті қожайыны адам, ал аралық қожайындары адам және шошқа. Ауру адам фекалиясымен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі керек. Әдетте, шошқалар лас, қоқыс, жерлерде жайылып фекалиялармен бірге паразит жұмыртқаларын жа жұтады. Қарында олардан 6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Онкосфера қармақшалары арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп қан тамырларға енеді де, қанмен бүкіл денеге таралады, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне. Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады. Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады. Финналар түпкілікті қожайыны адам ішегінде ересек формаға айналады. Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады.