«Имек байғу» немесе «қимақ ябғу»: бірнеше тайпа көсемдерінің атағы.
Қимақтарда жеке тайпа көсемінің атағы:«Шад-түтік».
Қимақтарда қағанның жанындағы он бір іс басқарушының үлестік биліктері, жерлері: мұрагерлік жолымен берілді.
Қимақ қағанатының саяси өмірінде беделі күшті болған топ: әскери қызметкерлер.
v Оларға көрсеткен қызметтері үшін үлестік жерлер берілді.
Махмұд Қашғаридің малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарға берген атауы: «жатақтар».
Ø Қағанаттың саяси жағдайы
Қимақтар «тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін қол астына қаратты: ІХ ғасырда.
Х ғасырдың басында қимақтар басып алған тоғыз-ғұздардың Шығыс Түркістандағы шекаралық қаласы: Жамлекес.
Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет: Қарахан мемлекеті.
ХІ ғасырда қарахандықтардың жорықтары жиілей түсті. Осындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастайды.
Қимақ қағанатының құлауының себебі:
1) Атақты қыпшақ тайпа көсемдерінің билік үшін таласуы.
2) Сыртқы қайшылық. Шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпаларының әсері.
Қимақ қағанаты ыдырады: Қимақтарда_басым_болған_шаруашылық:_мал_шаруашылығы_.___Гардизи'>ХІ ғасырдың басында.
Ø Шаруашылығы. Мәдениеті
Қимақтарда басым болған шаруашылық: мал шаруашылығы.
? Гардизи: «шаруалар өз мырзаларының малын бақты, ...қысқа арнап олар (қимақтар) өздерінің шама-шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады» деп жазады.
Темір қорытудың нағыз мамандары, садақтың жебесін жасаудың хас шеберлері болған: Қимақтар.
v Ат әбзелдерін жасауда оларға ешкім жетпеген.
R Қимақтардың басқа елдермен саудасында ең басты рөл атқарған: Бағалы аң терілері.
Қимақ тайпасы басқа түркі тілдес тайпалар сияқты сыйынған:ата-баба аруағына, Тәңірге.
Х ғасырда қимақ шонжарлары қабылдай бастаған дін: Ислам.
Қимақтардың қолданған жазуы: Ежелгі түрік жазуы.
v Жазба деректердегі мағлұматтарда (Әбу Дулаф) қимақтар қамыс қаламменжазған.
ІХ-Х ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғандығын дәлелдейтін айғақ: қола айналардағы жазулар.
F ІХ–ХІ ғасырлардағы қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, қалыптасқан, алғашқы патриархалдық–феодалдық мемлекет болған.
Достарыңызбен бөлісу: |